III. Тәжірибе қорытындысы бойынша магистрантқа мінездеме беру және магистранттың зерттеу тәжірибесінің бағасы
7М01202 - Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы білім беру бағдарламасының магистранты, Бостай Нұрбина Жақыпбайқызы , Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің, Әлеуметтік-Гуманитарлық ғылымдар факультеті, Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасында он бес апталық тәжірибеден өтті. Өзіне берілген тапсырмаларды уақытында орындап, іс-қағаздармен жұмыс істеуді тез меңгерді. Тәжірибе барысында өзінің диссертация жұмысымен айналысуға үлкен назар аударды. Диссертация тақырыбына байланысты деректер жинақтады. Диссертация жұмысының әрбір бөліміне сәйкес мәліметтерді жинақтап, талдады. Зерттеу жұмысының мақсат, міндеттеріне сәйкес қойылған шарттарды орындап, міндеттелген жұмыстарды уақытылы орындап жүрді. Әдебиеттермен жұмыс жасауды үйреніп, оларды талапқа сай рәсімдеуді, өзіне қажетті материалдарды сараптап, талдауды үйренді.
Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ғылыми басылымдар талабына сай жазылған «Болашақ бастауыш сынып мамандарының бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың теориялық негіздері» атты мақала жазып шықты. Әзірлеген мақала «Exellency teacher, scientific and practical» Халықаралық ғылыми журналына жарияланды. Тәжірибе барысындағы оның мүмкіндіктері мен қол жеткізген жетістіктерін ескере отырып, Бостай Нұрбина Жақыпбайқызы зерттеу тәжірибесін « » деп бағалаймын.
Тағайындалған жетекші: п.ғ.к., доцент Жумадуллаева А.А.
IV.Мекеме Магистранттың Зерттеулік Тәжірибе өту жөніндегі есебіне бағасы
Магистранттың жетістіктері мен кемшіліктері көрсетілген қысқаша мінездеме жазылып, есебіне баға қойылады.
Әлеуметтік-Гуманитарлық ғылымдар факультетінің МНК-211 тобының магистранты Бостай Нұрбина Жақыпбайқызы
«04» қыркүйек 2023 ж. – «15» желтоқсан 2023 ж. аралығында зерттеу тәжірибесінен өтуі «........................» деген бағамен бағаланды.
Зерттеу тәжірибесінің жетекшісі: Жумадуллаева А.А.
Достарыңызбен бөлісу: |