Оќыту јдістерін тиімді ќолдану арќылы мектепте математикалыќ білім беру


Оқыту әдістерін топтамалау және олардың сипаттамасы



бет6/16
Дата02.12.2023
өлшемі273 Kb.
#485204
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Оќыту јдістерін тиімді ќолдану арќылы мектепте математикалыќ біл

1. 2. Оқыту әдістерін топтамалау және олардың сипаттамасы.

Әрбір әдістің өзінің нақты мақсаты, атқаратын негізгі және қосалқы қызметі, тәсілдері, нәтижесі бар. Ол оқытушы мен оқушыға, өтілетін пәнге, қолданылатын құралдарға, материалдық базаға байланысты екенін жоғарыда айттық.


Б.Т.Лихачев өзінің оқулығында (Педагогика. М.”Прометей.” 1998 ж). оқыту әдістерін топтап-жіктеуді (классификация) кезеңдерге бөліп беріпті. Біз де соны дұрыс санап, оқыту әдістерін Б.Т.Лихачевтің топтап-жіктеуімен кезеңдерге бөліп беріп көрейік. Сонымен:
а) оқыту әдістерінің білімді игеру кезеңі. Бұған әңгіме, түсіндіру, лекция, иллюстрация, демонстрация, өз бетінше атқаратын жұмыс жатады.
б) оқыту әдістерінің білімді түсініп айтып беру, қолдану кезеңі. Бұған проблемалы ситуациясы, ойын ситуациясы, пікір-сайыс, оқу- лабораториялық эксперимент, жаттығу, бірігіп сабаққа дайындалу, тірек конспектісі, ұйымдастырылмаған ақпарат, сұрақ-жауап, есеп, емтихан жатады.
в) оқу әдістерінің білімді оқу-шығармашылық арқылы меңгеру кезеңі. Бұған өз бетінше ізденіс, шығармашылық, сын, пікір білдіру жатады.
Сонымен оқыту әдістерінің бірінші кезеңіне білімді монолог-диалог түрінде беруге: әңгіме, түсіндіру, сұхбаттасу, лекция жатады. Көзбен көріп, құлақпен есту арқылы білім: иллюстрация, демонстрация арқылы қабылданады. Ал өзінше оқуға: құжаттармен танысу, оқулықтар, әдебиеттер, анықтамаларды т.б тауып оқу жатады. Енді біз осылардың әрқайсысын жеке-жеке тоқталып көрейік.
а) Әңгімелесу. Ұстаз оқу материалдарын бірізділікпен баяндайды. Материалды айқын, сенімді етіп бейнелейді, фактыға жүгінеді. Әңгіме 10-15 минуттан артпауы тиіс. Оқыту әдісінің бұл түрі тіл, әдебиет, тарих, жағырапия пәндерінде қолданылады. Мұнда сұрақ-жауап түрі кездеседі. Сондықтан ұстаз күні бұрын жоспар құрып сұрақ-жауапты ойластырады. Әңгімелесу әдісі арқылы баланың логикасы, ойлау белсенділігін арттырып, оқу материалын жүйеге келтіріп, жинақтап қорытуға мүмкіндік береді. Әңгімелеуге эвристикалық баяндау, білімді бекіту, катехизистік (діни тұрғыдағы) әңгімелер және индукциялық, дедукциялық әдістер жатады.
б) Түсіндіру де әңгімелеу сияқты монолог ретінде өтеді. Ұстаз оқу материалын баяндауда шәкірттердің белсенділігіне, ынтасына сүйенеді, материалдың мазмұнын дәлелдейді, кейбір ережелердің, ұғымдардың, заңдардың мәнін ашады. Материалды түсіндіруге түрлі құралдарды, есептер шығаруды, жазып алуды қолданады. Шәкірттер ұстаздың сұрақтарына жауап береді. Түсіндіру арқылы ұстаз шәкірттердің іс-әрекеттерін басқарады, өткен сабақтың мазмұны мен өтіп жатқан сабақтың мазмұнын салыстырып байланыс іздейді, күдікті сұрақтарға жауап береді.
в) Лекция. Басқа әдістерге қарағанда лекция күрделі, көлемді, логиканы қажет етеді. Сондықтан ол сұрақтардан және әдебиет тізімдерінен тұрады. Ұстаз әрбір сұрақтарға жеке-жеке тоқталып қорытынды жасайды. Оқушылар лекция бойынша конспект жазып ғылымның жаңалықтары мен танысады, сұрақтар қойылады. Лекция негізінде сынып оқушыларына 20-40 көлемінде өтеді. Лекция кезінде ұстаз шәкірттерге сұрақ қойып, диалог ретінде жүргізіп, шәкірттерді алға жетектейді, түсінген немесе түсінбегеніне диагноз қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет