- қысқа мерзімді (ізді деполяризация); - ұзақ мерзімді (қозу нейрондар арасындағы тұйық тізбектермен айналып жүреді). - 11. ІЗ САЛУ – кейінгі серпіністер алғашқы серпіністерден жылдамырақ өтеді (морфобиохимиялық және физиологиялық өзгерістер)
- 12. Лабильбілділігі төмен.
- 13. Гипоксияға өте сезімтал.
- 14. Орталықтар кейбір фармакологиялық
- заттарға өте сезімтал.
- 15. Үздіксіз тонуста болуы.
- 16. Пластикалық қасиет тән.
- ОЖЖ-гі тежелу, оның түрлері.
- ОЖЖ интеграциялық қызметі қозу және тежелу үрдістері арқылы іске асырылады.
- 1863 жылы академик М.И. Сеченов «Орталықтағы тежелу» атты тақырыпта тәжірибе жасап, орталық жүйке жүйесінде қозумен қатар тежелу де болатынын дәлелдеді.
- Ч. Шеррингтон, Н.Е. Введенский, А.А. Ухтомский, И.П. Павлов тежелу үрдісі мидың барлық бөлімдерінде орын алатынын көрсетті.
- Жұлын рефлекстерінің тоқтауы мұнда тежелудің дамығанын көрсетеді.
- Тежелу - қозу сияқты белсенді үрдіс.
- Орталықтағы тежелу шеткі ағзалардың қызметінің қозуын әлсіретеді, не тоқтатады.
-
- Тежелудің механизмдері:
- Орталық жүйке жүйесінде тежелу арнайы тежеуші нейрондар қозған кезде басталады (Экклс, Реншоу, Пуркинье еңбектерінде дәлелденді).
- Тежелуші жасушалар мидың әр жерінен табылды.
- Тежеуші нейронның аксон ұшынан тежеуші медиатор (гамма-амин май қышқылы – ГАМҚ, не глицин) бөлініп шығады да нәтижесінде айналасындағы мотонейрондарда тежелу үрдісін тудырады.
- Орталық жүйке жүйесінде туатын тежелу үрдістерінің пайда болу механизмдеріне қарай 4 түрге бөлінеді:
|