г) Иллюстрация әдісінің көмегімен оқушыларға иллюстративті құралдарды (плакаттар, карталар, суреттер, портреттер т.б.) көрсетуге болады. Иллюстрация арқылы оқытудың көрнекілік принципін орындаймыз. Бұл әдіс оқушылардың бақылаушылығын дамытады. Иллюстрация әдісін барлық пәндерде де қолдануға болады. Ол әрбір сыныпқа да ыңғайлы. Иллюстрация арқылы шәкірттер сыныпта химия, биология т.б. пәндерден жақсы білім алады.
д) Демонстрация әдісі тәжірибелерді, приборларды, препараттарды, табиғи обьектілерді, кинофильмдерді демонстрациялауға байланысты. Демонстрация әдісі оқушылардың күрделі құбылыстарды танып қабылдауына мүмкіндік береді. Бірақ, бір нәрсені демонстрация арқылы түсіндіру үшін ұстаз күні бұрын ойлануы қажет. Оған фрагмент жасайды, сұрақтар түзеді, қай жерде қай құралды қолдану керектігін жоспарлайды. Демонстрация әдісін әр пәнде, әр сыныпта өзінше қолдануға болады.
е) Өзінше жұмыс немесе кітаппен жұмыс. Оқушылар оқулықтар, оқу құралдарымен, кітаптармен, компьютермен өзінше жұмыс істейді. Бұл әдіс оқушыны мұғаліммен болашақ сабақты өтуіне дайындайды. Өзінше жұмыстың негізгі мақсаты оқулық, оқу құралдары, ақпарат, анықтама, құжат, компьютер т.б. пайдалана отырып оқушы өзіне тақырыпқа лайықты керекті материалдарды, фактілерді, қорытынды ойларды жинақтайды, жазып алады, келесі сабаққа пайдаланады. Өзінше оқу арқылы шәкірт үзіліссіз білімін жалғастырады. Ұстаз оқушыларды өзінше жұмыс істеуге үйретуі тиіс. Ол үшін тапсырма беріп, қандай кітаптарды пайдалану керектігі айтылады. Сонда ғана оқушы ықыласпен оқиды, ақыл-ойын жұмылдырады. Оқушының өзінше жұмыс істеу әдісі білімді қабылдау-түсіну кезіңінің жоғарғы сатысы. Бұл білім алудың екінші кезеңіне көшуге мүмкіндік береді. Кітаппен жұмыс жасауға жоспар құру, тезистер, конспектілер жазу, тұтас оқу, кітапты зерттеу, ішінара пайдалану жатады.
Оқыту әдістерінің екінші кезеңіне білімді түсініп игеру және оны қолдану жатады. Олар: а) білімді елестету, еске түсіру, проблемалық ситуация, оқулық сұхбат, оқулық және лабораториялық ізденіс арқылы игеру; б) білімді жаттығу, өзара оқу, тірек конспектісі, еркін ақпарат арқылы бекіту; в) білімді игеруге, бекітуге диагностика қою арқылы меңгеру. Оған кері жауап алу, сұрақ-жауап, есеп, емтихан, тест, бақылау жұмысы жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |