Қоғамдық сананы модернизациялаудағы сыни ойлау Тексерген: Аймханова. Г. К орындаған: Кумарова Гулим 2022 кіріспе



бет3/3
Дата05.12.2022
өлшемі98.63 Kb.
#466577
1   2   3
№1 СРО фило

Сабақта жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану оқушылардың танымдық әрекеттерін, белсенділігін дамытып, оларды шығармашылыққа жетелейді. Баланың логикалық ойлау қабілеті дамып, сабақтың сапасын артады. Ізденушілігін арттырып, өз ісіне сенімін нығайтады. Сабаққа қызығушылығын арттырып, белсенділігі күшейеді. Оқушылар сабаққа зор ынтамен қатысады, сабақ та сапалы өтеді. Егер де жаңа технология элементтерін сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді. Ең бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру,
ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету,
мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады
Модернизация бүкіл әлемді шарпыды. Дамушы қоғамның экономикалық құрылымы тәрізді әлеуметтік даму парадигмасы да өзгеруде. Жаһанданудың жағымды және жағымсыз көптеген жақтары бар. Бірақ, өзгерістің жағымды жағын ұтымды пайдалана білсе, адамдардың өмір сапасы көз алдымызда өзгеріске ұшырайтын болады.
Қарқынды даму кезіндегі кез-келген мемлекеттің жетістігі оның жаһандану үрдісіне қаншалықты бейімделе алатындығына және оны өз игілігіне пайдалануына байланысты екендігін адамзат әлдеқашан саналы түрде түсінді. Арттақалушылыққа жол жоқ. Бұған қоса, экономика, азаматтық қоғам, әлеуметтік даму мен менталитет, мәдени, адамгершілік сала, тілдік орта сияқты барлық салаларға жіті бақылау жүргізіледі. Бұл туралы Президент Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласында Қазақстан үшін тұрақты өзгерістердің стратегиялық маңыздылығын атап өтті.
Елбасы ең бастысы жеке бәсекеге қабілеттілік пен прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білім беру мәдениетін сақтау, көптілділік және қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру сияқты мәселелер қазақстандықтар үшін маңызды екендігін ерекше атап өтті. Көптеген мәдениет қайраткерлері, тарихшылар мен әлеуметтанушылар елдің рухани жаңғыруы мен интеллектуалды дамуында тілдің модернизациясы ерекше рөл атқарады деп санайды. Қазақ тілін латын қарпіне көшіру - еліміздегі әрбір тұрғынның қоғамдық санасының өзгеруін айқындайтын рухани жаңғырудың нақты қадамы. Бұл әр азаматтың өзін-өзі жетілдіруге жол ашатын, дамуына баса назар аударатын процесс.
Қазақ қарпін латындандыру не береді? Бір қарағанда бұл тек таңбалардың «техникалық» жүйесінің өзгеруі ғана сияқты. Латындандыру халыққа өзінің ана тілін табиғи қалпында сақтап, болашақ ұрпаққа аманаттауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамда тұрып жатқанымызды ескере отырып, жаңа форматтағы қазақ тілі барлық қазақстандықтарды біріктіруге, қоғамның нығаюына әсер етуші мықты фактор бола алады.
Мемлекет әліпбиді жаңғыртуға саналы түрде қадам басты. Талқыға қоғамның барлық топтары қатысты. Миллиондаған адам қазақтың жаңа латын әліпбиі қандай болуы керектігі туралы пікір білдірді. Соңғы қабылданған нұсқасы халықтан оң бағасын алды, бұл ұзаққа созылған жалпы талқылаудың нәтижесі еді. Айтпақшы, жалпыхалықтық талқылау латын әліпбиіне көшу кезіндегі ел билеушілеріне қойылған басты шарттардың бірі.
Кейбір сарапшылар жазғандай, латын әліпбиінің жалпы пікірталасқа айналуы тек «таза қазақстандық мәселе» ғана емес. Латындандыру - бүкіл қазақстандық қоғамның, оның барлық этникалық топтарының дамуындағы басты фактор. Әңгіме жаңа сапалы деңгейдегі даму турасында. Әлеуметтік-саяси жаңғырту тұрғысынан алып қарағанда бүгінгі күні латын әліпбиіне көшу - тілдің мәселесі ғана емес, сонымен бірге саяси мәселе. Біздің тіліміздің әлемдік қоғамдастыққа түсінікті болуы сананың ашықтығы мен Қазақстанның әлемдік аренадағы даму стратегиясының көрінісі. Мұндай өзгерістер Қазақстандағы тілдік ортаны дамыту үшін өте маңызды. Өйткені, қоғам нақты үш тілділікке аяқ басады. Қазақстандық қоғам біздің көз алдымызда өзінің дамуында прогрессивті жалпыадамзаттық құндылықтарға мән беретін болашаққа ұмтылған заманауи азаматтардың, полиглоттардың ұлтына айналып келеді.
Сана – болған жағдайдың бейнеленуінің жоғарғы формасы. Адам санасы сыртқы ортамен мақсатты бағытталған қарым – қатынас формасы ретінде көрінеді. Оларда белгілі бір субьективті шынайылық ретінде, сана болған жағдайдың субьективті ренжу, айналасындағылардың барлығына сананың қатынасы бар.Жинақталған білімнің шынайы әрекеттермен қатынасы және адамның жеке тәжірибесін қосу болған жағдайдың саналы түрде шындықты ұғыну процесі болып табылады. Тұлға санасы сыртқы объектілерді ұғыну емес, сонымен қатар өзін және өзінің психикалық әрекеттерін түсіну болып табылады.Сана айналадағы өмірдің барлық өзара байланысын бейнелейді, әлемнің бейнесі бірдей жүйе ретінде. Сондықтан сана — іс-әрекет бейнесінің жоғарғы формасы болып табылады. Сана арқылы адам қоршаған әлеммен қарым-қатынас формасы реттеледі. Сана іс-әрекеттің субьективті жағдайларында көрініс табады. Сана адам айналасындағы барлық жағдайларда тиісті болып келеді. С.Л. Рубинштейн сана қасиетін төмендегідей бөлді: қатынасты құру; тану; әсерленушілік. Сананың әр актісі тек тану арқылы немесе тек әсерленушілік немесе тек қарым-қатынас арқылы болуы сирек кездеседі; осы үш компонентті жиі қолданады. Бірақ осы компоненттің әрқайсысының көріну дәрежесі әр түрлі. Сондықтан сананың әр актісі осы үш маңызды психологиялық категориясын координат жүйесінің нүктесі ретінде қарастыруға болады.Сананың механизмін талдай келе, ми метафорын жеңу маңызды. Сана жүйе іс-әрекетінің нәтижесі мен өнімі болып табылады, тек ми емес сонымен қатар оған индивид те қоғам да жатады. Сана «мүшенің функциялы суперпозициясы» ретінде болуы тиіс.Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым – осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың балмасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан да сананы болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны бастапқы деп санаған. Енді біреулер бұл пікірді мойындамаған.Адамның дене бітімінің қалыптасуы. Адам өте ертедегі адам тектес маймылдан шыққан. Адамның дене бітімінің қазіргі жоғары дамыған маймылдардың дене бітіміне ұқсауы сондықтан. Алайда, адам маймылдардың қазіргі типінен тарады деу жаңсақтық болар еді. Ғылым осыдан шамамен 50 миллион жыл бұрын жар-тылай маймылдар — лемуарлар, одан кейінірек шамамен осыдан 30 миллион жыл бұрын төменгі дәрежеде дамыған маймылдар — парапитектер — адам тәріздес маймылдардың арғы аталарының пайда болғанын дәлелдеп отыр. Одан бертінірек (шамамен осыдан 15 миллион жыл бұрын) ежелгі антропоидтар — дриопитектер өмір сүрген. Соңғыларының өзі екі текке бөлінеді: бірі — қазіргі май-мылдар — горилла мен шимпанзе де екіншісі — жоғары дәрежеде дамыған антропоморфты маймылдар ромапитектер мен австралопитектер. Осы австролопитектерден адамның тегі тарайды. Ең соңғы мағлұматтарға қарағанда, австралопитектер бұдан 1750000 — 600 000 жыл бұрын өмір сүрген, жер бетінде екі аяғымен жүретін болған. Австралопитектердің екі аяғымен қозғалатындығын олардың табанының құрылысы дәлелдейді. Австралопитек миының көлемі (519 см3) қазіргі горилланікінен (498 см3) аздап үлкен болған.Шамамен 400—200 мың жыл бұрын Дюбуа «питекантропус эректус» — тік жүретін маймыл адам деп атаған маймыл адам тіршілік еткен. Маймыл адамдардың ұрпақтары ежелдегі адамдар (палеолиттер), немесе неандертальдар деп аталғандар. Неандертальдар бұдан 250—400 мың жылдар бұрын тіршілік еткен.Неандертальдықты сүйек қалдықтары бойынша қайта кұрастырған кезде оның сыртқы түрінің қазіргі адамдарға ұқсас болғаңдығы байқалады. Неандертальдықтың бойы бүгінгі адам дардікіне қарағанда аздап аласалау болған, екі аяғын сәл бүгіп жүрген. Бас сүйегінің қорабы қазіргі адамдардікіндей, тек маңдайы біраз көлбеу келген. Палеолиттер (ертедегі адамдар), солардың қатарына неандертальдықтар да жатады, сол кездің өзінде-ақ қарадүрсін еңбек құралдарын жасай білген және қарапайым жұмыстарды атқарған.Бұдан 40 — 38 мың жыл бұрын неандертальдықтардың үрім-бұтағы — қазіргі типтегі адамдар — неантроптар (жаңа адам) тегі пайда бола бастады. Олардың қалдықтары КроМаньоне (Францияда) табылған, сондықтан оларды кроманьоңдықтар деп атаған. Олар денелерін тік ұстап қозғалатын болған, маңдайлары кең, бет-әлпеті қазіргі адамдардікіндей. Бұлар ақыл иелері, ездерінен бұрынғылармен салыстырғанда көптеген түрлі еңбек құралдарын пайдаланған.Ертедегі адамның жаңа адам кейпіне енуі бүтіндей әлеуметтік заңдылықтармен, ең әуелі қоғамдық өндірістің дамуымен анықталады. «Адаммен бірге,— деп жазды Энгельс,— біз тарих саласына енеміз» .Сөйтіп, табиғат аясында сұрыпталу процесінде өзінің пси-хофизикалық жағдайлары бойынша адамға жақын тұр және еңбек етудің арқасында адамға айналған жануарлардың биологиялық тегі пайда болады деу керек.Ф. Энгельс сананың қалыптасуында сездің қаншалықты үлкен маңызды роль атқарғанын атап керсеткен болатын. Сірә, адамның еқ бергідегі ата-бабалары психофизикалық жағынан өте жоғары дәрежеде дамығандықтан, басқа жануарларға қарағанда дыбыстық белгілерге көбірек жүгінсе керек. Адам мен питекантроп, неандертальдық және кроманьондық миларының гипстен жасалған үлгілерін салыстырғанда, сейлеу және іс-әрекетпен байланысты, маңдайдың төменгі бороздасының алдыңғы тармағы қазіргі адамдарда бұрынғы тектестерінікінен әлдеқайда артық жетілгендігі анықталған. Олай болуы түсінікті де: қоғамдық сипат алған еңбек адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын және өзара көмегін талап етті, дыбыстық белгілер ендігі жерде еңбекке бастап қана қоймай, еңбекті жүзеге асырушы дәрежесіне көтерілді. Сөйтіп, ол белгі беру құралынан біртіндеп еңбекті ұйымдастыру құралына айналды. Дыбыс комплекстері ендігі жерде заттарды, әрекеттерді және еңбектің тұтас ситуацияларын белгілей бастайды. Сейлеудің қалыптасуы адамның психикалық дамуындағы революция болды.Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай да аласыз. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И. П. Павловтың сөзімен айтқанда, «болмысты және өз басымызды дұрыс алып жүруде жоғары бағдарлылықты» қалыптастырады. Ғылым, өнер, мәдениет (сөздің кең мағынасында) қоғамдық сананы құрайды.Бейсаналық мінез құлқындағы сананың қатысуынсыз, ойламай, дағдыға айналған қасиет арқылы әрекет жасау. Фрейдконцепциясындағыпсихикалық энергияныбілдіретін ұғым. Бейсаналық адам мен жануарлар арасындағы ұксастықты, туыстықты аңғартады. *Бейсана - санасыз акт адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарлатын әрекет. Бейсана әрекетке адам мән бере қоймайды. Бейсана субъект өзіне әсер бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбыстың ықпалымен болатын психикалық үрдістер актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Бейсананың санадан айырмашылығы бейнесаны ырықты бақылау және ондай әрекеттерде бағалау мүмкін емес. Бейсаналықта өткен қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актінде іске асады (мысалы түс көруде). Бейнесалық балада ертеректе болатын (таным әрекетінде) ойлауында интуициясында аффектісінде үрейленгенде түстерінде гипноздық жағдайда көрініс береді. Бейсаналы құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп З.Фрейд "бейсаналықты динамикалық ығыстыру" терминін ғылымға енгізді. Ол бейсаналықта әлеуметтік нормалардың талабына байланысты іске аспаған әуесқойылық пен құштарлықтар болады деп түсінген. Психологияда бейсаналықты зерттеуге қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде. Бейсаналық – 1) адамның жүріс-тұрысында өзінен-өзі (автоматически), сананың қатысуынсыз, ойланбай, дағды бойынша іс-қимылдар жасау қасиетінің барлығы (бар болуы); 2) индивидтің өзінің білуінсіз өтетін, іске асатын психикалық (менталдық) қызметінің әртүрлі формаларының жиынтығы.
Бейсаналық мәселесі философия тарихында өзіне көп назар аударған. Антикалық дәуірде (Платон), ортағасырлықта, Жаңа заманда (Кант, Шеллинг,Шопенгауэр т.б.) ол туралы әралуан пікірлер айтылды.
Бейсаналықты жаңа зерттеу деңгейі З.Фрейд және оның шәкірттерінен басталды. Психоанализдің негізін қалаушы австриялық невропатолог және психиатр З.Фрейд бейсаналықты санадан тәуелсіз адам жанының, психикасының құрамдас бөлігі, тұлға құрылымының маңызды элементі – "Ол" ("Оно", "Id") ретінде қарастырады. "Олдың" негізін сексуалды-биологиялық энергия құрастырады.
З.Фрейдтің айтуынша, бейсаналық процестер индивидтің жүріс-тұрысына әсер ете алады, тіпті оның өзі олар туралы ештеңе хабарлай алмаса да. Фрейд бойынша, 1) бейсаналық – бұл "белсенді байқалатын (көрінетін) және сонымен бірге сол адамның санасына жетпейтін" психикалық процестер; 2) бейсаналық – адам психикасының негізгі және ең мазмұнды жүйесі (бейсаналық – санаалдылық – саналы: бессознательное – предсознательное - сознательное); бұл жүйе рахаттану принципімен реттеледі және өзіне танымсыздығымен, сексуалдылығымен, әлеуметсіздігімен және т.с.с. сипатталатын әртүрлі туа біткен және ығыстырылған элементтерді, құштарлықтарды, импульстерді, тілектерді, мотивтерді, ұстанымдарды, ұмтылыстарды, кешендерді және басқаларды кірістіреді. Психоаналитикалық ілімге сәйкес, бейсаналықтың мазмұны өзіне кірістіреді, қосады: 1) индивидтің санасында ешқашан болмаған мазмұнды және 2) санада болған, бірақ одан бейсаналыққа ығыстырып шығарылған (вытеснено) мазмұнды.
К.Г.Юнг (щвейцарлық психолог және психиатр, аналитикалық психологияның негізін қалаушы) бойынша бейсаналық үш қабаттан (жіктен) тұрады:
1) "тұлғалық бейсаналық" – тұлғаның ашыналық, сырластық жан өмірін құрайтын көбінесе эмоционалды (тез әсерленгіш) боялған елестер мен кешендерді (комплексы) өзіне кірістіретін, қосатын бейсаналықтың үстіңгі (сыртқы) қабаты;
2) "ұжымдық бейсаналық" – бейсаналықтың туа біткен терең қабаты; ол адамдардың өткен ұрпақтарының тәжірибесін өкілдік ететін (репрезентирует) және өзіне тұлғадан тыс әмбебап мазмұн мен жандық өмірдің жалпылама негізі ретінде болатын үлгілерді қосатын индивидуалды (жеке емес, жалпылама табиғаты бар (болатын) психиканың жалпы орталығы мен өзегі (ядро); "ұжымдық бейсаналықтың мазмұны" негізінен архетиптер – психикалық қызмет пен жүріс-тұрыстың мұралық етілетін жалпылама үлгілері, рәміздері және стереотиптері болады;
3) "психоидтық бейсаналық" – органикалық дүниемен ортақ қасиеттері және біршама бейтарап сипаты бар бейсаналықтың ең іргелі деңгейі, сондықтан ол толық түрде психикалық та, физиологиялық та болмағандықтан іс жүзінде санаға толық мәлімсіз.
Елбасы Н. Ө. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалықмақаласында қойылған міндеттер - негізінде қоғамдықсананы жаңғырту тұрғысынан қарастыруға арналады. Біз езіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, әрі ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Егер, осы ретте карастырлып отырған рухани сана мәселелерінің пайда болу себептері ретінде жаңа сыни ойлау мен қоғамдық санада әлі де болса орын алып отырған ескі стереотиптер арасындағы келіспеушілікті жою деп алып салыстырсақ, онда бірінші кезекте бізге ойлау жүйесін жаң ырту қажет. Себебі, өмір сүру үшін өзгере білуіміз керек.
Америкалықсаясаттанушы Карл Дойч ХХ ғасырдың бо-шы жылдарының езінде "Жаңғырудың сыни мәселесі - бұл экономикадағы құрылымдық өзгерістеремес, құндылықтар жүйесіндегі өзгерістер" деген болатын. Біздің барлық қорқыныштарымыз, шектеулеріміз, тілемейтін ойларымыз тәк ез басымызда ғана екені сөзсіз анық. Сондықтан, жеке мақсаттарды іске асыруымыз тек біздің өзімізге, алдағы міндеттерді қалай сөзініп, түсінетімізге, табысқа жетуге қаншалықты ынталы өкенімізге, әркайсымыздың өземірімізде оң өзгерістер болуы үшін қандай әрекеттер жасауымызға байланысты. Аталған өзгерістердің езекті бағыттары Елбасының мақаласында айқын баяндалып, ұсынылған. Сәселен, Махатма Ганди: «Егер сен әлемнің өзгергенін қаласан, өзің сол өзгеріс бол» деген екен.
Елбасымыз бул ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың нақты алты бағытына жеке-жеке тоқталады: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, Қазақстанның революциялықемес, эволюциялықдамуы, сананың ашықтығы. Сананы жаңырту арқылы әрбір қазақстандықты қазіргі жылдам өзгеріске ұшырап жатқан заманда өзін-өзі дамытуға, жетілдіруге, ізін заманауи басекеге қабілетті адам ретінде қалыптастыруға толық болады.
Кезіндегі "осылай ғасырлар бойы ата-бабамыз жасаған» депен аргумент бүгінгі күнде сөнген кеткен, олардың барлығын өзін-өзі тануға ұмтылған, ағылшынның көрнекті философы Бертран Рассел «интеллектуалды қоқыс» деп атаған. Рассел сыни ойлау маңыздылығы, зияткерлік сынау өнері төрізді көптеген маңызды тақырыптарды зерттеген. Рассел адамдардың көпшілігі ойланғылары келмейді деп атап өтеді. Маселен, Расселдің 10 всиетінде, егер ойлау процесіне кедергі жасамаса, табыс сізге қамтамасыз етілетіні туралы айтылады. Егер, кез-келген адам оппозициялық пікірге тап болса, оны аргумент арқылы ғана жеңе алады деген құнды пікір ұсынады. Пассивті келісімде емес, ақылмен келіспеуден а латын өсерді іздеңіз дейді. Себебі, ақыл-ойды лайықты бағаласа, онда біріншісі екіншіге қарағанда терең келісімді білдіреді деп тұжырымдайды Рассел. Бейбітшілікті сақтау жөніндегі Нобель сыйлығының лауреаты, логик, әрі қоғам қайраткерінің XX ғасырдың басында айтқан осынау қасиеттері бүгінгі күні де өз құндылығын жонмаған. Себебі - Расселдің назары қарапайым логиканың жане математика негіздерін зерттеудің сараптамалықмүмкіндіктеріне бағытталды.


Әдебиеттер тізімі 1. «Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері » С. Мирсеитова, 2011 жыл. 2. «Қазіргі
кездегі оқытудың педагогикалық
технологиялары», Н. Қошқарбаев, 2010 жыл.
3. «Интерактивті оқыту әдісін қолданып, сабақты
жоспарлау және басқару», Ж.А. Жартынова, В.Н. Ким,
Н.О. Қойлық, А.Ш. Орақова, 2009 жыл.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет