Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



Pdf көрінісі
бет24/26
Дата17.11.2023
өлшемі347.29 Kb.
#483566
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Дәріс тезистер Философия 2023-2024

Дін философиясы 
1. Дін - адамзат мәдениетінің феномені. Діннің тарихи формалары .
2. Дін философиясының қалыптасуы. Дін философиясы және 
теология.
3. Дін философиясының бөлімдері. 
Дін философиясы – дінді әлеуметтік-мәдени феномен, дүниетаным мен 
қоғамдық сананың формасы ретінде қарастыратын философияның бөлімі.
Егер философияны адам және әлем, адамның әлемдегі орны туралы ойлаудың 
ерекше тәсілі ретінде қарастыратын болсақ, ал дінді жаратылыстан тыс, 
абсолютті рухани-өнегелік бастамаға деген сенім мен құлшылық етуге 


негізделген дүниетанымның формасы деп түсінсек, онда дін философиясы дінді 
жете түсінудің тәсілі болып табылады. Дін анықтамалары. Дін және 
философиялық білім. Дін және өнер. «Дүниежүзілік діндер» феномені. Діннің 
алғашқы формалары. Алғашқы діни формалардың мәселелері: эволюционизм 
(У. Тейлор), структурализм (Леви-Брюль, Леви-Строс), марксизм (С. Токарев). 
Буддизм және оның негізгі бағыттары. Христиан дінінің пайда болу тарихы 
және негізгі формалары. Ислам. Исламның қалыптасуы, догматикасы және 
тарихи формалары. Суфизм (Аль-Газали, Ходжа АхметЯссауи). Дін 
философиясының даму кезеңдері: антика, орта ғасырлар, қайта өрлеу және жаңа 
заман. Неміс романтизм өкілдерінің дінифилософиялық концепциясы 
(Ф.Шлейермахер). С.Кьеркегордіңдіни философиясы. 
Дін философиясының бөлімдері: дін онтологиясы, дін гносиологиясы, дін 
этикасы, дін аксиологиясы, дін эстетикасы. 
Дәріс бойынша ағымдық бақылау сұрақтары:
1. Дін дегеніміз не және оның адамзат қоғамы үшін маңызы неде? 
2. Тарихи-мәдени құбылыс ретіндегі діннің ерекшелігі қандай? 
3. Орта ғасыр философиясының діни мазмұны. 
4. Араб-мұсылман философиясының қалыптасуындағы діннің ықпалы. 
5. Дін философиясының негізгі бөлімдері. 
Дәріс бойынша тест тапсырмалары: 
1. Әлемді құдіретті және осы дүние деп бөлетін дүниетанымның тарихи 
түрі
А) Философия 
В) Ғылым
С) Дін
Д) Әлеуметтану 
Е) Мифология 
2. Діннің ең көп қолданылатын анықтамасы 
А) Адамның Жаратушымен байланысы
В) Психикалық аурудың бір түрі 
С) Қарапайым ғылым, ақыл-ойды дұрыс пайдаланбаудың нәтижесі
Д) Құдіретті күшке деген сенімге негізделген көзқарастар мен іс-
әрекеттер жүйесі
Е) Әлемнің және адамның жаратылуы туралы аңыздар жүйесі 
3. Мына функциялар қоғамдық өмірдің қай саласына қатысты: 
дүниетанымдық, иллюзорлы - компенсаторлық, коммуникативтік, біріктіруші 
әрі реттеуші 
А) Идеология 
В) Саясат 
С) Билік 
Д) Дін
Е) Экономика 
4. Ибн-Рушд теориясындағы «Ақиқаттың екі жағы»
А) ғылым


В) дін
С) тәжірибе 
Д) сенім 
Е) сезім
F) ақыл-ой
5. Ш.Уәлихановтың философиялық көзқарастарының едәуір зерттелген 
тұстары:
А) таным теориясы 
В) аксиология 
С) логика
Д) гносеология 
Е) дін философиясы
Ғ) онтология
G) фольклор
6. Орта ғасырлық араб-мұсылман философиясына тән белгі:
А) политеизм 
В) монотеизм
С) пантеизм 
Д) атеизм
Е) деизм 
Ғ) шейзм 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет