Оқылым стратегияларын тиімді қолдану арқылы оқушылардың мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау дағдысын дамыту



бет4/8
Дата14.01.2023
өлшемі185.34 Kb.
#468396
1   2   3   4   5   6   7   8
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы», 27 шілде 2007 жыл.
2. Ф.Оразбаева «Тілдік қатынас». Алматы «Сөздік-Словарь», 2005 ж.
3. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламасы, Нұр-Сұлтан, 2019 ж.
4. М.Ахметова «Мәтін лингвистикасы». Орал-2008.
5. Шабажанова Салтанат «Оқылым дағдыларын қалыптастыру және дамытудың әдіснамасы мен тәжірибесі», Павлодар-2015.
6. Г.В. Пранцова, Е.С. Романичева «Современные стратегии чтения: теория и практика», Мәскеу-2016.
7. Винсент Р. Pyггиepo «Стратегии критического чтения».

1.Кейіпкер мақсаты:Қыпшақ Сейітқұл отыз үйлі тобырды еңбек арқылы байытуды ойлайды.
Кейіпкердің іс әрекетін салыстыра отырып,өз ойыңды жаз: Менің ойымша бұл іс-әрекеті дұрыс. Өйткені, ол өзінің қарабасын емес халқын ойлады. Жұртына еңбекпен тапқан нанның тәтті болатынын іспен дәлелдейді.Сондықтан да бұл іс-әрекетіне жақсы көз қарас танытамын.

2. Кейіпкер мақсаты: Ағасы болса, өз қарабасын бай бай болуды мақсат етеді..


Кейіпкердің іс әрекетін салыстыра отырып,өз ойыңды жаз: Ағасының іс –әрекетін құптамаймын . Себебі ол жұрттың малын ұрлап ,бай болуды көздейді.Сөйтіп жүріп Қоңырат жағында қолға түсіп,кісі қолынан мерт болады.Ағасы еңбекқор Сейітқұлға қарама –қарсы алынған кейіпкер.

Атымтай эссе


Жомарт деп қолы ашық, рухани дүниесі бай адамды айтамыз.
Ыбырай Алтынсариннің«Атымтай жомарт» әңгімесінде кейіпкердің еңбекқор, қамқор адам екенін аңғарамыз.
Бүгінгінің де «Атымтай Жомарттары» мұқтаж жандарға көптеп көмек беруде.Мысалы ауыл тұрғындары Елена апай,Тілек Дүйсенұлы , Алмагүл апам және мектептегі ұстаздарымыз нағыз «бүгінгінің Атымтай жомарт» жанға лайықты адамдар. Олай дейтінім, қанша күрделі жұмыстарды атқарып жүрсе де , қомқорлықты қажет ететін жандарға үнемі қолдау көрсетіп келеді.
Жалпы қорыта келе, «Атымтай Жомарт» салып кеткен жолмен жүріп,бақыт пен дәулет қонған елге айналуымыз керек!(78 сөз)

Оқу сауаттылығы 5-сынып



Қазақ отбасындағы өте ертеден келе жатқан ерекше дәстүрдің бірі – бата беру. Бата – тілі көркем, ізгі тілек түрінде айтылатын қысқа әрі мәні терең сөз. Батаның тәрбиелік маңызы үлкен. Бата берудің өз жолы, дәстүрі, рәсімдері бар. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойда, отбасы мерекелерінде: тұсаукесер, тілашар кезінде жастар қол жайып, үлкендерден бата сұрайды. Батаны кез келген адам бере бермейді. Батаны көпті көрген ақсақалдар мен дана әжелер береді.
Батаның түрлері бар. Ас батасы – асты үстелге әкелгенде немесе ас ішіп болған соң берілетін бата. Ас батасы тамақ ішкен сайын беріледі. Рамазан батасы – үш күнгі ораза айтта айтылатын ізгі тілек, жақсы ниет. Жол батасы ұзақ жолға
шыққанда беріледі. Жолға шығарда үй иесі көршілерге , туыстарға тамақ беріп,
үлкен ақсақалдан бата алады. Тілек-бата – үлкендер жастарға риза болғанда, реті
келген жерде қолын жайып беретін батаның түрі.
Қазақтар сөз өнерін өте жоғары бағалаған. «Бата адамға күш береді, жолын ашады,
жаман күштерден сақтайды» деп сенген.
1. Бата -
А) келер ұрпаққа айтылатын өсиет
В) ізгі тілек түрінде айтылатын қысқа әрі мәні терең сөз
С) жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесі
D) Көңіл күйге байланысты айтылатын жыр шумақтары
Е) Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер жиынтығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет