Оқытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан есбосын нағиша қожақҚызы №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация»



бет51/87
Дата10.03.2022
өлшемі0.54 Mb.
#456104
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   87
әдістер

«Оқушылардың бағалауы»
Бағалау үдерісіне қатыса отырып, оқушылар тақырыпты, бағалау үдерісінің өзін және өз жұмысын орындай отырып, не жасағандарын аса тереңірек түсінуге қол жеткізеді. Бұл оларға оқудың не екенін білуге, осылайша өзінің оқуын қарастыруына көмектеседі.Оқушылар өз үй жұмыстарын немесе сыныптастардың жұмысын бағалай алады. Бұл жаттығу «ресми» немесе оқушы жасаған бағалау схемасы бойынша жұппен немесе дербес түрде орындалуы мүмкін.
«Оқушылар сұрақ қояды»
Оқушыларға сұрақтар қоюға мүмкіндік жасаңыз. Сұрақтар сыныптастарға, мұғалімге қойылуы мүмкін немесе талқылауды дамыту құралы ретінде қолданылуы тиіс.
Жазбаша түрдегі сұрақтарға арналған «Сұрақтар қорапшасы» оқушылар үшін қарым-қатынас жасаудың өзгешелеу түрі болып табылады.
Оқушылардың жұмыс туралы сұрақтарды дауыстап айтуына уақыт беріңіз. Бұл бағалау үдерісін іске қосуға және ұғымның екіұдайы түсінілуін болдырмауға көмектеседі.
«Оқушылар сұрақ құрастырады»
Мысалы –
• Сіз жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы білгіңіз келді?
• Білімді бағалау үшін мұғалімнен немесе басқа оқушылардан сұраңыз;
• Сіз өз біліміңізді бұдан әрі жақсартқыңыз келген білім/түсінбеу саласын көрсетіңіз.
Сыныпта сұрақтарға арналған қорапша қоюға болады, оқушылар оған сабақ аяқталғаннан кейін өз сұрақтарын салады.
Немесе арнайы сабақ ұйымдастыруға болады, онда оқушылар бүкіл сынып болып жұмыс істейтін немесе келесі сабаққа негіз болатын сұрақтарды құрастырады.
Оқылым бойынша ширату жаттығулары
Соңғы сөз – сөйлемнің басы
Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Олардың бірі қозғалып жүре бастайды да, кездейсоқ бір оқушының алдына тұрып, оған бір пікірді айтады, мысалы, «Сенбі – менің аптадағы ең жақсы көретін күнім». Біріншінің артында тұрған оқушы шеңберді айналып жүріп, басқа баланың алдына барып тұрып, жаңа бір пікірді айтады, жаңа пікір осының алдындағы пікірдің соңғы сөзінен басталуы тиіс, «Күн артынан күн өткенімен, жаңбыр толастар емес». Бұл тапсырма барлық оқушылар қатысып болғанға дейін жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет