Оќыту јдістерін тиімді ќолдану арќылы мектепте математикалыќ білім беру



бет8/16
Дата02.12.2023
өлшемі273 Kb.
#485204
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Оќыту јдістерін тиімді ќолдану арќылы мектепте математикалыќ біл

а) Елестету, еске түсіру әдістерінің біріне проблемалық ситуация жатады. Проблемалық ситуацияны оқу процесінде оқушылардың кейбір қиын сұрақтарды шешу үшін қолданады. Проблемалық ситуация оқушыға ой салады. Оны не өзі, не ұстаз көмегімен шешеді. Проблемалық ситуацияның ең құндылығы оқушылардың оқу материалдарын тереңірек білуге, ойлануға мүмкіндік береді. Себебі ол ғылыммен жалғасып жатыр, оқушы ғылымға үңіледі.
б) Ойындық ситуация оқушыларды ойын арқылы оқыту әдісі. Бұл оқушылардың эмоциясына әсер ету арқылы іске асады, оқу материалдарын түсінуді жеңілдетеді, адамның сезім мүшелері арқылы баланың оқуға деген ынтасын көтереді.
в) Оқулықпен сұхбат немесе пікір-сайыс әдісі ұстаздың шәкірттермен еркін әңгімелесуі. Ұстаз бен шәкірттер бүкпесіз өз көзқарастарын еркін білдіреді. Әрине бұл жерде осы сұхбатты ұйымдастырушыға, оның таңдап алған тақырыбына, құрған сұрақтарына, оның жүргізу тәсіліне көп байланысты. Оқулықпен сұхбат балалардың көзқарасын қалыптастыруға көмектеседі.
г) Оқу-лабораториялық эксперимент жалпы лабораториялық жұмыстардың жалғасы. Бұл әдіске арнайы көрнекті, техникалық құралдар керек микроскоп, өлшеу аспаптары, приборлар, техникалық құралдар т.б. жабдықталған кабинеттерде ұстаздың басшылығымен шәкірттер табиғи құбылыстарды, заттарды зерттейді, эксперимент құрады. Мұндай әдіс оқушылардың физика, химия, биология пәндеріне терең білім алуға мүмкіндік береді. Лабораториялық сабақтарда тақырып бойынша жаңа оқу материалдарын ұғыну үшін мынандай тәсілдер ескеріледі: а) сабақтың тақырыбын, міндетін анықтау; б) сабақты өткізу тәртібін түсіндіру; в) сабақтың нәтижесін жинақтап, қорытындылау; г) сабақтың нәтижесін талдау. Лабораториялық жұмыстардың түрлері - бақылау, тәжірибелер, эксперименттік есептер шығару, өлшеу жұмыстары. Дұрыс ұйымдастырылған лабораториялық-эксперименттік жұмыс оқушылардың таным қабілетін, ой-өрісін дамытады, оларды түрлі приборлар және жабдықтармен жұмыс істей білуге үйретеді, ғылыми эксперименттердің элементтерімен таныстырады. Бұл жұмыс оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, еңбек мәдениетіне тәрбиелейді.
Оқыту әдістерінің екінші кезеңіне тағы бір бөлігі білімді жаттығу, өзара оқу, тірек конспектісі, еркін ақпарат арқылы бекіту.
а) Жаттығу білімді бекітудің және білік пен дағдыларды қалыптастырудың, сондай-ақ оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың негізгі әдісі болып табылады. Жаттығулардың түрлері көп, ол пәндерге байланысты. Жаттығуды түсініп орындау керек және оны беруде баланың жас және дербес ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Жаттығулар еске түсіру немесе түсінгенін бекітетін және шығармашылық жаттығулар, қайталау болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет