«Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері»



бет2/4
Дата15.06.2016
өлшемі270 Kb.
#137527
1   2   3   4

4 тақырып: Мектеп жасына дейінгі балалардың драмалау ойыны

Қазақ тілі сабағында драматизацияланған ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуда көп әсерін тигізеді.Актерлер ретінде көбінесе басқа ұлттың балалары ойнаса, ал сарапшылар, кеңес берушілер ретінде қазақ балалары ойнайды.

Драматизацияланған ойындардың түрі басқа ойындарға қарағанда күрделірек себебі, ол ертегілерден және әдеби шығармалардан құрылады. Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез меңгереді. Мысалы: драматизациялық ойындарды екі түрлі дайындауға болады:

а) шығарманы өзгертпей дәл түрінде сахнаға қою;


б) мәтінге шығармашылық түрде өзгеріс жасап,сахнаға қою.

Драматизацияланған ойындардың белгілі, айқын мақсаты болады.



  1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықгыру.Тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамыту.

  2. Балаларды сөйлеуге үйрету.

  3. Өмірде кез-келген оқиға туралы естігенін ұғуға және іс-әрекет жүзінде көрсете білуге үйрету.

Ойынды қолдануда оның күнделікті жаттығу жұмысына айналмауын ескеру керек, ондай жағдайда баланың қызығушылығы төмендейді.Қандайда болсын ойынды таңдауда баланың жеке психологиялық қабілетін де ескерген жөн.

Осы ұсынылып отырған ойын түрлері қазақ тілін меңгеруде балалардың тілге деген қызығушылығын арттырып, оқу-тәрбие үрдісін іске асыратын ұтымды бір жолы. Сонымен қатар ойын балалардың еркін, өзін ұстауға байланысты этика дағдыларын, сондай-ақ балаларды еңбекке, ұжымдық қызметке дайындайды.

Ойын – балалар өмірінің нәрі. Ол жай ермек қана емес, сәбилердің рухани жетілуімен табиғи өсуінің қажетті алғышарты. Бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей байланысты.

Ойын – қимыл-қозғалыс, жүгіріс-секіріс сияқты дене ермегі ғана емес, ол бала тірлігінің барлық саласына сіңісіп кеткен өмірлік нәр. Бала айналадағының бәрін ойнай отырып қабылдайды, сол арқылы тәрбиеленіп, лязаттанады, өнеге үйренеді, тілдік қоры дамиды.

Балалардың тілдерін жетілдіруде, сөздік қорларын дамытуда драмалық ойындардың маңызы зор. Драмалық ойындар – мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық қалпын, ой-өрісін, мінез-құлқын орнықтырудың басты құралдарының бірі ретінде эстетикалық тәрбие қайнарларының негізгілерінің бірі болып саналады. Келешекте көркемдік талғамдарының биік сатыға көтеріліп, саналы да мәдениетті болып өсулеріне игілікті әсер етеді. Адам бойындағы ең тамаша қасиеттер балалық шағынан қалыптасады. Драмалық ойындарды екі бағытта жүогізуге болады:


  1. Сазды-сахналық (музыкалық) қойылымдар.

  2. Қуыршақ театры.

Жалпы драмалық ойындарда балалардың шығармашылық қабілет-мүмкіндіктері айқын аңғарылады. Бұған пайдаланылатын шығармалық сюжеті мен ойындық қимылдары оның мазмұны бойынша анықталады, ал рөлдерді орындау тәсілдері мимика, интонация, дене қимылдары арқылы жасалып, іске асырылады. Бұл ойындарда балаларға шығармашылық жағдайлар жасауға, өздеріне тапсырылған рөлдерді толық игеріп, кірісіп кетулеріне көп көңіл аударылуы керек. Олардың тиісті бейнелерді дұрыс жасаулары үшін іс-әрекет қимылдарын көрсетіп, жетілдіру керек. Кейіпкерлердің сөздерін, көңіл-күйі, сезімін, мінез-қалпының қандай болуы керектігін түсіндіріп, ұғындыру. Нәтижесінде драмалық ойындар барысында олардың тартымды бейнелер жасай білуіне қол жеткізуге болады. Тәрбиешілер балалардың өздеріне тән жеке қасиеттерін анықтай түсу мақсатымен театрландырылған қойылымдар өткізуге болады. Бұл ойындарда қабілеті бар деген балалар өздерін еркін ұстайды, ал ұялшақ, ұяң балаларға жай рөлдер беруге болады. Оларға қуыршақтарды қалай ұстау керектігін, мимика, дауыс ырғақтарын үйрету керек. Театрландырылған ойындардың мазмұны адамгершілік, достық, кішіпейілділік, ерлік, батылдық, адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты қасиеттерді уағыздауға бағытталады.

Театрландырылған драмалық ойындарды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар керек. Яғни топта театр бұрышы, саусақтар, қолғаптар т.б болуы керек.

Балаларға жануарлардың сыртқы кейпін салып келтіру мақсатында «Тауық пен балапандар», «Қоян мен көжектер», «Аю мен қонжық», «Түлкі мен қасқыр» және т.б драмалық ойындар ұйымдастыруға болады.

Қозғалыс әрекеттерін жетілдіру мақсатында мына әдістерді қолдануға болады:



  1. Қимылды көрсету;

  2. Жеке баламен немесе топпен жаттығу жасау.

Драмалық ойындарды көп ойнап, сахналық өнерді үйреніп, сезіне бастағанда балалардың тілі, ойлау түйсігі, өнерге құштарлығы артады.

Драмалық ойындарды ұйымдастырмас бұрын балалармен бірнеше кіріспе жұмыс жүргізу керек:



  1. Тәрбиеші балаларға ертегі, әңгімелер оқып, не әңгімелеген кезде ертегідегі кейіпкерлердің мінез-құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына назар аудару.

  2. Әр кейіпкердің киіміне көңіл бөлу.

  3. Сұрақ-жауап арқылы кейіпкерлердің қимылын, іс-әрекетін байқап, бағалау.

  4. Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағалау.


5 тақырып: Балалар ойынының жіктелуі

Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.

Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес.

Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты қүбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.

Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог-ғалымдар «жақсы ойын - жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын- жаман жұмыс сияқты» деп қарап, бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін жасайды. Өйткені, әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды керек етеді.Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған ойын, жақсы ойын болып табылмайды. Жақсы ойын да жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың ұқсастығы байқалады. Баланың ойыныңда да белгілі дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді, ал жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені айқын.

Ойын арқылы оқыту

Тәуелсіздіктің алтын тәжін киіп тілімізге жан біткелі, халқымыздың да еңсесін көтерген елге алдымен оқу-білім керек. Әлем тізгіні білімдінің қолында десек, білімді болсақ біз де тізгінге жармаса аламыз, болашақтың алысқа шабар жүйрігін біз де тартып міне аламыз. Сондықтан қазіргі білім ошақтарында байырғы білім беруді өзгертіп, жаңа педагогикалық технологияны басшылыққа алып, жаңаша әдіс-тәсілдерді енгізіп, соған орай дәстүрден тыс оқыту түрлерін қолданып, компьютерлік оқыту технологиясымен де ұштастырып келеміз.

Ендеше осы айтқандарымыздың басты мақсты жас мемлекетіміздің күш қуатын арттыру, оның іргетасын мықты етіп, биік тұрғызатын, патриоттық сезімі оянған жеке тұлғаны қалыптастыру, осы тұлғадан қабілетті балалар шығару және интеллектік белсенділігін көтерну, өз бетімен оқуға, үйренуге деген құштарлығын байыту емес пе. Бірінші кезекте міндетті түрде осы істі жүзеге асыратын нақты тірек қалыптастыру керек. Ол үшін осы жүйені іске асыруға бағыт беретін арнайы оқулықтар мен әдістемелік оқу-құралдарын шығарып, көбейту қажет.

Бастауыш сатыдағы оқу-тәрбие үрдісіндегі «Ойын арқылы оқыту технологиясының» орны ерекше. Ойын- бала әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді. Ойын бала затының түрлі қасиеттерін дамытатынын, мұнда да бала қабілеті, белсенділігі байқалатынын А.С.Макаренко өте жақсы көрсеткен. Үлкендер өмірі үшін жұмыс қызметін істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса, - деп жазды ол, балалар өмірінде ойын да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады.

Ойын балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ойынның өз мақсаты, жоспары, шарты, жауабы, арнайы заттары т.б.көптеген сипаттары бар. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала зейінін қажет ететін әдейілеп ұйымдастырылған ойындар, оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша бала ойын үстінде қандай болса, еңбекте де сондай болады, демек ойын адамның өміртанымының алғашқы қадамы.

Ақын Абай Құнанбаев:

«Ойын ойнамай,

Өсер бала болар ма?» - демекші жас сәбидің өмірі, қоршаған ортаны тануы, еңбекке қатынасы, психикалық ерекшелігі ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады.

Ойын ойнау барысында қалыптасатын мінез-құлықтар: зейін қою, ойлану, жауап беру, жауапкершілікті сезіну, шеберлікті меңгеру, қиындықты жеңу, төзімділік, еңбек ету, білім алу, талдау, түрлендіру, есте сақтау.

Ойын ойнаудағы алғашқы психикалық қажеттілік. Ойынның бала ұғымына, жас ерекшелігіне сәйкес түсініктілігі.

Ойын құраушыларының білім жүйесіне сай, сәйкестілігі және тәлім-тәрбиелік, дамытушылық әрекеттерінің мәні зор.

Қандай да болсын ойын түрі баланың пәнге деген қызығушылық қыбілетін оятатындай деңгейде болуы тиіс.



Ойынның түрлерінің жіктелуі:

Грамматикалық

Психологиялық

Тірек-сызбалар

Логикалық ойындар

Техникалық құралдар

Дене еңбек

Грамматикалық ойындар – оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, жазу тілі дамытуларына мол мүмкіндік береді. Синтаксистік, морфологиялық талдаулар процесі үздіксіз дамып отырады. Сонымен қатар фонетикалық заңдылықтарды да еркін меңгере алады. Олардың қатарына: 1) Әріптік, буындық кеспелер; 2) Диктант түрлері; 3) Жаттығу жұмыстары; 4) Шығарма, мазмұндамалар;5) Әңгіме, мәтін құрастыру; 6) Сөздіктер т.б.

Психологиялық ойындар – көбіне таныс емес тақырып кездескенде сұрақ қою арқылы ойналады. Ол оқушылардың ой-пікірлерін бөлісуге, маңызды мәселелерді, толғандырып жүрген проблемаларды шешуге, материалдарды қалай түсінгендерін ашық айта білуге септігіни тигізеді. Олардың қатарына: 1) Психологиялық сынау, сауалнамалар; 2) Сурет салу, құрастырулар; 3) Пікірталастар; 4) Сұрақ-жауаптар; 5) Сөздіктер (диалог, монолог).

Мектеп табалдырығын аттап, ең алғаш партаға отырған оқушыларға қалам мен қағаз беріп, «Қолыма тұңғыш қалам ап» тақырыбында сынақ ойынын жүргізуге болады. Ойын аяқталған соң оқушылардың барлығына психологиялық мінездеме жазылып, зерттеу жұмысын жасауға болады.



Тірек-сызбалы ойындар – бұл ойындар атынан көрініп тұрғандай көбіне сызу, суреттеу, жобалау, эскиздеу болып табылады. Ойын грамматикалық ойынмен тығыз байланысты: олардың қатарына: 1)ойық жазбалар; 2) суретті жұмбақтар; 3) сөзжұмбақ, аннаграммалар; 4) құрыштар;
5) суретпен бейнелеулер т.б.

Логикалық ойындар – оқушылардың ой-өрісін, тіл, сөз байлығын,кеңейтеді. Ойын ойланғыштыққа, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке итермелейді. Ойын ойлау шеңбері арқылы жүзеге асады. Сондықтан көбіне сұрақ-тапсырмалар арқылы беріледі. Олардың қатарына: 1)жұмбақтар; 2) логикалық сұрақ-тапсырмалар; 3) лездік тапсырмалар; 4) әрі қарай жалғастырулар бар т.б.

Техникалық құралдар ойындары – өазіргі заман талабына сай қағидаларды негізге ала отырып ойналатын ойындардың түрі. Бұл ойындарды ойнау барысы қоғамда, тұрмыста, үйде, болашақта көп көмегімен тигізетіндігі дәлелденген. Оларға: 1)лингофон құрылғылары; 2) компьютер; 3) «Сега», «Денди»; 4) тир, автоматтар; 5) кодоскоп, диапроекторлар; 6) магнитофон, музыкалық орталық; 7) караоке, ямаха т.б.

Дене -еңбек ойындары – бұл ойындардың көбі күш жұмсап, тер төгіп еңбек ету нәтижесінде жүзеге асады. Ол дене шынықтыру пәнімен тығыз байланыса отырып, мұғалім шеберлігімен жүзеге асады. Олардың қатарына: 1) сергіту сәттері; 2) тыныс алу жаттығулары; 3) спорттық ойындар; 4) ұлттық ойындар т.б.


6 тақырып: Шығармашылық және ережелі ойындар

Бүгінгі техникалық мүмкіндіктер жақсы дамыған заманда ата-аналардың да мүмкіндіктері кеңейді. Теледидар арқылы көрсетілетін ертегілер мен қойылымдар, ойындар балалардың дамуына әсерін тигізері сөзсіз. Бірақ ата-аналар балаларын күні бойы теледидардың алдына отырғызып қоймай, ертегілерді бірге тамашалап, оның түсінген-түсінбегенін сұрап, туындаған сауалдарына жауап беруге тиіс. Балаға ненің жаман, ненің жақсы екенін ертегінің мазмұнына сүйене отырып түсіндіруге тырысулары қажет.


Бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Бұл әдістің пайдасы - баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.
Ата-аналар мен тәрбиешілер баланың тілін дамыту мен оларды тәрбиелеуде ертегілер мен қойылымдардың және сахналаудың рөлінің айрықша екенін ұмытпау керек.
Сөйлесу қызметі - белсенді әрі мақсатты үрдіс. Бұл қызмет түрі серіктестің болуын талап етеді, онда бірі сұрақ қойса, екіншісі жауап береді. Мектеп жасына дейінгі мекемелердің басты мақсаты - бүлдіршіндердің диалогтық қарым-қатынасы болып табылады. Балалар өз құрбыларымен сөйлесу арқылы сөйлеу тілдерін дамытады. Сонымен қатар өзі мен серіктесінің қимыл-қозғалысын келісу мен бақылау дағдысы қалыптасады.
Келісу мен бақылау үрдісінде сөйлесуден басқа нәрселерге де көңіл аударылады (мәселен, мимика, қимыл, атрибуттар, көлеңке, саусақ қимылы, бет перде, қуыршақ, үстел үсті).
Бұл жерде мен трафареттік сахналау тәсіліне басты назар аудардым. Трафарет театры арқылы сөз құрамының байлығын, диалог, монологты дамытуға болады.
Бұл жұмыс барысында балалар дайын трафареттердің көмегімен болашақ кейіпкерлердің суреттерін жасайды. Оларды түрлі-түсті бояулармен бояйды, дайын бейнелерді қайшымен қияды. Бұл жерде балалардың шығармашылық ойлау қабілеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс істеу үрдісінде әрбір баланың жеке қиялына да орын беріледі. Себебі, трафареттермен жұмыс істеу кезінде әрбір бала өзіне берілген бейненің түр-тұлғасын, қимыл-қозғалысын өзгерте алады. Мәселен, жүгіріп келе жатқан қоянның бейнесі т.с.с.
Дайындық кезеңі аяқталғаннан кейін негізгі - сөйлеу кезеңіне өтеміз. Бұл кезеңде балалар ертегі кейіпкерлерімен диалогтық әрекет жасайды. Жұмыс жұптасу түрінде жүргізіледі. Әрбір бала өзіне жұп таңдайды. Жұптасып жұмыс істеген кезде мен кімнің ынталы, кімнің ынтасыз қатысып отырғанын бақылап отырамын.
Диалог ертегілер құрастырған кезде балалар бір-бірімен өзара сөйлеседі, бұл жерде автор сөзі деген болмайды.

Саусақ ойыны- бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.


Саусақ ойыны-саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады.
Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.
Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі.
Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі» ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.
Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады. Мысалы, «Моншақ».
Қызыл-сары көк моншақ.
Мен жасаймын көп моншақ.
Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.
Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды.

Ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту жолы. Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
- балалардың сөздік қорларын дамыту;
- жаңа сөздерді меңгерту;
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.
Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.
Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн.
Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өті леді. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б.
Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта».
Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата».
Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады.
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.
Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады.
Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.
Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгі алдыма қойған мәселем.
Сонымен, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да ойын арқылы жүзеге асады. Оны төмендегі ойын түрінен көруге болады.
7 тақырып: Мектеп жасына дейінгі балалардың сюжеттік - рольдік ойындары

Ойын мазмұнының ерекшелігі құрылысы, тәрбиешінің басшылығы (Р.Н.Жуковская, А.А.Абрамян, Л.В.Артемова). Сюжетті-рольді ойынды ұйымдастыру әдістемесіне сипаттама беру.

Балалардың тілін дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде рөлдік ойындар тиімді нәтиже береді. Рөлді ойнап тұрған бала өзін сол кейіпкерге теңеп, (мәселен, батырға, шешенге) кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді. Мақал-мәтелдерді пайдалану барысында әдеби сөйлеуге дағдыланады, сөздік қоры молаяды, халқымыздың асыл-маржанын меңгереді.

Рөлдік ойындардың негізгі талаптары



  1. Ойын балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруы қажет. Сонымен қоса, ең бастысы балалар өздеріне лайықты рөлді өзі тандап алған жөн.Сонда ғана олардың ойыны да, тілі де нанымды және сенімді шығады.

  2. Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан дұрыс.

  3. Оқушы өзін рөлде неғұрлым еркін сезінетін болса, ол соғұрлым қызыға ойнайтын болады.

  4. Осындай шарттар бойынша дайындалған материалдар қолданылса ойын соғұрлым жоғары тиімділік береді.

Рөлдік ойындардағы тәрбиешінің орны қандай?

Ойын барысында тәрбиеші рөлі үнемі өзгеріп отырады.



  1. Бастапқы кезде тәрбиеші балалардың ынта-жігерін бақылағаны жөн.

  2. Біртіндеп ол бақылаушы бола бастайды.

  3. Кейде тәрбиешінің өзі де, басты рөлден басқа кез-келген рөлде ойнауына болады, тек ол рөл топтағы тіл қатынасын дұрыс бағыттап отыратындай болсын.

  4. Тәрбиеші көмек қажет ететін балаға жақындап,жұмысына жәрдем беруіне болады.

  5. Ойын барысында тәрбиеші баланың қатесін бірден түзетпейді, тек білдіртпей өзіне ғана түртіп алады да, келесі сабақта осындай қателермен жұмыс істейді.

  6. Рөлдерді бөлу. Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріліп айтылады. Адам туралы мәлімет берілсе: ақ көңіл, адал, жалқау деп сипаттама беріледі. Бала өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс және нақты түсіндірілуі қажет. Әдетте ойнайтын рөл туралы көп айтудың да қажеті жоқ, себебі бала өз рөлін шығару үшін жеке шығармашылық мүмкіншілігін көрсету керек, ол үшін уақыт беру керек.

Рөлдерді тәрбиеші бөледі, кейде балалардың қалауларына да ерік берген жөн, себебі қазақ тілін өзі қаншалықты біледі, соғаң орай өздеріде рөлді тез тандайдьі. Өткізген ойынға қорытынды жасаған кезде ттәрбиеші дұрыс тәсіл қолданып, әсіресе, алғашқы мадақтауда абай болғаны жөн. Өйткені, баланың ынтасын жоғалтады. Талдауда алдымен жақсы жақтарын айтып, содан кейін ғана кемшіліктерге тоқталу қажет.

Егер мүмкін болса, ойын барысын бейнетаспаға немесе магнитофон лентасына жазып алған жөн. Артынан балалармен бірге көріп, тыңдап отырып, барлық ойынды немесе кейбір тұстарын талдаған өте тиімді. Себебі, мұнда тәрбиеші ойынға дайындық кезіндегі жіберіп алған қателіктерін байқайды да, келесі жолғы ойындарда осындай кемшілікгерге жол бермейді,есте сақтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет