Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік униветситеті Экономика, басқару және құқық факультеті



бет2/6
Дата17.10.2023
өлшемі63.81 Kb.
#480899
1   2   3   4   5   6
хк банк иси

Валюталық қатынастар дегеніміз – дәстүрлі ақша қызметінің дүниежүзілік ақша қызметіне ауысуымен байланысты жүзеге асатын экономикалық
қатынастардың жиынтығы.
Дүниежүзілік ақша сыртқы сауда мен қызмет көрсетулерді, капиталдар
қозғалысын, пайданы инвестицияларға аударуды, несие және қарыз беруді,
ғылыми – техникалық айырбасты, туризмді, заңды және жеке тұлғалардың ақша
аударуын қамтамасыз етеді. Валюталық қатынастардың жекелеген элементтерінің
қалыптасу тарихына көз салсақ, оның антик дәуірде пайда болғанын байқаймыз.

Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде валюталық қатынастар вексельдік және
айырбастық қызмет түрінде жүргізілген. Сонымен бірге, валюталық қатынастар
Орта ғасырда, дәлірек айтқанда, Лионда, Антверпенде және Батыс Еуропаның
басқа да сауда орталықтарында вексельдік жәрмеңкелер түрінде жүзеге асырылғандығын атап өту керек. Бұл жерлерде барлық есеп айырысулар
аудармалы вексельдер (тратталар) бойынша жүргізілген. Феодалдық және
капиталистік өндірістің дамуы дәуірінде халықаралық есеп айырысулар жүйесі
банктер арқылы жүзеге асырылған. Халықаралық валюталық қатынастардың
дамуына әсер еткен жағдайлар:
- өндіргіш күштердің дамуы;
- дүниежүзілік нарықтың құрылуы;
- халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі;
- шаруашылықтың дүниежүзілік интернационалдануы.

Демек, халықаралық валюталық қатынастар ХЭҚ-тың алуан түрлі формаларын
қалыптастыратын механизм болып табылады. ХВҚ өзінің дамуы процесінде
белгілі бір ұйымдастырушылық формаларға ие болды. Осы контекст бойынша
валюталық жүйе дегеніміз- валюталық қатынастарды ұйымдастырушы және
реттеуші форма. Олар ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық
келісімдермен бекітілген.

Валюталық қатынастар ұлттық және халықаралық деңгейде жүзеге асады.
Ұлттық деңгейде олар ұлттық валюта жүйесін қамтиды. Ұлттық валюта жүйесі
дегеніміз – мемлекеттік заңдармен бекітілген, елдің валюталық қатынастарын
ұйымдастыру нысаны (формасы). Ұлттық валюта жүйесінің негізгі белгілеріне
мыналар жатады:
- Ұлттық валюта бірлігі;
- ресми алтын-валюта қорының құрылымы;
-Ұлттық валютаның паритеті мен валюта курсын қалыптастыратын механизмі;
-валютаның айырбасталу мүмкіндігі (обратимость, конвертируемость валюты);
- валюталық шектеулердің денгейі;
- мемлекеттің сыртқы экономикалық есептеулерді жүзеге асыру тәртібі және
т.б. жатады.

ХВЖ – ғаламдық деңгейде валюталық-қаржылық қатынастарды реттеуші
механизм, сонымен бірге ол ұлттық валюталық жүйемен (ҰВЖ) өзара тығыз
байланысты болады.
Халықаралық және ұлттық валюталық жүйелердің өзара байланыстылығына
қарап, оларды бірдей деп есептеуге болмайды, өйткені олардың элементтері
бір-бірінен ерекшеленеді.
Осы ерекшеліктерге көзімізді жеткізу үшін ҰВЖ мен ХВЖ-нің негізгі
элементтерін қарастырайық.

Паритет – бұл валюталардың алтындық құрамына байланысты өзара қатысы.
Паритет валюта курстарының негізінде жатыр. Бірақ паритет пен валюталық
курс ешқашан да бір-біріне тең болмайды.
Валюталық курс – жекелеген елдердің валюталарының арасындағы арақатынас
немесе басқа елдің валютасымен өрнектелген белгілі бір ел валютасының
багасы.
Валюталық курс және паритет ұлттық валюталық жүйелер арасындағы
байланыстырушы буын ретінде қызмет атқарады.
2. Халықаралық валюталық жүйенің даму эволюциясы.
Өзінің дамуы процесінде ХВЖ төрт кезеңнен өтеді, олардың әрқайсысының
өзіне тән ерекшеліктері бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет