Ойынның сипаты


Танымдық пен белсенділік принциптері



бет33/38
Дата01.12.2023
өлшемі1.08 Mb.
#485039
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
dip -basketbol-oyynynydagy-oyyndyq-areketterdin-adistemelik-negizderi-2015-61

Танымдық пен белсенділік принциптері. Оқытуға деген шығармашылық көзқарас дайындық барысын жылдамдататын қажетті шарт.
Жаттығуларды саралау және қимыл міндеттерінің шешілу әдістерін ой шегінен өткізу, қимыл заңдылықтарын тану оқушыға қимылдарды дұрыс жеке орындауға, оларды шығармашылықпен жетілдіруге мүмкіндік береді.
Алайда, егер оқушы тапсырманы жақсы түсініп, бірақ оны орындауға белсенділік пен қызығушылық танытпаса, елеулі табысқа жете алмайды. Баскетболда оқытуға деген саналы көзқарас пен белсенділік өте қажет, себебі бір жағынан бүкіл ойын барысында оқушы жеке өзі шешім қабылдауы тиіс болса, екінші жағынан ол шығармашылық пен қимыл белсенділігінсіз әріптестерімен қажетті байланыста ойнай алмайды.
Осы принцип талаптарына сәйкес сабақтар оқушыларда танымдық, шығармашылық көзқарас, қимыл белсенділігі мен дербестікті тәрбиелейтіндей етіп ұйымдастырылуы тиіс.
Жаттығуларды саралау ойыншылардың тәсілдік ойлауын дамытуға, тсілдік мінез-құлық дағдыларын сіңіруге көмектеседі. Қимыл құру заңдарын білу жаңа үйлесімдер табуға жәрдемдеседі. Еңбек-сүйгіштік пен ақыл-ойды дамытуға тәрбиелеу - оқыту міндеттерінің бірі.
Мұнда:

  • сабақ барысында оқушының танымдық белсенділігін дамытуға жағдай тудыру;

  • жалпылауға үйрету мен ойын жағдайының белгілерін жекелей қарастыру;

  • белсенді әрекеттер мен нақты шешімдер таңдауын қолдау;

  • шығармашылық ойлануын, қимыл түрлерін зерттеудегі дербестігін тәрбиелеу;

  • жағдайды оған өзі қатысуымен талдай білу қабілетін тәрбиелеу;

  • спорт жаттықтыруының әдістемесінің негіздерін жетілдіру;

  • жұмысты талдау мен дайындық жоспарын жасауға қатыстыру;

  • дербестігін қолдап, қоғамдық жұмыстарға төрешілердің және жаттықтырушының көмекшісі ретінде қатыстыру;

  • жаттықтырушымен және дәрігермен тығыз байланыста жаттықтыру күнделігін жүргізуге үйрету маңызды.

Танымалдық пен белсенділік принциптері оқушыға оқу-жаттықтыру процесінің міндеттерін сараптау барысында терең үңілуді талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет