Оқылым стратегияларын тиімді қолдану арқылы оқушылардың мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау дағдысын дамыту



бет6/8
Дата14.01.2023
өлшемі185.34 Kb.
#468396
1   2   3   4   5   6   7   8
Нағыз достық не береді?

  1. Сенім береді. В) Шабыт береді С)Құндылық береді Д)Шынайылық береді

Е)Адалдық

  1. Достыққа не кедергі бола алмайды?

  1. Сатқындық В)Адалдық С)Сыйластық Д)Шынайылық Е)Мінез




  1. Өмірлік мақсаттардың бірі

  1. Дос таңдай білу. В)Достықты таңдай білу. С)Еңбек түрін таңдай білу.

Д)Арманға қол жеткізу. Е)Бақытты болу.



  1. Сілтеу есімдігі қатысқан сөйлемді табыңыз.

  1. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек.

  2. Досы жақсының, өзі де жақсы.

  3. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі.

  4. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.

  5. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік.




  1. Достықты берік ететін не?

  1. Сенім, жарқын көңіл В)Татулық С)Саяси тұрақтылық

Д)Ынтымақтастық Е)Шыдамдылық
Әдебиет 1-тоқсан Тест 7-сынып

  1. Қыз Жібектің әкесі. А. Тоқтарбай В.Базарбай С.Қарабай Д.Сырлыбай

2.Қыз Жібектің туған жері. А. Қара теңізге құятын дария бойы Жағалбайлы елі
В. Ақжайық өзенінің бойы алты арыс Шекті С. Дон бойы Азау қаласы Д.Сырдария бойы Фараб
қаласы
3. Сырлыбайдың ақын уәзірі А. Сансызбай В. Бекежан С.Шеге Д.Қаршыға
4.Нұр сәулесі бетінде, Бұралып кетіп барады, Перінің қызы секілді. –жыр жолындағы көркемдегіш
құрал. А.Метафора В.Метонимия С.Эпитет Д. Теңеу
5.Оймақ ауыз,құмай көз, Іздеген ерге табылды –ай.-жыр жолындағы көркемдеуіш құрал. А.Метафора
В.Метонимия С.Эпитет Д. Теңеу
6.Қыз Жібектің көрген түсі А. Төлегенмен қосылып бақытты ғұмыр кешеді
В.Төлеген мінген көк жорға ат, Ер тоқымсыз бос көрдім.
С.Алдынан шығып алпыс жау ,Төлегенді қамады. Д.Бекежан атқан жалғыз оқ,Маңдайынан келіп ұрады.
7. Төлегенді іздеп шыққандағы Сансызбайдың жасы А. 12 В. 17 С.20 Д.19
8.Орхон жазбаларын оқыған ғалым A) В.Радлов B) Н.Пантусов
C) Ф.Страленберг D) В. Томсен
9. «Күлтегін» жырының авторы A) Бумын қаған B) Йоллығтегін C) Білге қаған D) Елтеріс қаған
10. «Күлтегін» жырының сюжетінің бірі
A) Табғаштардың жасаған ерліктері B) Түркілердің қастандық әрекеттері
C) Түркілердің әскери жорықтары D) Түркі қағандығының жерінің тарлығы
11. «Күлтегін» кіші жазуының сюжеттік топтамалр саны A) 8 B) 7 C) 6 D) 9
12. «Күлтегін» жыры A) Лирикалық дастан B) Қаһармандық дастан С) Қисса дастан D) Ғашықтық
дастан
13. «Күлтегін» жырында мадақталған қағандар A) Білге қаған мен Оғыз қаған B) Қапаған қаған мен
Мұса қаған C) Бумын қаған мен Елтеріс қаған
D) Иштеми қаған мен Білге қаған
14. «Күлтегін» жырының идеясының бірі A) Табғаштардың көрсеткен қорлығын әшкерелеу B)
Қағандарды мақтау, мадақтау C) Түркі халқының ауызбіршілігін сақтау D) Түркі халқының
опасыз бектерін сынау
15. «Күлтегін» жырын аударған ғалым A) Томсен B) Видзен C) Ремезов
D) Радлов
16. «Күлтегін» жырындағы алғаш оқылған сөздер A) Тәңірі, түрік B) Күлтегін, түрік C) Тәңірі,
қаған D) Табғаш, тәңірі
17. «Күлтегін» жырындағы бесінші хикая A) Қапаған қағаз B) Елтеріс қаған C) Білге қаған D)
Бумын қаған
18. «Күлтегін» жырының үлкен жазуы
A) 485 өлең жолынан тұрады B) 462 өлең жолынан тұрады
C) 438 өлең жолынан тұрады D) 428 өлең жолынан тұрады
19. «Әкем қаған өлгенде інім Күлтегін жеті жаста қалды» деген сөздің иесі
A) Бумын қаған B) Білге қаған C) Елтеріс қаған D) Құтлығ қаған
20. Күлтегін 26 жасында қатысқан шайқас A) Табғаштарға қарсы B) Татабыларға қарсы C)
Қырғыздарға қарсы D) Соғдаларға қарсы
21. Күлтегін мінген тұлпарлар A) Боз ат, кер бесті B) Ақ айғыр, жирен қасқа C) Азман ақ, жирен
қасқа D) Торы ат, ақ айғыр
22. «Күлтегін» жырындағы қасиетті жер A) Өтүкен B) Шаңтүң C) Түстік D) Темір қақпа
23. Түркі халқын алдауға түсірген жаулардың бірі A) Қырғыз елі B) Соғды елі C) Татабы ел D)
Табғаш елі
24. «Күлтегін» жырындағы жер атауы A) Қадырхан B) Сілікбек C) Тадықын D) Байырқын
25. «Күлтегін» ескерткішінің ғылыми көшірмесі орналасқан оқу орны
A) Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті B) Абай атындағы Ұлттық Университет
C) Алматыдағы Қыздар Педагогикалық Университеті D) Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Университеті
26. «Күлтегін» жырындағы идея A) «Мәңгілік түркі» B) «Мәңгілік ұлт» C«Мәңгілік ел» D) «Мәңгілік
өмір»
27. 16 жасынан хандар,билер,батырлар,жанында жүріп,ел билігіне араласқан жырау,би әрі батыр.
А.Ақтамберді В.Жиембет С.Қазтуған Д.Доспамбет
28.Қарамасаң,ханым,қарама,
Сенсіз де күнімді көрермін.- деген жолдардан кейіпкердің не себепті ханға өкпелеген байқауға болады?
А. Жолымбет деген інісінің қылығына ренжіген хан Жиембетке де қырын қарайды
В.Жер дауы,жесір дауы кезінде келіспеушіліктен Жиембетке қырын қарайды.
С. Арандатушылардың сөзіне еріп Жиембетке қырын қарайды
Д.Әйелінің сөзіне еріп Жиембетке қырын қарайды.
29.Жорық жыршысы және халық эпосын жасаушы,Сүйеніш мырзаның ұлы.
А.Шернияз В.Махамбет С.Қазтуған Д.Жиембет
30.Мен-Қарға бойлы Қазтуған,
Қайғыланып асып барамын
Ноғайлы –қазақ елімнен!- жыр жолдары арқылы берілген жыраудың көңіл күйі
А.Сағыныш В. Өкініш С. Қайғыру Д.Қорқу

6-сынып 1-тоқсан




Аяз би ертегісі бойынша тестік жұмыс
1.Уәзірлер құстың жаманы деп қырғауылды қандай белгісіне қарап таңдады?
А) бірлігі жоқ, адам пайдасына жарамайтын арам құс, екеуі бірігіп ұшпаған, екеуі бірігіп қонбаған.
Ә) Жүні жоқ болса да, қанаты бар, адамның пайдасына жарайтын адал құс
Б)үстінде жүні жоқ, ұсқыны келіссіз, құстың жаманы осы екен
2. Адамның жаманын қалай таңдады?
А)үстінде жыртық тоны бар, 15 шақты қойды бағып жүрген адамды таңдайды
Ә)астына мінген атына қарап б) сөйлеген сөзіне қарап
3. Шөптің жаманы деп шеңгелді алу себептері не?
А) отқа жақсаң, отқа жанбайды, үрлесең жалыны мен шоғы бірге сөніп, күлі бұрқырап, үйдің ішін алып кетеді
Ә)Өзі – тікен, арасынан жүрсе киім жыртады, мал жемейді
Б)отқа жағуға да жарамайды, мал да жемейді, арасынан жүрсең киім жыртады
4. «Апыр – ай, сен жаман болсаң жарар еді» деп ханның күдіктенуіне не себеп болды?
А) Жаманның оған атының бойындағы мінін тауып айтуы
Ә)құстың, шөптің, адамның жаманын дәл тауып айтып, оған ханның көзін жеткізуі
Б) қорықпай, ханның көзіне тіке қарап сөйлегенінен
5. Меңді сұлу неліктен жаманды басқалардан артық санады?
А) жасы үлкен адам болған соң, ақылды деп санады
Ә) қыздың беріп жіберген қайрағын төске қойып, балғамен ортасынан бөліп, тәрелкені уатып, пышақты жетесінен сындырып, гауһар тасты қақ жарып қыздың жұмбағын ашқаны үшін
6.Хан жаманды Барсакелмеске не үшін жұмсады?
А) хан Жаманның әйелінің әдемілігін, ақылдылығын көріп оның әйелін өзі алғысы келгені үшін
Ә) Қымбат теріден тон кигісі келіп
Б) уәзірлері жаманды жек көргені үшін, сол уәзірлерінің көңіліне қарап
7. Уәзірлердің білместіктерін хан қалай мойындатты? А) оларды аңшылыққа жұмсады
Ә) «жау шапты, ел бүлінді, апат соқты. Осыны ойлап табыңдар. Болмаса, жазалаймын» - деп жұмбақ айтуы арқылы
8. қырық уәзірі жабылып бір Жаманға татымайтындығы неліктен. Мысалмен жаз

9. «біреуге ор қазба, өзің түсерсің» деген мақалдың мағынасы қандай?
А) ешқашан да біреуге жамандық жасама, өзіңнің басыңа келеді
Ә) қазылған құдықтың жанына барма, байқамай түсіп кетуің мүмкін
10. Жаманды хан болуға лайық деп, оған «Аяз би» деп ат қоюда қандай мән бар?
А) Ол ханның жанында көп жүріп, өте бай адам болып кеткені үшін
ә) Жаманның әділдігі үшін тура билік еткені үшін, нашарларға қарасқаны үшін бес хандықтың елі оған «Аяз би» деп ат қойған
11. «Әй, Аяз , баймын деп аспа, ханмын деп таспа. Аяз , әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл!» деген сөзді қандай мақал – мәтелмен ауыстыруға болады?
1.----------------------------------------------------------------------------------------------------------
12. Аяз би ертегісі қандай ертегіге жатады?
А)хайуанаттар туралы ертегі Ә) қиял – ғажайып ертегі б) шыншыл ертегі
13. Шыншыл ертегіде қиялдан туған ғажайып кейіпкерлер бола ма?
А) болады Ә) болмайды б)кейде кездеседі
14. Шыншыл ертегілердің кейіпкерлері кімдер?
А) өмірде гі бай адамдар ә) күнделікті өмірдегі қарапайым адамдар
15. Шыншыл ертегілердің мақсаты не?
А) өмірді терең танып білген адамның артықшылығын көрсету
Ә) өмірдегі бай адамдардың артықшылығын көрсету
16. «Қанын жүктемеу» сөзінің мағынасы не?
А) құдай қаласа Ә) біреудің өліміне себеп болмау Б) әділдік тауып
17. «тәңірі жазса» сөзінің мағынасы
А) әділдік тауып ә) біреудің өліміне себеп болмау б) құдай қаласа
18. «теңдік тауып» сөзінің мағынасы
А) әділдік тауып ә) біреудің өліміне себеп болмау б) құдай қаласа
19. «нашарларға» сөзінің мағынасы
А) әділдік тауып ә) кедей, тұрмысы нашар адамдарға б) құдай қаласа
20. «Аяз бидегі» ханның аты кім? А)надан ә) жаман б) Мадан

21.Әл-Фараби өлеңдерін қазақ тіліне аударған ақын:


А) Ә.Тәжібаев.
В) Б.Ысқақов
С) А.Нысаналин.
Д) С.Жиенбаев.
22.Ахмет Яссауи туған жер:
А) Түркістан.
В) Исфиджаб.
С) Мерв.
Д) Отырар.
24.Алып Ер Тұңға қайтыс болғанда артындағы елдің жоқтауы енген шығарма
А. Ахмет Иассауи хикметтер
В. Махмұт Қашқари «Диуани лұғат ат-түрік»
С. Фирдоуси «Шаһнама»
Д. Әл –Фараби « Тіршілікте құрыштай бол төзімді»
25. «Қоғалы көлдер,қом сулар», «Айналайын Ақжайық»толғауларының авторы
А. Бұқар жырау В.Доспамбет жырау С. Ақтамберді Д. Жиембет

Әдебиет 1-тоқсан Тест 7-сынып





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет