Оқыту 1-дәріс. Тыңдалым мәтінін түсіну деңгейінің типологиясы. Тыңдалым түрлері. Тыңдалым жұмысын ұйымдастыру кезеңдері. Слайд



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата04.04.2024
өлшемі223.46 Kb.
#497616
1   2   3   4   5
3.1.1-дәріс

2. Тыңдалым жұмысы. 
Тыңдалым жұмысы кезеңінде мәтін толықтай, жеке абзацтар және мағыналық 
бөліктер арқылы тыңдалады. Мәтінді бірнеше рет тыңдау процесі келесі мақсатта 
іске асырылады: 
- Мәтіннің мазмұнын түсінгенін тексеру мақсатында
- Мәтінің мағыналық мазмұнын болжау мақсатында; 
- Логиканы, жадыны, зейінділікті дамыту мақсатында.
Бұл кезең келесі тапсырмаларды қамтиды: 
- Кестені толтыру (есімдер, сандар, басқа да мәліметтер); 
- Мәтіндегі бос орындарды толықтыру; 
- Негізгі 5 сұраққа жауап беру ( Кім? Қайда? Қашан ? Қалай? Неліктен?); 
- Визуалды диктант
- Дұрыс реттілікті табу (сөйлемдер, фрагменттер); 
- Тест «дұрыс»/ «бұрыс», «сәйкес/сәйкес емес»; 
- Абзацтарды атау; 
- Сөзді /сөйлемді өзгертіп айту. 
3. Тыңдалымнан кейінгі жұмыс
Тыңдалымнан кейінгі жұмыс мәтін мазмұнының толық және нақты меңгерілгенін 
тексеруге, яғни, мәтінмен жұмысты бақылауға, тыңдалған мәтінді талқылуға 
бағытталады. 
Бұл кезең келесі тапсырмаларды қамтиды: 
- Сөйлемдерді/ абзацтарды тыңдалған мәтінге сәйкес рет-ретімен қою немесе 
иллюстарциялармен, суреттермен, тақырыпшалармен сәйкестігін табу; 
- Әңгіменің жалғасын/соңын ойлап табу; 
- Жоспар құру; 
- Аналогия бойынша әңгіме ойлап шығару; 
- Рөлдік ойын өткізу
- Әңгіме тақырыбы бойынша диалог құрастыру; 
- Сөйлеу әрекеттерінің басқа түрлеріне (оқылым, жазылым) бірте-бірте және 
толық өту. 
11 
Оқу материалын бекіту үшін практикалық тапсырмаларды орындауды ұсынамыз. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. А.Құлмағамбетова «Тілдік төрт дағды бойынша белсенді оқыту тапсырмалары» ,
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» 
филиалы, 2014.-54 б. 
2. Г.Кожамкулова. К.Шомина «Развитие навыков слушания и говорения на уроках 
русского языка: методическое пособие»/ (Орыс тілі сабақтарында тыңдалым және 
айтылым дағдыларын дамыту – әдістемелік құрал). - Астана, 2015 ж. - 44 -бет. 
3. Көпеш К. Б. Тыңдалым әрекетін меңгерту және бақылаудың маңызы. Назарбаев 
университеті, Астана 
kkopesh@nu.edu.kz

 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет