Оқыту нәтижесінде міндетті



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата04.09.2023
өлшемі0.83 Mb.
#476464
1   2   3   4   5   6   7   8
Балалар әдебиеті

Дәрістер : 
15 

Қазақ балалар әдебиетінің қалыптасуы.
2.Поэзия, проза, драма саласында еңбек еткен ақын-
жазушылар. 
Қазақ балалар әдебиеті жылдан жылға сан жағынан да, 
идеялық сапасы жағынан да өсіп келеді. Мұның 
қоғамдық ірі мәне бар. Өйткені балалар әдебиеті- 
тәуелсіз еліміздің жаңа қоғам құрушы азаматтарына 
тәрбие берудің қуатты құралы. Ол жас ұрпаққа ұлттың 
рух беріп, озат идеялармен қаруландырады. 
Балалар әдебиетінің қалыптасуына, дами беруіне, оның 
жетіле түсуіне, қазақ жазушылары мен ақындары жан 
ашырлықпен тікелей ат салысып келеді. Мұның өз ұрпақ 
санасының өзгеруіне оқыту мен тәрбиелеу ісі де 
күрделене түспек.

[1], 1-22 бб 
[2], 1-47 бб 

1.Халық ауыз әдебиеті үлгілері және балалар әдебиеті.

[1], 1-22 бб 


2.Халық 
ауыз 
әдебиеті 
үлгілерінің 
балалар 
тәрбиеміндегі алар орны. 
Бесік жыры. Балалар әдебиетін жасаған - халық. Халық 
өзінің әнін баласына арнаған. Баланы жұбату, оны 
тәрбиелеу, оның алдына неше алуан мақсаттар қою өлең 
жырмен бейнеленген.
Бата беру салты. Нәрестенің дүниеге келуі – қай 
халықтың салтында болмасын үлкен шаттық, зор 
қуаныш. Бұл күндері әр жанұя ұлан асыр той жасап, 
атап өтеді, оны қазақ «шілдехана» деп атайды 
[2], 1-47 бб 

1.Мақал мен мәтелдің тақырыптық аясы. 
2.Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні.
Мақалдар – нақыл, өсиет түрінде айтылатын 
философиялық ой түйіндері, сөз мәйегі. Мақалдар, 
көбінесе өлеңдік өрнекпен, сабырлы, салмақты ырғақпен 
айтылады, қара сөзбен, яғни шешендікпен айтылатын 
мақалдар да бар. Мақал, негізінен, екі бөлімнен 
(көбінесе екі тармақтан) құралады. Бірінші бөлімде 
пайымдау (айтатын ойдың түп негізі), екінші бөлімде ой 
қорытындысы айтылады ("Еңбек етсең, емесің"). Тура 
мағынада ("Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның 
тіленбей"), ауыспалы мағынада ("От жақпаған үй – 
қорамен тең, адам кірмеген үй – моламен тең") 
қолданылатын мақалдарды, көбінесе халық шығарған. 
Жыраулар мен ақындар, ел басылары мен батырлар, 
зиялы адамдар шығар ған (авторы белгілі) мақалдар мен 
мәтелдер де өте көп. 

[1], 1-22 бб 
[2], 1-47 бб 

Ертегілер, батырлық эпостың балалар әдебиетіндегі ролі 
1.Ертегілердің түрлері. 
2.Ертегілердің балалар әдебиетіндегі орны.  
Бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін ертегілердің 
тәрбиелік мәні зор. Қазақ ертегілері тақырыбы, 
сюжетіне қарай сан алуан. Оларды: хайуанаттар туралы 
ертегілер, қиял-ғажайып ертегілер, тұрмыс-салтқа 
байланысты ертегілер, батырлық ертегілер, күлдіргі 
ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады. 
Халықтық ертегілер өмір шындығын баяндайтын 
фантастикалық негізге құрылған көркем шығарма. 

[1], 1-22 бб 
[2], 1-47 бб 

ХІХ ғасырдың жартысындаға балалар әдебиеті 
1.ХІХ ғасырдың жартысындаға балалар әдебиеті 
2.М.Өтемісұылының балалар әдебиетіне қосқан үлесі.
3.Өлеңдерінің тақырыптық аясы.
Махамбет Өтемісұлы - халықтың азаттығын көксеген 
күрескер, қол бастаған батыр, құдіретті ақын. Ақынның 
бүкіл өмірі мен ақындық қуаты түгелдей дерлік халық 
қамына жұмсалды. Махамбеттің алып жүрегі халыққа 
атай салған қоңыраудай күмбірлеп, тау құлатар тасқын 
толқындай тулап дамыл таппады. Кеудесін кернеп, 
халқының мұңы мен зарын толғады. Оның өлеңдері 
көтеріліс,тартыс, күрес үстінде туды. Махамбет ел үшін 
еңіреген ерді аңсаған, соған бар ақындық жүрегін 
арнаған. Ол «Асыл ердің баласы жауды көрсе шыдамай, 
көзін салар қияға», деп бүкіл поэзиясына ерлікті ту 
еткен. Оның алмас қылыштай өткір тотияйндай уыты, 
кекті жырлары әрқашанда халқымыз үшін баға жетпес 
құндылық болып саналады 

[1], 1-22 бб 
[2], 1-47 бб



ХХ ғасыр басындағы балалар әдебиеті
1.ХХ ғасыр басындағы балалар әдебиеті
2.А.Құнанбаев балалар әдебиетін негізін салушылардың 
бірі. 
3.Ш.Құдайбердиев «Еңлік – Кебек» поэмасы, көркемдік 
ерекшелігі.
3.Еңлік бейнесінің портрет пен диалог арқылы ашылуы.
4.Поэманың аяқталуындағы тарихи шындық. «Еңлік – 
Кебек» реалистік дастан
Абай балалар әдебиетін жасаушылардың бірі — ірі 
өкілі. Жасөспірімдерге арнап бірталай өлеңдер жазды, 
ақыл сөздер айтты. Жасөспірімдерді өнер-білімге 
шақырды. Абай өз өлеңдерін еріккеннің ермегі еткісі 
келмей, 
жастарға 
үлгі-өнеге 
көрсету 
үшін 
жазатындығын алдын-ала ескертіп өтеді- 
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ 
әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі ірі ақын, ғұлама 
ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының балалар әдебиетінде 
орны үлкен. 

[1], 1-22 бб 
[2], 1-47 бб

М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және балалар 
әдебиеті 
1.М.Жұмабаевтың лирикалық шығармалары. 
2. М.Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы. 
М.Жұмабаев - өз орнын өмірден үнемі іздеумен өткен бар 
білген-түйгенін соған сарп еткен суреткер. Оның 
шығармашылығының бір қырында – мұңлы толғаныс, 
өкіну және қайғы-қасірет, күйініш жатса, екінші жағында 
– романтикалық өршілдік, махаббат, сүйіспеншілік, 
арман, мақсат, үміт жатады.
Ақынның «Ата, бата», «Ана», «Сылдырмақ», «Сал, сал 
білек, сал білек», «Бөбектің тілегі», «Сұр құлын» қысқа 
өлеңдері баланың оқуына жеңіл. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет