№
|
Бағалау критерийлері
|
1,0
|
0,5
|
0
|
1
|
-25*С- тан төмен емес босану бөлмесінде бала жылы жөргекке қабылданып алынып, үсті басып құрғатып, жөргекті бөгде жылы жөргекке ауыстырды, ана мен бала ажыратылды / кіндік сақинасынан 10 см жоғарыдан/.
|
|
|
|
2
|
Содан кейін жылу тізбегі жалғасын тауып баланың аяқтарына жылы носки және басына жылы шапкі кигізді, баланы анасына көрсетіп, «теріні-теріге» баланы анасының үстіне жатқызып, үстіне жылы жөргек-одеало жапты.
|
|
|
|
3
|
Дүниеге келгеннен кейінгі 10-15 минут ішінде баланың емшек қабылдауға дайындық белгісін бақылап, оны алғаш емшекке салды / бала аузын ашып, емшекке қарай жорғалап, талпынады.
|
|
|
|
4
|
-Баланың емшекті дұрыс алуына көмектесті. Бала дүниеге келгеннен кейін 30 минуттан соң және 2 сағаттан кейін оның дене қызуын электронды термометрмен өлшеп, тіркеді.
|
|
|
|
5
|
1 сағат өтіп, анасы баласының көзін көргеннен соң, баланың көзіне тетрациклин көз майын салып, гонобленореяның профилактикасын жүргізді / шыны таяқшаға күріш көлеміндей етіп сығып алып екі көзіне екі бөлек және қыз бала болса жыныс мүшесіне- сыртқы жыныс ернеулерін ашып салды да жайлап, сыртынан біркелкі сипады да, осы процедура 2 сағаттан соң қайталап жүргізді.
|
|
|
|
6
|
Баланың кіндік сақинасынан 0,3 см жоғары пластик қысқыш салып, бекітті, зарарсыздандырылған қайшымен қысқыштан 0,3-0,5см жоғары жерден кіндік бауы, баланың кіндігі кесілді.
|
|
|
|
7
|
Қан айналымға нұқсан келтіретін баланы тығыз құндақтауға кеңес берілмейтінін айтты.
|
|
|
|
8
|
Балаға салмақ өлшеу және де басқа өлшемдер жүргізу «жылу тізбегі» ережесіне сәйкес 2 сағат өткеннен кейін ғана жүргізілетінін айтты.
|
|
|
|
9
|
Нәрестені шомылдыруға көрсетілім болғанның өзінде оны 6 сағат өткенен кейін ғана іске асырылатынын айтты. /бала денесі нәжіспен ластанғанткезде/.
|
|
|
|
10
|
Бала дүниеге келгеннен 2 сағаттан кейін неонатолог көретінін айтты. Содан соң балаға таза киімдер кигізіледі да, егер барлық көрсеткіштері қалыпты болса, ана мен бала босанғаннан соң күтілетін бөлім палатасына аударылатынын айтты.
|
|
|
|