30
"Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер
тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші
кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала
Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан
кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша
оқытатын Мұқан
мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен
қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім
ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек
айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз
шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.
Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы
Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып,
білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап,
білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып,
ауылда
қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының
ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене
толқиды.
Бұл кезең патша өкіметінің отаршылдықты қазақ даласында күрт күшейтіп,
қалың елге тізесін қатты батырып тұрған шағы болатын. Бұл жағдай сол кездегі
қазақтың көзі ашық, оқыған, зиялы азаматтарына қозғау салды. Наразылық
туды. Күресудің жолдары қарастырылып жатты. Оның негізгі жолы ретінде
оқуға, білім алуға ұмтылыс күшейді. Бірте-бірте халық
саяси құбылысқа
айналып, ел ішінде отаршыл саясатқа қарсы ұлт-азаттық идеялары туындады.
Патшалық Ресей де бірінші буржуазиялық-демократиялық дүмпудің
қарсаңында болатын.
Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды.
Халық ісіне бар болмысымен бүтіндей беріліп, «Қалғанша жарты жаңқам мен
сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!» деп бар даусымен жар салады.
Өз бетінше талпынып, білім жинап, орыс тілін жетік меңгерген Міржақып
орыстың озық ойлы азаматтарының еңбектерімен танысуы арқасында
замана
тозаңын суырып, дүниені дүр сілкіндірер дауылды күндердің тақап келе
жатқанын өзгелерден бұрын сезеді.
Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына
келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсынұлымен кездеседі.
Бұдан кейінгі уақытта біpi — ұстаз, бipi — ізбасары ретінде жұптарын
жазбайды. 1905 жылы Міржақып Ахмет Байтұрсынұлымен танысады. 1906
жылы Дулатов Конституциялық демократтар партиясы делегеттары қатарында
Санкт-Петербургке барады. Түрлі сипатты жиындар мен саяси күштер
ұйымдастырған көше шерулеріне, еруілдерге қатысады. 1907 жылы Санкт-
Петербургте жалғыз ғана нөмірі шыққан «Серке» газетінде М. Дулатовтың
«Жастарға» деген өлеңі басылды. Тұңғыш өлеңдер жинағы 1909 жылы Қазан
қаласындағы «Шарқ» баспасынан «Оян, қазақ!» деген атпен басылып шығады.
Қазақ оқырмандары үшін бұл кітаптың әсері үлкен болды. Ресей әкімдері
тарапынан бұл кітапты оқуға тыйым салынып, қолға түскен даналары
тәркіленді. Қазақ басылымдарына, «Айқап» журналына үзбей мақала жазып
31
тұрады. Әр өлкедегі ел тұрмысын өз көзімен көру ниетімен қазақ ауылдарын
аралап, Қызылжардан Семей облысына қарай саяхатқа
шыққан Дулатовты
полиция тыңшыларының аңдуымен 1911 жылы маусым айының 7-сі күні
Семей қаласында тұтқындалып, 19 ай қамауда отырады.
1913-18 жылдары «Қазақ» газетінің бас редакторы Байтұрсынұлының
орынбасары, жауапты хатшы қызметінде болды.
1917 жылы 25 ақпанында Ә. Бөкейханның ұсыныуымен Торғай
губернаторы М. Эверсман Дулатовқа және дәрігер Ә. Алдияровқа арнайы
куәлік беріп, оларды Минск маңы мен Баранович қаласында тыл
жұмыстарында жүрген қазақтарға
қолдау көрсетіп, жетекшілік етуге жібереді.
Минскіде Бөкейхан ұйымдастырған «Еркін Дала» (1917) атты саяси үйірменің
ісін жандандырып, қазақ жастарының саяси көзқарасын қалыптастыруға ықпал
етті. Семей қаласында қазақ тарихындағы ең алғашқы «Жанар» жәрдем қорын
ұйымдастырды.
М. Дулатұлы алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі ретінде 1917 жылы
Орынборда өткен 1-және 2-жалпықазақ съезіне белсене қатысып, «Алаш»
партиясының бағдарламасын жазған.
1918-20 жылдары Ташкент қаласында Түркістан Республикасының «Ақ
жол» газетінде қызмет атқарды.
1922 жылы алаш қозғалысына қатысқаны үшін қамауға алынып,
Орынборға жөнелтіледі. 1922 жылы 9 наурызда
Семей қаласында қазақ
зиялылары бас қосып, ашыққан елді аман сақтап қалу үшін сенімді
азаматтарды елге шығарып, шаруасы күйлі азаматтардан жылу ретінде мал
жию керек деген байламға тоқтайды. Осы іске басшылық жасаған М. Дулатов
пен Ж. Аймауытов екі-үш айда 15 мың бас ірі қара жиып, ашыққан ауылдарға
жібереді.
1922-26 жылдары Орынбор, Қызылжар, Семей қалаларында әртүрлі
қызметтер істеді. 1928 жылы желтоқсанда қамауға алынып, 1930 жылы ату
жазасына кесілді, кейін оны он жыл абақтыға ауыстырды. Беломор-Балтық
каналының құрылысы бойында Сосновск стансасындағы лагерьде «жазасын»
өтейді.
1935 жылы 5 қазан күні осы лагерьдің лазаретінде ауыр науқастан
қайтыс болды. Сүйегі 1992 жылы 1-18 қыркүйек аралығында
Торғай өңіріндегі
өз есімімен аталатын ауыл бейітіне әкелініп, қайта жерленді. Ресей
империясының отарлық саясаты, атақонысы мен мал-мүлкінен, дәулетінен
айырыла бастаған халқының мұң-зары, ауыр тұрмысы М. Дулатовты саяси
күрес жолына шығарды. Ол «Қазақ» газеті бетінде саяси-әлеуметтік
мәселелерді көтеріп, отарлық езгі тепкісіндегі қазақ елі туралы тынбай жазып,
зорлыққа қарсы тұруға, күресуге үндеді.
Достарыңызбен бөлісу: