Түрік ғалымы, доктор М. Фуат Көпрулу өзінің
«Турк əдебиятында илк Мутасаввифлар» атты кітабында Ахметтің əкесі Сайрамдағы Хазрет Әлидің əулеті Ибраһим атты шейх екенін айтады.
Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Анасының аты – Қарашаш.
Сопылық «мистикалық» ағымның түркітілдес тармағының негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауидың өмірбаяны жан-жақты, толық
бізге белгілі емес. Өмірінің кейбір деректері ғана жетіп отыр. Ол əлі ғылыми зерттеулерді, ізденістерді қажет етеді. Ұлы бабамыздың туған күні мен жылы белгісіз. Бірақ Әбсаттар
Дербісəлі қажының жазған деректеріне сүйенсек Қожа Ахмет Ясауи 1093 немесе 1094 жылы
туған делінеді. Өлген жылы – 1166. Қожа Ахмет Ясауидің қанша жыл жасап, ғұмыр кешкені əлі де болса нақтылы емес. Бір деректе 73 жас, бірде 85 жасты айтады. Халық аңыздарын негізге ала отырып, Жүсіпбек Аймауытұлы, Ахмет Ясауиді 125 жыл өмір сүрді дейді.
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы
– «Диуани Хикмет» (Хикмат жинақ). Бұл
шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соныңбірі 1901 жылыҚазандаТыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.
«Диуани Хикметте» негізінен төрт нəрсеге
аса көңіл бөлінеді. Олар: шариғат, тарихат, хақихат, мағрифат. «Шариғат» – ислам дінінің
заңдары мен əдет-ғұрыптарының жинағы, «тарихат» – сопылықтың идеясы, сопылық мүддесіне
жеткізген жол, «хақихат» – құдаймен бірігу оған жақындау, «мағрифат» – дін жолын танып, оқыпбілу. Ахмет Ясауидің пікірінше, «шариғатсыз»,
«тарихатсыз», «мағрифатсыз» «хақиқат» болуы
мүмкін емес
Қожа Ахмет Ясауи бала күнінен Пайғамбардың (с.ғ.с) сүннетіне сай өмір сүруге тырысыпты. Сол себепті, 63 жасқа келгенде "Пайғамбарымыз 63 жасында қайтыс болғандықтан, жер үстінде одан көп жүруден ұялғанын" айтып, құлшылық үйінің ауласынан қабірге ұқсаған бөлме қазып, жер астында өмірін жалғастырады. Жер астындағы құлшылық өмірінің дәл қанша уақытқа жалғасқаны белгісіз. Бірақ, қайтыс болған жылы 1166 жылы деп бекітілгенін ескерсек, 10 жыл жер астындағы шілеханасында құлшылықпен оңаша өмір кешкенін және 73 жасында арғы өмірге аттанғанын білуге болады.
Ясауи хикметтері сопылық ілімнің жалаң уағызшысы емес. Автордың болмысты діндар ретінде түйсінуі қаншалықты терең болса, ақын ретінде сезінуі де соншалықты шынайы. Хикметтерде баяндалатын оқиға, суреттелетін хәл, насихатталатын ілім ең алдымен сыршыл сезім көрігінен өткізіліп, тұнық поэзия табиғатына тән бейнелілікпен, көркемдікпен, шеберлікпен жеткізіледі.
«Диуани хикметке» дейінгі ежелгі түркі әдебиетінің бізге мәлім поэзиялық туындыларында «хикмет» ұғымы кездеспейді әрі ешқандай автор өз шығармасына қатысты «хикмет» атауын қолданбаған. Мұның өзі сол тұста түркілерге хикмет ілімі жақсы таныс болғанымен, оның қыр-сырын жетік меңгеріп, талғампаз поэзия талабына сәйкестендіріп, дербес жанр дәрежесіне көтеретін, ислами ұғымдар тұрақтанбаған түркі тілінде шеберлікпен жырлап жеткізуге қабілетті тұлғаның тарих сахнасына шыға қоймағанын аңғартады. Өз кезегінде бұл тарихи міндет сопылық ілімі кемел, ақындық дарыны қуатты, дәуір талабын, қоғам сұранысын терең сезінген, заман мен адам алдындағы жауапкершілік жүгін алғашқы болып арқалаған отаншыл, ойшыл ақын Қожа Ахмет Ясауидің еншісіне бұйырды.
Қорыта айтқанда, түркі әдебиетінде хикмет ілімін
алғашқы болып поэзия тілімен өрнектеген Қожа
Ахмет Ясауи шығармашылығын
болып түркі
табылады. халықтарының
Ақын әдебиет
тарихында даралап тұратын басты ерекшелік осы.
Ясауи хикметтерінің жанрлық бітімін,
стильдік
табиғатын саралауда аталған ерекшеліктің негізгі
роль атқаратыны даусыз.
Достарыңызбен бөлісу: |