Валютанарығы дегеніміз- сұраныс пен ұсыныс негізінде шетелдік валютаны
ұлттық валютаға курсы (құны) бойынша сатып алу мен сатуды жүзеге асыратын
орталықтар. Ұлттық валюта нарықтары дамыған нарықтық экономикасы бар
елдердің барлығында қызмет атқарады. Ұлттық нарықтардың дамуы мен олардың
өзара байланысының күшеюі арқылы біртұтас дүниежүзілік валюта нарығы
қалыптасты. Оның құрамына дуниежүзілік,аймақтық, ұлттық (жергілікті) валюта
нарықтары кіреді. Бұл нарықтар өздерінің көлеміне, валюталық операциялар
мен валюта сомаларының сипатына қарай ерекшеленеді. Әдетте,дүниежүзілік
валюта- нарықтары дүниежүзілік қаржы орталықтарында шоғырланады.
Дүниежүзілік қаржы орталықтары дегеніміз- банктердің маманданған несие-
қаржы институттарының топтасқан жері. Онда халықаралық валюта, несие, қаржы
операциялары жүргізіледі және құнды қағаздармен, алтынмен байланысты
келісімдер жасалады. Дүниежүзілік қаржы орталықтардың ішіндегі ең ірілері-
Лондон, Нью-Йорк, Майндағы Франкфурт, Париж, Цюрих, Токио валюта нарықтары.
Бұлардағы валюта операцияларының көлемі 1973-1992 жылдар аралығында күніне
10-12 млн. доллардан 900 млрд. долларға дейін өсті.
Қазіргі валюта нарықтарына мынадай ерекшеліктер тән:
1) дүниежүзілік шаруашылық байланыстарының интернационалдануы негізінде
валюталық нарықтардың да әлемдік өріске шығуы және валюталық келісімдерді
жүзеге асыруда автоматты байланыс құралдарын кеңінен қолдануы;
2) валюталық операцияларды орталықсыздандыру және олардың компьютерлерді
қолдану арқылы бүкіл әлемдік сипатқа ие болуы.
3) валюта операцияларын үйлестірудің (унификация) мәнінің артуы;
4) алыпсатарлық келісімдер көлемінің ұлғаюы;
5) валюта курстарының тұрақсыздануы.
Валюта нарықтары халықаралық есептеулерді жедел жүзеге асыруды,
дүниежүзілік валюта нарықтарының несие және қаржы нарықтарымен өзара
байлынысын нығайтуды қамтамассыз етеді. Валюта нарықтарының көмегімен
банктердің, кәсіпорындардың, сондай- ақ мемлекеттің валюталық резерфтері
толықтырылып отырады. Сонымен қатар валюталық нарықтар механизмі
экономиканы мемлекеттік реттеуге, бір топ елдердің макродеңгейінде
пайдаланылады. Нақты қызмет шеңберінде валюта нарықтары биржалардың,
брокерлік фирмалардың, банктердің және трансұлттық корпорациялардың
жиынтығы.
Форвардтық келісім- тауарларды көрсетілген уақытта сату мен сатып алу
жөніндегі алдын- ала жасалатын операциялардың түрі. Бұл келісім контрактыға
қол қойылған мезеттегі валюта курсы бойынша жасалады.
Опцион дегеніміз- мерзімдік келісім бойынша валютаны сатушы мен сатып
алушының біреуіне берілетін құқық.
Қорытынды:
Валюталық жүйелердің даму зандылықтары ұдайы өндіріс белгілеріне байланысты анықтала отырып, ұлттық және әлемдік шаруашылықтың негізгі даму кезеңдерін көрсетеді. Бұл белгілер дүниежүзілік валюталық жүйе қағидаларының әлемдік шаруашылық құрылымдарындағы өзгерістермен сәйкес келмеген жағдайларда
туындайды. Соған байланысты әлемдік валюталық жүйенің құлдырауы басталады.
Дүниежүзілік валюталық жүйелердің дағдарысы тұсында оның құрылымдық қағидаларының әрекеті бұзылып, аяқ асты валюталық қайшылықтар орын алады.
Дүниежүзілік валюталық жүйедегі дағдарыс ескі жүйенің бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты камтамасыз ететін жаңа жүйемен ауысуына әкеледі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1) «Халықаралық экономикалық қатынастар» Мамыров Н.Қ. Мадиярова Д.М. Қалқыбаева А.Е. «Экономика баспасы» 1998ж
2) «Халықаралық экономикалық қатынастар» Майдан- Әли Байгісиев Алматы «Санат» 1998ж
3) «Халықаралық валюта қатынастары және валюталық құқық» Майдан- Әли Байгісиев Алматы. «Қазақ университеті» 2004ж
4) «Халықаралық экономикалық қатынастар» Елемесов Р.Е. Алматы. «Қазақ университеті» 2002ж
5) ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы №5 2005ж
6) «Макро экономика» Мамыров Н.Қ, Тілеужанова М.Ә. Алматы 2003ж
7) «Валюталық нарық және валюталық операциялар» Бертаева К.Ж.
8) «Сыртқы экономикалық саясат және экономикалық қауіпсіздік» Мадиярова Д.М.
9) «Экономикалық теория» Әубәкіров Я.Ә. Доскалиев С.Ә. Байжұмаев Ж.Қ. Алматы. «Санат» 1998ж
10) «Қаржы» Құлпыбаев С. Алматы. «Экономика баспасы» 2007ж
11) «Қазақстан Республикасының нарығын мемлекеттік реттеу» Есқараев Ө.Қ. Алматы. «Экономика баспасы» 2007ж