Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата04.03.2024
өлшемі1.76 Mb.
#494194
1   2   3
1 бож

Емдеу мақсаттары:
• Ауыру синдромының тоқтату;
• Қозғалыс бұзылуларын қалпына келтіру.
Емдеу шараларын таңдау функциялық диспепсиясының клиникалық нұсқасына байланысты.
Емдеу тәсілі
Дәрі-дәрмексіз емдеу
Тәртіп кестесі:
Тәртіп кестесі 1 – төсек;
Тәртіп кестесі 2 – жартылай төсек;
Тәртіп кестесі 3 – жалпы.
Емдәм №1 (асқыну кезінде);
Емдәм №5 (сауығу кезінде) жеке басына тағамдардың жағуына байланысты.
Тыйым салынады:
• жануар майлары, қақталған тағамдар,
• қаныққан ет, балық еті, саңырауқұлақ сорпалары, щи, борщ
• қара нан, жаңа піскен нан, жұқа құймақтар,
• газдалған сусындар, кофе,
• шалғам, ащы тұздықтар.
Тамаққа келесі тағамдарды қолдануға болады:
• ақ нан, кешегі болса жақсы, ақ нан қытырлағы, құрғақ қамырдан жасалған тоқаш;
• вегетариандық көжелер, қанықпаған сорпадан жасалған көжелер, езілген көжелер
• қайнатылған ет, буға піскен котлеттер, фрикаделькалар (сиыр, тауық, қоян, күркетауық еті), қайнатылған
балық еті;
• ботқалар (ірі жарма, күріш, қарақұмық, сұлы) сүт қосылған,
• макарон өнімдері, суға піскен жұмыртқа, буға піскен омлеттер,
• қаймағы алынбаған сүт және қоюланған сүт, ірімшік, айран, йогурт, ащы емес сыр,
• кисель, желе, тәтті жеміс-жидектерден жасалған шырындар
• қайнатылған көкөністер (қызылша, картоп, кәдіш, асқабақ, түрлі түсті қырыққабат),
• үгітілген шикі сәбіз, қабығы ашылған тәтті алмұрт, банандар, қайнатылған алма. с



Тітіркенген ішек синдромы 
Тітіркенген ішек синдромы – ішектің
функционалдық бұзылуы, ол аптасына
кемінде 1 рет қайталанатын іштің
ауырсынуымен көрінеді, ол келесі
белгілермен сипатталады (екі немесе одан
да көп): дәрет шығарумен байланысты, 
нәжіс жиілігінің және/немесе нәжіс
пішінінің өзгеруімен байланысты. Бұл
белгілер науқаста соңғы 3 айда, жалпы
ұзақтығы кемінде 6 ай болуы керек
ICD кодтау 10:
K58. 0-диареямен тітіркенген ішек
синдромы
K58. 9-диареясыз тітіркенген ішек
синдромы


Этиологиясы және патогенезі. 
Тітіркенген ішек синдромының себептері толық анықталған жоқ. 
Тітіркенген ішек синдромымен ауыратын адамдарға истериялық, агрессивті реакциялар, 
депрессия, жабысқақтық, канцерофобия және иппохондриялық белгілер тән. 
Тәртіппен қоректену ерекшеліктерінің де маңызы бар. Өте таза, қалдық бермейтін 
тағамды қолдану, тамақты жүйесіз қабылдау ішектің моторлы – эвакуациялық 
функциясы мен микрофлорасын өзгертеді.
Кейбір тамақты көтере алмаудың да маңызы болады (иммунологиялық және 
генетикалық сипаты болуы мүмкін). 
Тітіркенген ішек синдромының дамуында бұрын ішектің инфекция ауруымен 
ауырып, кейін дисбактериоздың қалыптасуы да маңызды.
Тітіркенген ішек синдромының даму негізін ішектің қозғалыс және секрециялық 
функцияларының реттелуінің бұзылуы құрайды. 
Тітіркенген ішек синдромында жиі ішектің моторлық функциясының күшейгені 
(гипермоторлық дискинезия), сирек – оның әлсірегені (гипомоторлы дискинезия) 
байқалады. 


Тітіркенген ішек синдромы ересек 
адамдарда 14 – 18 % кездеседі.
Ауру ең жиі 20 – 50 жастағыларда 
кездеседі, әйелдер еркектерге қарағанда 2 
есе жиі ауырады. 
Бұл синдром жуан ішектің барлық 
функционалдық ауруларын біріктіретін 
термин, ол жуан ішектің негізгі қызметінің
моторикасының, секрециясының, ауыру 
әсерлеріне сезімталдығының, су мен 
электролиттердің сіңіру қабілетінің 
бұзылуының жиынтығы болып есептеледі. 


Емі. 
Ем нәтижесінде ауырғандықты тоқтату, үлкен дәретті қалпына 
келтіру және өмір сапасын жақсарту керек. 
Диетада ауру симптомын күшейтетін тағамдарды жою керек немесе 
жетекші симптомды жоюға көмектесетін тағамдарды тағайындау 
керек. Іш қатқанда өте тазартылған тағамдар берілмейді, олардың 
орнына ішек құрамының көлемін және ішек іші қысымды қалпына 
келтіретін, тағамның тоқ ішек бойымен қозғалысын күшейтетін 
тағамдар (көкөніс, жеміс, теңіз капустасы, құрамында кебек бар нан)
беріледі. 
Тәулік бойында қабылдайтын сұйықтық көлемі 1,5 – 2 л аз болмау 
керек. 
Дәрімен емдеудің ішектің функциялық күйіне қарап іске асырады. 


Тоқ ішектің гипертонусы бар науқастарға М – холиноблокаторлар 
(метацин, пиренцепин), миотропты спазмолитиктер (но – шпа, 
папверин т.б ) тағайындалады. 
Ішектің тонусы төмендеген жағдайда прокинетиктер 
(домперидон, метоклопрамид, цизаприд) беріледі. 
Іш өткенде лоперамид, қандыағаш бүршігінің тұндырмасын 
(4,0:200, 1 / 3 стакан тұндырмасын тәулігіне 3рет) және басқа да 
антидиареялық препараттар тағайындалады. 
Бактерия шамадан тыс өскенде эубиотиктер және басқа дәрілер 
қолданылады. 
Ұйқы безінің секреторлық жетіспеушілігінде ферменттік 
препараттар беріледі. 
Психотерапия жүргізу керек. 


Диспепсия және тітіркенген ішек синдромы медициналық маңызды мәселе. 
Пациенттердің көпшілігінде алдын алу шараларын білмеуінен және алғашқы 
көмек көрсетілмеуінен , ағымының ауырлауына және емдеудің кеш
басталуына, ал кейбір жағдайларда асқынулардың пайда болуына әкеледі. 
Табысты емдеудің кілті алғашқы көмектің ерте және дұрыс көрсетілуі болып
табылады.
Егер аталған аурулар белгілері байқалса, асқынуларды болдырмай тиісті
көмекті дұрыс көрсетіп , дәрігермен кеңесу қажет.
Бұл маңызды!
ҚОРЫТЫНДЫ


«Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы » .
Б.Н. Айтбембет . 2010ж.
«Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы » Қ.А. Жаманқұлов. 1992ж. 
https://diseases.medelement.com/disease/диспепсия-k30/4617
«Пропедевтика клинических дисциплин» , Феникс , 2004ж. 
https://diseases.medelement.com/disease/балаларда-болатын-функциялық-диспепсия/14639
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


СТУДЕНТТЕРГЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС СҰРАҚТАРЫ:

Диспепсия жіктелуі.

Жалпы ішек тітіркену синдромы белгілері.

Диспепсия алдын алу.

Хирургиялық емге көрсеткіштерді атаңыз.

Диспепсия диф диагностикасы.

Ішектің тітіркену синдромының емі.
.


НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА 
РАХМЕТ!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет