Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары



Дата30.06.2016
өлшемі135.13 Kb.
#167938
Қазақстан Республикасы 

Үкiметiнiң

2012 жылғы « »

№ қаулысымен

бекiтiлген

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы

трансферттердi пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
      1. Осы Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) мал шаруашылығындағы асылдандыру iсi бойынша республикалық малды асылдандыру орталығының (бұдан әрi – республикалық малды асылдандыру орталығы), қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытының, еттi құс шаруашылығы бойынша асылдандыру шаруашылығының, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң (бұдан әрi – тауар өндiрушiлер) ағымдағы нысаналы трансферттердi (бұдан әрi – бюджеттiк субсидиялар) асыл тұқымды жануарлардың үлес салмағын, етті ірі қара малдың тектік қорын қалпына келтіру және көбейту, сондай-ақ тауар өндiрушiлердегi ауыл шаруашылығы жануарлары сапасының өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында 2012 жылға арналған республикалық бюджете 083 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен және шегiнде пайдалану тәртiбiн айқындайды.

2. Бюджеттiк субсидиялар:

1) тауар өндiрушiлер отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан және (немесе) асыл тұқымды мал шаруашылықтарынан сатып алған отандық тұқымдардың асыл тұқымды төлiнiң құнын iшiнара (50 %-ға дейiн) арзандатуға;

2) тауар өндiрушiлер сатып алған, оның iшiнде лизинг шарты негiзiнде сатып алған асыл тұқымды ірі қара мал төлiнiң құнын iшiнара (50 %-ға дейiн) арзандатуға;

3) тауар өндiрушiлер ағымдағы жылы және (немесе) өткен жылдың төртінші тоқсанында сатып алған, оның iшiнде лизинг шарты негiзiнде сатып алған шет елден әкелінген асыл тұқымды ірі қара мал төлінің (бұдан әрi – шет елден әкелінген асыл тұқымды төл) құнын iшiнара (50 %-ға дейiн) арзандатуға;

4) дара кәсіпкерлерге және/немесе заңды тұлғаларға жеке қосалқы шаруашылықтардағы аналық ірі қара мал басын шағылыстыруға пайдаланатын асыл тұқымды етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға (бұдан әрі - тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу) жұмсалатын шығындардың құнын iшiнара (50 %-ға дейiн) арзандатуға;

5) етті бағыттағы аналық ірі қара мал басының (сиырлар және құнажындар) сапалық құрамын жақсартумен айналысатын тауар өндiрушiлерге селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізумен (ұйымдастырумен) байланысты шығындарының құнын iшiнара (50 %-ға дейiн) арзандатуға;

6) отандық құс фабрикалары отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан сатып алған асыл тұқымды тәулiктiк балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқаның (бұдан әрi – құс шаруашылығы өнімдері) құнын iшiнара (50 %-ға дейiн) арзандатуға;

7) республикалық малды асылдандыру орталығы сатып алатын арнайы технологиялық, зертханалық жабдықтардың құнын толық өтеуге;

8) асыл тұқымды бұқаларды, шетелдiк селекцияның ұрығын сатып алу, сондай-ақ асыл тұқымды бұқаларды күтiп-бағу, ұрығын алу, сақтау, ұрпағының сапасы бойынша бағалау (бұдан әрi – бағалау) үшiн олардың ұрығын пайдалану және эмбриондар алу, сақтау, пайдалану бойынша республикалық малды асылдандыру орталығының шығындарын толық өтеуге;

9) еттi құс шаруашылығы бойынша асылдандыру шаруашылығында асыл тұқымды құс сатып алу жөнiндегi шығындарды толық өтеуге;

10) асыл тұқымды жылқыларды көбейту, күтiп-бағу және тренингі, қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытында асыл тұқымды айғырлардың ұрығын алу және сақтау жөнiндегi шығындарды толық өтеуге арналады.

3. Тауар өндiрушiлер субсидиялау бағдарламасына қатысу үшiн осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өлшемдерге сәйкес келуi тиiс.

4. Сатып алынған асыл тұқымды төлдің, құс шаруашылығы өнімдерінің әрбiр түрiне, 1 бас тұқымдық бұқаны күтіп-бағуға, сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге жұмсалатын бюджеттiк субсидиялардың нормативi осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгiленедi.

5. Тауар өндiрушiлерге еттi бағыттағы құс шаруашылығы бойынша асылдандыру шаруашылығының балапандарды, сондай-ақ республикалық малды асылдандыру орталығының асыл тұқымды бұқалар ұрығын өткізу бағасы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгiленедi.

6. Субсидиялауға мыналар жатпайды:

1) тауар өндiрушiлер сатып алған асыл тұқымды төл, құс шаруашылығы өнімі, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшада белгiленген өлшемдерге сәйкес келмейтiн тауар өндірушілерде селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу, тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу бойынша шығындар;

2) тауар өндiрушiлер өзара есеп айырысу есебiне, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалардан айырбас бойынша сатып алған асыл тұқымды төл, құс шаруашылығы өнімі;

3) индекстік жүйе бойынша бағаланбаған және таза тұқымдық өсіруге немесе туыстас топтарды шағылыстыруға арналмаған, шетелден әкелінген ірі қара малдың асыл тұқымды төлі (қашар және құнажын) ұрпағының сапасы бойынша бағаланбаған және тұқымдық және өз төлінен өсіру мақсатында емес сатып алынған бұқалар;

4) өнеркәсiптiк шағылыстыруға арналған шет елден әкелінген және отандық асыл тұқымды малдан алынған қашарлар;

5) бұрын тауар өндiрушiлер және лизингтiк ұйымдар (бұдан әрi - лизинг берушiлер) арзандатқан және сатқан асыл тұқымды төл.

7. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік қолдау бағыттары бойынша өңірлерге бөлінген қаражат шегінде бюджеттік субсидия көлемі ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен айқындалады.

8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің (бұдан әрi – Министрлiк) жазбаша келісімі бойынша облыс әкiмiнiң шешiмiмен мынадай нысандар бекiтiледi:

1) шетелден әкелінген асыл тұқымды төлді, сондай-ақ лизинг шарты негізінде сатып алынған асыл тұқымды ірі қара малдың төлін қоспағанда, асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатып алу-сату шарты;

2) сатып алынған асыл тұқымды өнiмге (материалға), тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға, сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге субсидия алуға өтiнiм;

3) ауылдық округтегі тұқымдық бұқаға деген қажетілік бойынша өтінім;

4) асыл тұқымды өнiм сатып алғаны, тұқымдық бұқалар саны, сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу және аудан бойынша тиесiлi субсидия сомасы туралы жиынтық акт;

5) асыл тұқымды өнiм сатып алғаны, асыл тұқымды тұқымдық бұқалар саны туралы, сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу және облыс бойынша тиесiлi субсидия сомасы туралы жиынтық акт;

6) облыс бойынша бюджет қаражатын игеру жөнiндегi есеп (ақпарат);

7) облыс бойынша асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатып алу, сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу көлемi жөнiндегi бір тоқсандағы есеп (ақпарат);

8) тұқымдық бұқаларды бекіту және пайдалану бойынша елді мекен тұрғындары – мал иелері жиналысының шешімі;

9) сатып алынған ірі қара малдың асыл тұқымды төлін пайдалану бойынша міндеттеме.

9. Министрлiк бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi ретiнде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына және облыс әкiмi мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi арасында қол қойылған ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмге сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi облыстық бюджеттерге аударады.

Бөлiнген қаражат толығымен игерілмеген жағдайда Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен бюджеттiк бағдарламаны iске асыруға 2012 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде облыстар бойынша бюджеттiк субсидияларды төлеуге арналған қаражатты қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзедi.

10. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрi – басқарма) ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күніне дейiнгi мерзiмде, бiрақ 2012 жылғы 30 желтоқсаннан кешiктiрмей Министрлiкке төленген бюджеттiк субсидиялардың көлемi, құны және тиiмдiлiгi туралы есеп бередi.

11. Осы Қағидаларда көзделген тауар өндірушілердің міндеттемелері екі данада толтырлады және бір данадан тиісті бөлімде және Министрлік ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесінде тауар өндірушілер оны берген сәттен бастап кемінде бес жыл сақталуға жатады.

Тауар өндірушілердің ұсынылған міндеттемлерді сақтамауы тиісті ауданның ауыл шаруашылығы бөлiмінің (бұдан әрi – бөлiм) төленген субсидияларды заңнамада белгіленген тәртіппен өндіріп алуына негіз болып табылады.

2. Тауар өндiрушiлердің шығындарын iшiнара арзандатуды

(құнын өтеуді) көздейтін субсидияларға арналған ағымдағы

нысаналы трансферттердi пайдалану тәртiбi
2.1. Тауар өндірушілердің субсидия алуға арналған өтінімдерін

қарау тәртібі
12. Осы Қағидалар ресми жарияланғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде бөлім аудан әкімдігінің интернет-ресурсына субсидиялауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыру орналастырады.

Субсидиялау бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын болып белгіленеді.

13. Тауар өндiрушiлер бөлiмге отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан және (немесе) асыл тұқымды шаруашылықтардан не асыл тұқымды ірі қара мал өсіретін тауар өндірушілерден асыл тұқымды төл, шет елден әкелінген асыл тұқымды төл, отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан құс шаруашылығы өнімдерін, сондай-ақ тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу бойынша шығындардың нақты және (немесе) жоспарланған көлемiне өтiнiмдер ұсынады.

14. Бөлiм өтiнiмдердi алған сәттен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде тауар өндiрушiлердiң осы Қағидаларда белгiленген өлшемдерге сәйкестiгiн тексередi.

Ұсынылған өтінімдердің осы Қағидаларда белгіленген өлшемдерге сәйкес келмеуі және (немесе) бюджеттік субсидиялардың бөлінбеген қалдығының болмауы өтінімдерді белгіленген мерзімнен кеш ұсыну субсидиялау бағдарламасына қатыстырудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады. Осындай жағдайларда бөлім бас тарту себептерін көрсете отырып, өтінімдерді үш жұмыс күні ішінде тауар өндірушілерге кері қайтарады. Тауар өндірушілер өтінімді қайта енгізуге құқылы, бірақ хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірмейді.

Бөлiм өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған сәттен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде аудан бойынша субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттік субсидиялар алушылардың жиынтық тізімін жасайды және оны тиісті аудан әкімі бекітеді.

15. Бекітілген тізімді бөлiм тауар өндiрушiлердiң өтiнiмдерiмен бiрге облыс әкiмiнiң шешiмiмен құрылған, облыс әкiмiнiң ауыл шаруашылығы мәселелерi бойынша орынбасары төрағалық ететiн облыстық комиссияның (бұдан әрi – комиссия) қарауына жiбереді.

Комиссияның құрамына басқарманың, Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетi аумақтық инспекциясының мамандары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері кiредi.

16. Комиссия:

1) үш жұмыс күнi iшiнде бөлiмдер ұсынған өтiнiмдердi осы Қағидаларда белгiленген талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан қарайды;

2) өтiнiмдердi қарау нәтижелерi бойынша бюджеттiк субсидиялар, субсидияланатын асыл тұқымды өнiм сатып алуға, тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүзеге асыруға жылдық квоталар алуға тауар өндiрушiлердiң жиынтық тiзiмiн, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетiлген нормативтер негiзiнде бюджеттiк субсидиялар көлемiн облыс әкiмiне бекiтуге ұсынады.

17. Тауар өндiрушiлер өтiнiм білдірген бюджеттік субсидиялардың талап етілетін көлемі бюджеттiк субсидиялар көлемiнен асып түскен жағдайда, комиссия тауар өндiрушiлердiң етті бағыттағы iрi қара малдың асыл тұқымды төлiн сатып алуға берген өтiнiмдерiн басым тәртiппен қанағаттандырады, қаражат қалдығы берілген өтінімдерге сәйкес пропорционалды түрде бөлінеді.

Бюджеттік субсидиялар көлемі тауар өндірушілер өтінім білдірген бюджеттік субсидиялардың талап етілетін көлемінен асып түскен жағдайда, басқарма бос қаражаттың бар екендігі туралы ақпаратты бөлімдерге жеткізеді. Көрсетілген ақпарат бөлімдердің осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен субсидия бағдарламасына қатысуға арналған өтінімдерді қайта қабылдауды хабарлауы үшін негіз болып табылады.

18. Облыс әкiмi комиссияның ұсынуы бойынша субсидиялау квоталарын көрсете отырып, субсидиялау бағдарламасына қатысушылардың тiзiмiн бекiтедi. Басқарма облыс әкiмiнiң шешiмiн Министрлiкке және тиiстi бөлiмдерге жолдайды.




2.2. Тауар өндірушілердің субсидия алу тәртібі
19. Тауар өндiрушiлер – субсидиялау бағдарламасына қатысушылар бюджеттiк субсидиялар алу үшiн мәмiлелердiң жасалуына қарай, бiрақ 2012 жылғы 18 желтоқсаннан кешiктiрмей бөлiмге мынадай құжаттарды:

1) асыл тұқымды төлдi, құс шаруашылығы өнімін сатып алу кезiнде:

сатып алу-сату шартының көшiрмесiн;

Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органы таныған асыл тұқымды мал куәлiгiнiң (сертификаттың) түпнұсқасын және көшiрмесiн (бұл ретте, асыл тұқымды мал куәлiгiнiң (сертификаттың) түпнұсқасы көшiрмесiмен салыстырып тексерiлгеннен кейiн бюджеттiк субсидия алушыға қайтарылады);

төлем құжаттарының көшiрмелерiн - кiрiс-кассалық ордердi немесе банктiң төлем тапсырмасын (бұдан әрi - төлем құжаттары);

төлдi, құс шаруашылығы өнімін кiрiске алу актiсiн;

2) шет елден әкелінген асыл тұқымды төлді сатып алу кезiнде:

сатып алу-сату шартының көшiрмесiн;

төлем құжаттарының көшiрмелерiн;

Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органы таныған асыл тұқымды мал куәлiгiнiң (сертификаттың) түпнұсқасын және көшiрмесiн (бұл ретте, асыл тұқымды мал куәлiгiнiң (сертификаттың) түпнұсқасы көшiрмесiмен салыстырып тексерiлгеннен кейiн бюджеттiк субсидия алушыға қайтарылады);

ветеринариялық сертификаттың көшiрмесiн;

шет елден әкелінген асыл тұқымды төлдi кiрiске алу актiсiн;

3) асыл тұқымды ірі қара мал төлiн лизинг шарты негiзiнде сатып алу кезiнде:

лизинг шартының көшiрмесiн;

лизинг шарты бойынша негiзгi борышты өтеу үшiн лизинг берушiнiң деректемелерiн көрсете отырып, субсидия төлеуге өтiнiмдi;

4) шет елден әкелінген асыл тұқымды төлдi лизинг шарты негiзiнде сатып алу кезiнде:

лизинг шартының көшiрмесiн;

лизинг шарты бойынша негiзгi борышты өтеу үшiн лизинг берушiнiң деректемелерiн көрсете отырып, субсидия төлеуге өтiнiмдi;

Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органы таныған асыл тұқымды мал куәлiгiнiң (сертификаттың) түпнұсқасын және көшiрмесiн (бұл ретте асыл тұқымды мал куәлiгiнiң (сертификаттың) түпнұсқасы көшiрмесiмен салыстырып тексерiлгеннен кейiн бюджеттiк субсидия алушыға қайтарылады);

ветеринариялық сертификаттың көшiрмесiн;

5) жеке қосалқы шаруашылықтардағы аналық ірі қара мал басын шағылыстыруға пайдаланатын асыл тұқымды етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу құнын арзандату кезінде:

шаруашылық жүргізуші субъектіде селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізілгендігі туралы бірыңғай ақпараттық талдау жүйесінің деректер базасынан үзіндіні;

тұқымдық бұқаларды бекіту және пайдалану бойынша елді мекеннің тұрғындары – мал иелері жиналысының көшірмесін;

тұқымдық бұқалардың асыл тұқымды куәлігінің және ветеринариялық сертификатының көшірмесін;

6) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу шығындарын өтеуге:

шаруашылық жүргізуші субъектіде селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізілгендігі туралы бірыңғай ақпараттық талдау жүйесінің деректер базасынан үзіндіні;

24-аш статистикалық есептілік нысанынан (заңды тұлғалар нысанындағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін), шаруашылық кітабынан (дара кәсіпкерлер үшін) үзіндімен расталған ірі қара мал басының бар екендігі туралы анықтаманы береді.

20. Асыл тұқымды өнiм (материал) (шет елден әкелінген ірі қара малдың асыл тұқымды төлін қоспағанда) құнының кемiнде 50 %-ын төлеген тауар өндiрушiлердi бюджеттiк субсидиялар алушылардың тiзiмiне енгiзуге жол берiледi. Бұл ретте, тауар өндiрушiлер бөлiмге:

сатып алу-сату шартының көшiрмесiн;

кемiнде 50% төленгенiн растайтын төлем құжаттарының көшiрмелерiн;

сатып алынған малдардың асыл тұқымды малдардың мемлекеттiк тiзiлiмде тiркелгенiн растайын құжатты ұсынады.

Қалған сомаға төлем құжаттарының көшiрмелерiн, сондай-ақ оларды жеткiзiп беру немесе пайдалану актiлерiн тауар өндiрушiлер құнын толық төлегеннен кейiн, бiрақ бюджеттiк субсидиялар алған күннен бастап жетi жұмыс күнiнен кешiктiрмей бөлiмге ұсынады.

21. Бөлiм құжаттардың түсуiне қарай бес жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды тексередi. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес болған және осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген өтінімнен бас тартуға негіз болмаған жағдайда бөлім асыл тұқымды төлдiң, құс шаруашылығы өнімдерінің сатып алынғаны туралы, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүзеге асыру, сондай-ақ тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу туралы жиынтық акт жасайды, бекiтедi және төлем құжаттарының көшiрмелерiн қоса бере отырып, басқармаға ұсынады. Бұл ретте, бөлім басқармаға ұсынылатын растау құжаттарының дұрыстығын және сапасын қамтамасыз етеді.

Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес болмаған және осы Қағидалардың 6-тармағымен бюджеттік субсидиялар ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, бөлім ұсынылған құжаттарды оларды тіркеген күнінен бастап жеті жұмыс күнiнен кешiктiрмей керi қайтару себептерiн көрсете отырып, тауар өндірушілерге қайтарады.

Ірі қара малдың сатып алынған асыл тұқымды төлiнің арзандатылғаны туралы мәлiметтi бөлiм бюджеттiк субсидиялардың тауар өндiрушiнiң (не лизинг берушінің) банктiк шотына аударылғаны туралы ақпаратты басқармадан алған күннен бастап жеті жұмыс күнi iшiнде бiрыңғай ақпараттық-талдау жүйесiне енгiзуi тиiс.

22. Басқарма ұсынылған құжаттарды бес жұмыс күнi iшiнде, бiрақ 2012 жылғы 20 желтоқсаннан кешiктiрмей қарайды.

Оларда көрсетiлген бюджеттiк субсидиялардың көлемi мен нормативтерi негiзiнде басқарма белгiленген квоталар шегiнде тиесiлi бюджет ақшасының көлемiн айқындайды, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомост және ақы төлеу шоттарын қалыптастырады.

Тауар өндiрушiлердiң, лизинг берушiлердiң банктiк шоттарына тиесiлi бюджеттiк субсидияларды аударуды басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екі данада ақы төлеу шоттарын қоса бере отырып, ақы төлеу шоттарының тiзiлiмiн ұсыну жолымен жүзеге асырады.

Басқарма екі жұмыс күні ішінде бөлімге аудан бойынша тауар өндірушілерге төленген бюджет ақшасының көлемі туралы ақпарат жібереді.

Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 16 және 17-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес болмаған және/немесе осы Қағидалардың 6-тармағы негізінде субсидиялау мүмкіндігі болмаған жағдайда, басқарма ұсынылған құжаттарды оларды тіркеген күнінен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей керi қайтару себептерiн көрсете отырып бөлімге пысықтауға қайтарады.




Республикалық малды асылдандыру орталығының,

еттi құс шаруашылығы бойынша асылдандыру шаруашылығының, қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытының шығындарын толық өтеуді көздейтін субсидияларға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану тәртiбi
23. Шығындарды толық өтеу үшін 2012 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей басқармаға:

1) республикалық малды асылдандыру орталығы:

Министрлiкпен келiсiлген тiзбе бойынша тұқымдық бұқаларды, шетелдiк селекцияның ұрығын, жабдықты, техниканы сатып алуға арналған шарттарды бiр-бiр данадан;

асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтiп-бағуға, олардың ұрықтарын алуға, сақтауға және бағалауға, сондай-ақ эмбриондарды алуға, сақтауға және пайдалануға жұмсалған шығындарды (жүзеге асырылуына қарай) растайтын құжаттардың бiр данасын ұсынады;

2) еттi құс шаруашылығы бойынша асылдандыру шаруашылығы балапандарды сатып алуға арналған шарттардың бір данасын ұсынады;

3) қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауыты асыл тұқымды жылқыларды өсiруге, ұстауға, тренингке және айғырлардың ұрығын сақтауға арналған шығындарды (жүзеге асырылуына қарай) растайтын құжаттардың бiр данасын ұсынады.

Басқарма ұсынылған шарттарды үш жұмыс күнi iшiнде тексередi, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомост, сондай-ақ ақы төлеу шоттарын қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттiк субсидияларды республикалық малды асылдандыру орталығының, еттi құс шаруашылығы бойынша асылдандыру шаруашылығының, қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытының банктiк шотына аударады.

Республикалық малды асылдандыру орталығы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды, ұрықты және жабдықты сатып алғаннан кейін, сондай-ақ еттi құс шаруашылығы бойынша асылдандыру шаруашылығы балапандарды сатып алғаннан кейін жеті жұмыс күнi ішінде Басқармаға төлем құжаттары мен кiрiске алу актiсiнiң көшiрмелерiн ұсынады.



24. Басқарма осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес бюджеттiк субсидияларды төлеу үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада ақы төлеу шотын қоса бере отырып, ақы төлеу тiзiлiмiн ұсынады.
_______________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет