Оқылымның стратегиялары:
Шолып оқу: мәтін тақырыпшасын, бөлімдер аттарын, абзац сандарын шолу.
Болжап оқу: мәтіннің құрылымдық бөліктерін жекелеп оқып, ары қарай не болатынын, автор ойын болжау.
Көз жүгіртіп оқу: мәтіннің мазмұны мен құрылымын жылдам, жалпылай көз жүгіртіп оқу.
Зерттеп оқу: мәтіннің мазмұны мен құрылымдық бөліктерін шолып оқуға қарағанда күрделі оқу түрі. Зерттеп оқу оқушыдан назарын шоғырландырып оқуды талап етеді. Оқылым мәтінінің астарлы ойын, автор көзқарасын, мәтіндегі көтерілген мәселені, факті мен көзқарасты зерделеп ажырату зерттеп оқудың ерекшелігі болып табылады.
Детальді түрде оқу: әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу. Мысалы, келісімшарттағы талаптарды немесе нұсқауларды түсіну үшін сөзбе-сөз оқимыз.
Түсініп оқу стратегиясы: мәтіннің мазмұнын, автордың айтпақ болған ойын, мәтінді жазудағы мақсатын түсіну үшін әр ақпаратты ұғынып оқу.
Талдап оқу стратегиясы арқылы стилі мен жанрын, кімдерге арнап жазылғанын талдап оқу.
Астын сызып оқу немесе белгілеп оқу стратегиясы арқылы мәтіннің тілін, автордың оқырманмен байланысын анықтау.
Комментарий жасап оқу стратегиясы арқылы автордың айтпақ болған ойын, мәтіннің кімдерге арналғандығын анықтау, мәтінді жазудағы мақсатын түсіну.
Рөлге бөліп оқу стратегиясы арқылы мәтін ойын рөлге кіріп оқу арқылы саралау.
«Мен еш уақытта өз оқушыларыма ешнәрсе үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын»,- деп Альберт Эйнштейн айтқандай, еліміздің ертеңін, тәуелсіз ел тірегін, саналы ізбасарларымызды білім нәрімен сусындатуда олардың оқуы үшін жағдай жасау қажет. Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасамас бұрын ұсынылған мәтінді Оқылым стратегияларының тиімдісін қолданып оқуға бағыттау керек. Себебі мәтінге талдау жасамас бұрын оқырман оқудың тиімді тәсілін меңгеріп, содан кейін ғана сол тәсілдерді сараптама жасауда ұтымды пайдалануға дағдылану тиіс. Осыған орай оқылым дағдысын жақсартудың технологиясын пән мұғалімдері жетік білуі керек. Себебі оқылым барлық дағдылардың негізі болып табылады. Ал оқылым стратегияларын тиімді қолдануға бағыттай отырып, оқушылардың мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау дағдысының сапасы арттыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |