Ойынның сипаты


Күрделенген жағдайда әдісті жетілдіру



бет32/38
Дата01.12.2023
өлшемі1.08 Mb.
#485039
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38
dip -basketbol-oyynynydagy-oyyndyq-areketterdin-adistemelik-negizderi-2015-61

Күрделенген жағдайда әдісті жетілдіру. Қимылдың негізгі құрылымы меңгерілген соң сабаққа бұзушы ықпалдар ендіріп, сабақ барысын ойын кезіндегі жағдайға ұқсатады. Оқытудың бұл сатысындағы міндеттерді шешу үшін оқушылар:

  • әдісті орындау түрлерін үйренуі;

  • жағдайды бағдарлап, оны бағалауға үйренуі;

  • қарсы әрекет жағдайында әдісті орындауы (шартты және шартсыз) тиіс.

Жағдайды түрлі жолдармен күрделендіреді: назар аударатын ықпалдар қосады, ауысу сипатын, қимылдың құламын, т.б. өзгертеді. Бірінші кезеңдердегі жағдайды күрделендіретін ықпалдарды сабаққа бір-бірлеп, сосын түрлі қосынды түрінде ендіреді.
Ойында әдісті бекіту. Әдісті ойыннан тыс жеке орындай білу ол ойында толық пайдаланылды дегенді білдірмейді. Әдісті ойында бекіту сәтін таңдап, әдісті дер кезінде орындай білуді, оған өзгермелі жағдайда көңіл-күймен беріліп, түрлі физиологиялық астармен, түрлі қарсылық көрсету деңгейімен меңгеру қарастырылады.
Бұл сатыда мына міндеттер шешілуі тиіс:

  • дағдыны бекітіп, оны кенеттен туындаған жағдайда қолдана білу;

  • әдістің өзгергіштігі мен қозғалғыштығын жетілдіру;

  • әдісті кенеттен туындаған қарсы әрекет барысында орындау;

  • әдісті орындаудың жеке үлгісін жетілдіру;

  • әдісті ойында еркін қолдану.

Бұл сатыдағы жаттығулар жарыстық сипатта болуы тиіс. Әдісті шығармашылықпен қолдану мен оның жағдайға қарай өзгеру түрлеріне басты назар аударылады.


4.3. Оқытудың дидактикалық принциптері

Оқытудың табысы мен оның ұзақтығы оқыту процессін құруға тікелей тәуелді болады. Оның негізі педагогикалық процесстердің заңдылықтары болып табылады. Баскетбол ерекшелігінің күшіне қарай дидактикалық принциптер оқу процесте белгіленген жағдайларда ұйымдастыру мен сәйкес әдістерді табудан көрінеді. Дидактикалық принциптерді сауатты іске асыру оқыту процесін жылдамдатып қана қоймай, сондай-ақ оны әсерлі де қызықты етеді.


Ғылымилық, жүйелілік және бірізділік принциптері. Қазіргі кездегі ойынның әсерлілігі мен оның тартымдылығы ойынның өзін біршама қайта түрлендірумен, дене мүмкіндіктерін шартты түрде арттырумен, әдістер мен тәсілдерді жетілдірумен байланысты. Бұның барлығы ойынды дамытудың әрбір жаңа сатысында оның мәні, басты әдістері мен тәсілдік өзара әрекет туралы түсінігі өзгеруіне әкеледі; бір әдістің орнына екіншісі қолданылады, түрлері өзгереді және қолданылғаны қайта түрленеді.
Ғылымилық принципі оқыту материалын таңдағанда ойын дамуының тенденцияларына, ойынды дамытумен сәйкес оқыту әдістемесін түрлендіруде үнемі бағдарлап отыруды талап етеді.
Ойынның өз қисыны мен өз құрылысы бар, оған бір сәтте жету мүмкін емес. Жүйелілік жаттықтыру тәртібінде де (жұмыс, тынығу), оқытудың түрлерін, құралдары мен әдістерін кезектестіруде және жүктемеде, т.б. қарастырылуы тиіс.
Сабақ саны жаттықтыру жасы мен жынысына қарай тиімді болуы тиіс. Дайындық түрлерін үйренгенде бірізділік ретін сақтау маңызды. Материалды үйренуге белгілі бір уақыт бөлуді түрліше пайдалануы мүмкін.
Ғылымилық принципін орындау үшін мыналар қажет:

  • замануй ойын талаптарын ескеріп, оқытуға арналған материалдарды мұқият таңдау;

  • қайталау сабақтары жүйесінде дұрыс үйлестіруге мүмкіндік беретін материалды оқуда бірізділікті сақтау;

  • материалды оқыту үшін таңдағанда - негізгіден қосымшаға, ал жаттығуды таңдағанда қарапайымнан күрделіге ережесін басшылыққа алу;

  • дайындықтың барлық жақтарын біртіндеп қамтитын жоспар бойынша сабақ өткізу;

  • оқыту міндеттерін орындау үшін таңдалған нақты материалды ескеру, бұған сабақтың барлық құралдары мен әдістерін, жалпы тәртібін бағындыру;

  • кезеңімен жұмысты бағалау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет