Оқытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан



бет77/91
Дата22.02.2022
өлшемі2.48 Mb.
#455649
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   91
Жаңа әдіс- тәсілдер

«Сөйлеу арқылы ойлану»
Сөйлеу оқушыларға өз пікірін білдіріп, сол арқылы білім алуға көмектеседі. Төмендегідей жаттығулардың көмегімен сөйлеу арқылы ойлануды ынталандырыңыз:

  • - талқылауға арналған жаттығу;

  • - құрылымдалған топтық/жұптық жұмыс;

  • - мұғалім мен оқушының модельдеуі (шағын топтық тапсырмалар бүкіл сыныппен талқылауға қарағанда, сыныптағы әңгімелесудің санын арттырады).

«Стикер»
Стикерлерді оқу үдерісін талдау үшін қолданыңыз. Оқушылар топтарда, жұппен немесе дербес түрде мынадай сұрақтарға жауап бере алады:

  • Мен нені үйрендім?

  • Маған не қиын болып көрінді?

  • Не күрделі болды?

  • Мен енді нені үйренгім келеді?



«Стикерлермен диалог»

Түрлі әдістері көп – қант қағазын алып және онда сұрақтар немесе мақұлдауларды жазып қоюға болады, ал оқушылар оқып түсіндірулерін жазады; 3/4/5 адамнан құралған топтар стикердегі сұрақтарға жауап беріп немесе түсіндіріп, кейін бөлісіп, талқылап және таныстырулары керек; «Қабырғадағы роль» қолдануға болады және оқушылар өз пікірлер мен эмоцияларын стикерлерде білдіре алады.



«Стоп кадр»
Оқушылардан тақырыптың, хикаяның және мақұлдаудың стоп-кадрын жасауды сұрайды. Стоп-кадр бұл «камера» өз жұмысын тоқтатқан нүкте – стоп-кадрдың сыныпқа көрінбейтін басы және аяғы бар (Сонымен де ол фотографиялық суреттен айрықшаланады). Топтар өз стоп-кадрларын сыныпқа, суретте не болып жатқанын талқылау үшін, көрсетеді.


«Stop-кадр»
Stop-кадр — видеофильмнің бір сәтімен (кадр) жұмыс. Кадрды экранда
тоқтатып қойып, сұрақтар қою арқылы оқушыларды диалогқа тартуға болады. Сыныпта жұптық жұмыс ұйымдастыруға да болады: оқушылардың біреуіне кадрды көрсетіп, екіншісіне осы көріністі толықтай сипаттап беруін тапсыруға болады, екінші оқушы оған нақтылау сұрақтарын беру арқылы көмектесуіне болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет