Қожа ахмет яссауи ілімі қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Ислам діні ішіндегі ерекше бір төбе болып



бет2/3
Дата28.03.2024
өлшемі3.45 Mb.
#496863
түріСабақ
1   2   3
Қақан Ж. Ахмет Яссауи ілімі

Ислам діні ішіндегі ерекше бір төбе болып
табылатын, тек қана сана мен сенім арқылы
емес, сонымен қатар құпиялығы мен мистикаға толы бағыттың бірі – суфизм. Суфизм туралы айтылған ой-пікірлер мен жазылған зерттеу жұмыстары қаншалықты көп болғанымен, əлі де зерттеуді қажет ететін қыр-сырлары толып жатыр.
Қалыптасқан көзқарастардың өзінде
қарама-қайшы пікірлер мен сыни көзқарастарды
да кездестіруге болады. Әйтсе де сопылар Сарий ас-Сақати (865 ж.) «Сопылық көркем ахлақ
(мораль)», Абу Хафс ан-Найсабури (883 ж.)
«Сопылық толығымен əдеп (этика)», Абу альХусайн ан-
Нури (907 ж.) «Сопылық нəпсінің
құмарлықтары мен талаптарын тəрк ету» атты еңбектерінде айтып кеткен сопылық ілімінің рухани тазалығымен қатар адам жанының, ішкі жан дүниесінің кемелдену жолы екендігі ақиқат
Сопылықты зерттеуші Идрис Шахтың
пікірінше: «Сопылық негізі – махаббат. Сопылық қызметі махаббат күшінің көмегімен іске асып, адам өмірінде, поэзияда жəне жұмыста көрініс табады»
Ислам дініндегі «Тасаууф» (сопылық) – дінимистикалық ағым. Ғалымдардың пікірінше
«тасаууф» (сопылық) сөзінің түбірі «суфəтүн», жүн, түк сөзінен шыққан. Себебі сопылық жолын ұстанушы өзін Аллаһтың құзырына тасталған жүн тəрізді сезінеді дейді. Ал басқа бір пікір бойынша, «сыфатун» қасиет деген
сөзден тараған. Сопы өз бойына адамзаттың
асыл қасиеттерін жинаған адам десе, енді бір ғалымдар «тасаууф» сөзі – «сафа», яғни тазалық сөзінен шығады деген пікірді ұстанады.
Ислам дініндегі сопылық бағыттың елімізде таралу тарихына келетін болсақ, онда сопылық ілімнің түркі халықтары арасында таралуының
бастауын XII-XVII ғасырларға жатқызуға болады.
Түркістан, Бұқара қалалары сопылық
ілімнің түркі-, парсытілдес халықтардың арасында
таралуында зор рөл атқарды. Орталық
Азияда сопылықтың Баха ад-дин Нақшбанд (Нақшбандия), Әбдəл-ҚадирЖейлани (Қадария), Наджм ад-дин Кубра (Кубравия), Қожа Ахмет Ясауи негізін қалаған тариқаттар таралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет