«Тайм- менеджмент» әдісі. Бұл әдіс уақытты тиімді басқару үшін қолданылады. Яғни студенттер берілген тапсырманы өз мерзімінде орындай отырып, берілген басты 6 қағиданы ұстануы қажет.
Қағида. Гид саяхат сабағында көрсетілетін жерлермен таныстырады және саяхатшыларға дұрыс саяхат жасау үшін жолсілтемелерін таратады. (Жұмыс дәптері);
Бүгін сіздермен Еліміздің астанасы, Елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласындағы заманауи сәулет туындыларына саяхат жасайтын боламыз.
Ол үшін алдымен сіздерге жолсілтемелерін таратып берейін. Сіздер жолсілтемесіндегі тапсырмаларды орындау арқылы, келесі сәулет өнеріне көшіп отырасыздар.
Қағида. «Пирамида» ойыны.
Экранға Пирамида көрсетіледі. Пирамидада 5 сұрақ жасырылған. Әр сұраққа жауап беру арқылы ұпай жинайды.
1 ұпай- Астана қаласының атауы қай жылы Нұр- Сұлтан қаласы болып өзгертілді? (2019жылы)
2 ұпай- Мына ғимараттардың қайсысы Нұр- Сұлтан қаласында орналаспаған
(«Думан» океанариумы, Бәйтерек, НұрӘлем, Астана Опера, Мәжіліс ғимараты, Есентай Тауэрс)
3 ұпай- Суретте көрсетілген қай ғимарат «Атамекен» этно- мемориалдық кешеніне жатады?
4 ұпай- Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласын көркейтудегі идеясын жүзеге асырған қандай сәулетшілерді білеміз? (Кисе Куросава, Норман Фостер, Ақмырза Рүстембеков, Сағындық Жанболатов, Шоқан Матайбеков)
5 ұпай- «Қазақ елі» мемориалды кешенінің ұзындығы қанша деп ойлайсыздар?
Сұрақ: Елордамызда пирамидаға ұқсайтын ғимарат бар ма?
Жауап: Әрине, ол Бейбітшілік пен келісім сарайы – архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Ол Елордамызда қолдан жасалған жота үстінде орналасқан.
Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Ғимарат ағылшын архитекторы Норман Фостердің жобасымен салынған. Болат пен тастан тұрғызылған сарай өзара рухани түсінушіліктің жаһандық орталығына айналды. Ғимарат экстерьері пирамида түрінде болса, сарайдың орталық күмбезді залы Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің холлы тәрізді етіп салынған.
Бейбітшілік пен келісім сарайы сарайында Қазақстан халықтары ассамблеясы, ұлтаралық және дінаралық келісім орталығы, мұражай, университет, 1,5 мың орынды опера залы, кең орталық атриум мен қысқы бақ орналасқан. Сарай ғимаратының құрылысы құбылмалы ауа райын ескере отырып салынған; оның кіре берісі жер астында орналасқан. [1]
Бейбітшілік пен келісім сарайы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының сьездерінің өткізілетін орны ретінде әлемге әйгілі архитектор Норман Фостердың жобасымен «Сембол Иншаат» Турциялық құрылыс компаниясы салды.
|