Ойынның сипаты


IV-тарау. ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ



бет30/38
Дата01.12.2023
өлшемі1.08 Mb.
#485039
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38
dip -basketbol-oyynynydagy-oyyndyq-areketterdin-adistemelik-negizderi-2015-61

IV-тарау. ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ


4.1. Баскетболды оқыту әдістемесінің жалпы сипаттамасы

Баскетболдағы оқыту процесі оқушыны білімге, білік пен дағдыға, оларды үнемі дамытып, жетілдіруге үйретуге, сондай-ақ әдіс стратегия мен тәсілді, ойын ережелерін мен жаттықтыру әдістемесі мәселелері бойынша білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған.


Оқыту міндеттерін шешу оқушыларды оқытылатын материалдарды түсіну, оның дамуы мен оларды сыни ой елегінен өткізу үшін қажетті замануй баскетбол туралы кен көлемді біліммен қаруландыруды қарастырады. Мұнда оқушылардағы шығырмашылық ойлау мен дербес шешім іздеуді тәрбиелеу үлкен рөл атқарады.
Білімнің ықпалы - оларды қолданып, соның негізінде жаңа тұрғы ойлап табу үшін қажет жағдай. Бұл баскетболшы үшін өте қажет, себебі ойын барысында барлық шешім дербес қабылданып, тез әрі дәл қимылдауы қажет.
Оқытуда тек дене мен рухани сапалар ғана емес, сонымен қатар баскетболшы жетік меңгеруі тиіс арнайы білік пен дағдыны қалыптастыру да айрықша орын алады. Оқушылар білім мен білікке сүйеніп, алған білімдерін тиімді пайдалануға үйренуі тиіс. Оқыту процессінің мәні осында.
Қимыл дағдыларын меңгеру мынадай қимылды меңгеру деңгейін ұсынады, яғни оларды басқару автоматты түрде болады, ал қимыл жүйесінің барлығы бұзушы ықпалдар әрекетіне төзімді келеді.
Белгілі болғандай дағдының негізінде түзілуі үшін оларды белгіленген жағдайларда көп дүркін қайталануы қажет бекіген байланыстар жатыр. Алайда бұл байланыстың деңгейі қимыл элементтерін еркін өзгерту мүмкіндіктерімен қамтамасыз етуі тиіс.
Білік - бұл қажетті қимылды таңдағанда саналы әрекет ету қабілеті. Жоғары дәрежелі білікті қалыптастыруда жаттығуларды үнемі өзгермелі жағдайларда жүргізу қажет.
Оқыту мерзімін қысқарту үшін жеке элементтерді дербес үйренетіндей етіп бөлуге болады. Алайда мұнда қимылдың табиғи бірлігі бұзылмауы тиіс. Бұл үшін оқытуда белгіленген бірізділік пен бір уақыттықты сақтау керек.
Ойын әдістеріне оқыту барысында тек биомеханикалық көзқарас тұрғысынан тиімді қимылдарды меңгеру ғана емес, осы қимылдарды ойында пайдалана білу де маңызды. Сондықтан әдістік амалдар мен жеке тәсілдік әдістерге оқыту қатар жүруі тиіс. Бастапқыда әдісті амалдары бойынша жеке жүргізеді, содан кейін бөліп алған амалдарды ойын әрекеттеріне біріктіреді, ол екі немесе одан да көп амалдар болуы мүмкін.
Шабуыл әдісінің амалдарын қорғанысқа қарағанда ертерек үйретеді. Олар өзінен кейін сәйкес қорғаныс қимылдарды үйренуді қажет етеді, тек шабуылдың сәйкес амалдарын үйренгеннен кейін ғана, шабуылдың осы әрекетіне қарсы бағытталған қорғаныс амалдарын, яғни қарсы амалдарды үйренуге болады.
Қимыл дағдыларын қалыптастыру барысында оқытудың белгілі бір кезеңіне сәйкес келетін дербес кезеңдер бөліп қарастырылады. Үш кезеңге бөледі:

  • бастапқы білікті қалыптастыру, онда баскетболшы негізгі қимылдарды меңгереді, түсіндіре айтқанда оның құрылымын игереді;

  • қимыл жүйесін нақтылау;

  • дағдыны жетілдіру.

Әрбір сатыда педагогикалық міндеттерді бірізді қою өте маңызды. Оқушылар ең алдымен мынаны білуі қажет.

  • қимыл орындайтын бастапқы қалыпты меңгеру;

  • бұл қимылдарда дененің қандай бөліктері қатысатынын білу және оның бағыты; құламы, уақыт пен кеңістікке сәйкестігі қаншалықты етенін білу;

  • қимылдарды қолайлы екпінде тиімді құлаш бойынша орындау;

  • сақтау мен оның бөліктерін меңгеру;

  • қимылды жетілдіруге кірісу;

Амалдарды үйлестіруде негізінен бір әдістен соң екінші әдіс жүретін тізбектелу принципі бойынша амалдар сәйкес келетін болса, байланысқа назар аударады. Байланыста алдыңғы әдістің соңғы қимылы және келесінің басындағы қимылы түр өзгеруіне ұшырайтын бір әдістен келесісіне өтуді үйретеді.
Әдістер бірізді емес бір уақытпен үйлесетін қимыл әрекеттерін меңгергенде, яғни бірі екіншісінің фоны болған жағдайда (мысалы, жүгіру кезінде доп беру) сәйкестікті алдын ала үйренген қимыл фазалары бойынша үйренеді. Бұл үшін жүргізетін жаттығулар жиі қолданылады.
Ойын тәсілін мңгергенде мақсат қояды:

  • жағдайға қарай үйренген әдістерін пайдалануға және басқа ойыншылармен дұрыс өзара байланысуға үйрету.

  • оған тиімді қимылдауға мүмкіндік беретін келесі ойыншы үшін барынша қолайлы жағдай тудыра білуге үйрету.

Әдістің немесе тәсілдік өзара әрекеттің кез-келген амалын үйренгенде қимыл дағдыларының физиологиялық табиғатына негізделе отырып, бір педагогикалық міндеттен келесісіне бірізбен өту қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет