КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРМЕЛІЛІГІ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОЙЫЛ ӨЗЕНІ АҒЫНДЫСЫНЫҢ ТЕРБЕЛІСІН БАҒАЛАУ
Аңдатпа
Бұл мақалада климаттық және антропогендік жағдайлардың өзгерісі әсерінен туындаған Ойыл өзені алабы ағындысының тербелісі қарастырылған. Зерттеу алабының гидрометеорологиялық сипаттамаларын бағалау үшін «Негізгі гидрологиялық сипаттамаларда», «Құрлықтың жер үсті суларының режимі мен ресурстары туралы көп жылдық деректер», «Жер үсті суларының ресурстары», «Гидрологиялық жылнамалар», сондай-ақ интернет-көздерде келтірілген жарияланған кадастрлық материалдардан алынған деректер пайдаланылды. Мәліметтерді өңдеудің белгілі статистикалық әдістерін пайдалана отырып, өзен ағындысының гидрометеорологиялық сипаттамалары талданып, графиктер мен гистограммалар тұрғызылды. Олар өз кезегінде жауын-шашынның, ауа температурасының және өзен ағындысының өзгеруін көрсетеді. Өзен ағындысының тербелісін бағалау үшін Ойыл өзені алабының 1940 жылдан 2019 жылға дейінгі аралықтағы гидрометриялық тұстамалардағы гидрологиялық қатарлары жиналып, талданды. Зерттеу алабындағы өзен ағындысының өзгерістері табиғи және бұзылған екі кезең үшін анықталған. Әрбір кезең үшін үлестірім қисықтарын тұрғызу арқылы ағынды сипаттамаларының түрлі қамтамасыздықтағы ықтимал мәндері анықталған. Жылдық ағынды мәндерінің өзгеруі орта есеппен 1,5 % (Ойыл өз.– Ойыл а.) 27 % (Ойыл өз. – Алтықарасу а., Ойыл өз. – Тайсоған а.) дейін төмендеді. Талтоғай, Алтықарасу және Тайсойған тұстамалары бойынша қамтамасыздақ қисығының жоғарғы су өтімдері аумағында ағынды мәндері 35 %-дан 45 %-ға айтарлықтай төмендегенін, ал қамтамасыыздық қисығының төменгі су өтімдер аумағында ағындының 250-300 %-ға көтерілгенін, яғни су тасу кезінде ағындының төмендегенін, ал сабалық кезеңде көтерілгенін байқауға болады.
Кілт сөздер: жылдық ағынды, ағынды нормасы, ауа температурасы, атмосфералық жауын-шашын, климаттың өзгеруі, базалық кезең, орташа жылдық су өтімдері, өзен ағындысы.
A.K. Musina1, K.T. Narbaeva*1, A.N. Akzharkynova1, M.E.Kenesova2, Zh.O.Beksultanova1
1Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan
mussina.aynur@gmail.com, narbayeva.kn@gmail.com*, , akzharkynova@gmail.com, zhansaya.beksultanova@mail.ru
2KazGIDRO LLP, Kazakhstan, Almaty
madinakenesova@gmail.com
Достарыңызбен бөлісу: |