Тыңдалым жұмысын ұйымдастыру кезеңдері. Аудиомәтінмен жұмыс үш кезеңнен тұрады: 1. Тыңдалым алдындағы жұмыс 2. Тыңдалым жұмысы. 3. Тыңдалымнан кейінгі жұмыс. 1. Тыңдалым алдындағы жұмыс: - аудиомәтінді тыңдау барысында туындайтын лингвистикалық (лексикалық,
грамматикалық, фонетикалық) қиындықтарды еңсеруге;
- мәтінде көтерілетін проблемаға кіріспе жасауға (проблемалық сұрақтар қою
т. б.);
- болжау дағдыларын дамытуға (тақырып бойынша мәтін мазмұнын анықтау,
- ұсынылған мәлімдемелерді жоққа шығару немесе растау) бағытталады. Тыңдалым алдындағы жұмыс түрлері: - тақырып бойынша жаңа сөздерді енгізу, сөздікпен жұмыс жасау,
иллюстрациялық материалдар ұсыну;
- күрделі грамматикалық құрылымдармен жұмыс жасау;
- ассоциограмма арқылы ой қозғау (графикалық бейнелер, сөздер арқылы
ассоциативтік қатар құрастыру);
- аудиомәтіндегі сөздерді тақырыптық топтастыру;
- осы сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру;
- оқу техникасын, дыбыстық, әріптік сәйкестікті, дұрыс дыбыстауды, екпінді,
интонацияны пысықтау;
- көрнекі сигналдар (жаңа сөздерді, аудиомәтіндегі сөйлемдерді енгізу
барысында оларды иллюстрациялау, фото, бейнематериалдар арқылы
ұсыну(сұрақтарға жауап беру – кім не істеп жатыр, оқиға орын алған жер,
сурет бойынша диалог құрастыру), яғни, не туралы айтылып жатқанын
болдау);
- акустикалық сигналдар (дауыс,дыбыс,музыка);
- мәтіндегі күрделі сөйлемдерге түрлі сұрақтар құрастыру;
- мәтін, сурет, сөйлем арасындағы сәйкестіктерді табу;
- сөйлемдерді, абзацтарды рет-ретімен қойып шығу;
- мәтіннің жеңілдетілген нұсқасын жасау;
- мәтін фрагменттерін ішінара тыңдау барысында тапсырма орындау: сұраққа
жауап құрастыру, белгілі бір сөздердің қолданылуын мәнмәтінде дыбыстау;
- алдыңғы тұжырымдардың дұрыстығын анықтау.