Қоғамдық ғылымдар жүйесінде этнология және оның орны


Меланезия, Полинезия, Микронезия халықтары



бет11/34
Дата22.12.2023
өлшемі146.94 Kb.
#487586
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34
толық жауап этно1

14.Меланезия, Полинезия, Микронезия халықтары
1.Меланезия халықтары

Меланезия (гректің «Мелас» - қара, «несос» - арал) – қара арал деген сөзінен шыққан. Еуропалықтар осы жердегі тұрғындардың сыртқы түсіне қарап, олардың мекендеген аралдарына да «қара» деп ат қойған. Меланезияға қарайтын үлкенді – кішілі аралдардың барлығында ел ертеден мекендеген. Меланезиялықтардың антропологиялық ерекшелігіне қарай отырып, оларды төрт түрге бөлуге болады:
1) аласа бойлы негроидтық (олар Жаңа Гвинейдің ішкі аудандарының тұрғындары);
2) негізгі меланезиялықтар;
3) Жаңа Коледондықтар;
4) Папуастар.
Папуастар (малай тілінде “бұйра шашты” деген мағына береді) – Жаңа Гвинея аралын, Меланезияның солтүстік-батыс аралдарын, Хальмахер аралының солтүстік бөлігін және Тимор аралының шығыс бөлігін, Алор мен Пантар аралдарын мекендейтін халықтар тобы. Оларға энга, чимбу, хаген, камано, хули, капауку, ангал, вахги, медлпа, кева, дани, асмат, абелам, т.б. бірнеше этностар жатады.
Меланезия аборигендерінің тілін екіге бөлуге болады. Олар меланезия мен папуас тілдері. Меланезиялықтардың тілдері – полинезиялықтардың, микронезиялықтардың және индонезиялықтардың тілдерімен туысқан тіл. Сөйтіп, бұл малайско-полинезиялық тілдер семьясына меланезиялықтардың, мадагаскарлықтардың тілдері кіреді.



Полинезия және Жаңа Зеландия халықтары
Полинезия (көне грекше: полю – көп аралдан құралған ел деген мағына береді) — Тынық мұхиттың орталық бөлігіндегі Мұхиттық аралдар құрамындағы аралдар тобы. Аумағы 26 мың км²-ге жуық. Халқы 4,5 млн. адам. Олардың ең ірілері Жаңа Зеландия, Самоа, Гавай, Тонга және т.б. жатады. Отаршылар келгенге дейін бұл жерлерде 1,1 млн. адам тұрған болса, қазір не барі 450 мың тұрғын қалды. Полинезиялықтар — Полинезияның және Шығыс Меланезияның кейбір ұсақ аралдарындағы туыстас халықтар тобы болып табылады. Полинезиялықтарға тонга, самоа, увеа, фунтуна, тувалу, токелау, ниуэ, пукапука, раротонга, рапа, ракаханга, манихики, паулготу, маори, тикопиа, гавайлықтар, т.б. көптеген халықтар тобы жатады. Шығыс австронездік топтың полинезия тілдерінде емін-еркін сөйлейді. Полинезиялықтарда христиан діні жергілікті діни наным сенімдермен ұштасқан. Полинезиялықтардың этногенезіне Оңтүстік Америка үндістерінің де ықпалы тиюі мүмкін. Полинезиялықтар негізінен егіншілік, балық аулаумен айналысқан. Шошқа, ит, тауық өсірді және қолөнермен шұғылданған. Шығыс Полинезияда тас қашау ісі жақсы дамыды. Баспаналарды төртбұрышты кейде бұрыштарын сопақша етіп салған. Төбесі екі жағынан қиюластырып жабылатын болған. Баспаналарына ағаш, шөптесін өсімдіктерді пайдаланған. Негізінен юбка немесе пандустан жасалған алжапқыш, тапа немесе белге тағатын жапқыш киген. Киген киімдері адамдардың қоғамдағы алатын орындарынан да хабар береді. Әшекейлерін құстың қауырсындарынан, гүлдерден, теңіз балшықтарынан жасап, тағамдарын негізінен өсімдіктер мен балықтан әзірлеген. Сусындары кава, т.б. Тамақтарын жер ошақтарда пісірген. Полинезиялықтарды көсемдері басқарады, қоғам өмірінде абыздардың рөлі ерекше болды. Халық арасында бай ауыз әдебиеті, би және муз. фольклоры сақталған. Полинезиялықтардың көпшілігі елге келген туристерге қызмет көрсетумен айналысады. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет