Өкім қарағанды қ. № 2013 ж. 2013-2014 оқу жылында оқу процесін



бет2/6
Дата29.02.2016
өлшемі439.5 Kb.
#30517
1   2   3   4   5   6

2.8. Қорғалмаған курс жобасы (жұмысы) тек сол пән бойынша емтиханға кіруге рұқсат етілмейтін болып табылады. Сессия аяқталғанша қорғалмаған курс жобасы (жұмысы) академиялық қарыз болып саналады және келесі академиялық мерзімде немесе жазғы семестрде ақылы негізде жойылады.

3. Сабақ үлгеріміне аралық бақылауды жүргізу

3.1 Аралық бақылау (аттестация) Университеттің Ғылыми Кеңесімен бекітілген Академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізіледі.

3.2 «Оқу процесін оқытудың кредиттік технологиясы бойынша ұйымдастыру ережесіне» сәйкес күндізгі оқу түріндегі студенттер және желілік технология бойынша сырттай оқу түріндегі студенттер үшін графикке сәйкес семестрде 7 және 14 аптада екі аралық бақылау белгіленеді (7-кесте).

3.3 Күндізгі оқу түріндегі студенттерге және магистранттарға, желілік аралық оқыту технологиясы бойынша білім алушыларға аралық бақылаудың бағаларын қою мерзімдері графикке сәйкес белгіленеді.

3.4. Дәріс сабақтарын жүргізетін оқытушылардың аралық бақылау бағаларын енгізу мерзімі 7-кестеде көрсетілген. Аралық бақылау және емтихан бағаларын қою технологиясының сақталуын бақылау Тіркеу бөлімінің басшысына жүктеледі.


7-кесте. Күндізгі оқу түріндегі студенттер және қашықтан оқыту технологиясы бойынша білім алушылар үшін аралық бақылауды жүргізу және оның нәтижесін енгізу мерзімі

Күзгі семестр

Аралық бақылау №

Аттестаттау кезеңі

ҚарМТУ ААЖ деректер базасына бағаларды енгізу мерзімі

I

02.09.13ж. – 19.10.13ж.

18.10.13ж. - 22.10.13ж.

II

21.10.13ж. – 07.12.13ж.

06.12.13ж. - 10.12.13ж.

Көктемгі семестр

Аралық бақылау №

Аттестаттау кезеңі

ҚарМТУ ААЖ деректер базасына бағаларды енгізу мерзімі

I

22.01.14 ж. – 08.03.14 ж.

06.03.14ж. - 11.03.14ж.

II

10.03.14 ж. – 26.04.14 ж.

24.04.14ж. - 29.04.14ж.

3.5. Студенттер Академиялық күнтізбеде көрсетілген аралық бақылаудың келесі кезеңі басталғанға дейін «Студент» АЖО электрондық сынақ кітапшасын пайдаланып, өз бағаларын тексеруге міндетті. Институт директорлары пән оқытушылары мен кураторларды қатыстырып аралық бақылау нәтижелерін қарастыруды ұйымдастырады.

3.6. Оқытушы аралық бақылау бағаларын топ журналына енгізуге, студенттердің (магистранттардың) назарына жеткізуге және апелляция мүмкіндіктері туралы хабарлауға міндетті.

3.7. Аралық бақылау бағаларының нәтижесімен келіспеген білім алушылардың апелляция жүргізу туралы шешім қабылдайтын институт директорының атына аттестация бойынша баға алған күні берілген дәлелденген өтініші бойынша апелляцияға құқығы бар.

3.8. Апелляция кафедраның пәндік комиссиясы аттестация бағасы қойылған соң үш күн бойында апелляцияланатын сұрақтың мәні бойынша жүргізіледі.

Апелляцияға арналған ведомость және апелляциялық комиссия мәжілісінің хаттамасының көшірмесі 24 сағат ішінде Университеттің деректер базасына нәтижесін енгізу үшін Тіркеу бөліміне беріледі.



3.9. Студенттер бірінші аралық бақылау бағаларын екінші аттестация кезеңі біткенге дейін түзете алады. Оқытушы бірінші аралық бақылаудың түзетілген бағаларын екінші аралық бақылау бағаларын енгізу кезеңінде енгізеді.

3.10. Екінші аралық бақылау бағалары семестрдің тек 15-аптасында түзетіледі және оқытушы күзгі семестрде 13.12.13ж. – 18.12.13ж. аралығында және көктемгі семестрде 01.05.14ж. – 06.05.14ж. аралығында деректер базасына енгізуі керек.

3.11. Материалдар (жауаптар парағы, жазбаша жұмыстар, тестілеу хаттамасы және т.б.), сол бойынша аралық аттестацияның аралық бақылау бағалары қойылады және кафедрада сессия аяқталғанға дейін сақталады.

3.12. Сырттай оқу түріндегі студенттер үшін аралық бақылау зертханалық, практикалық, семинарлық сабақтарды орындау нәтижелері бойынша емтихан сессиясы кезеңінде семестрде тек бір ғана жүргізіледі, соның ішінде орындалған бақылау жұмыстарын табысты қорғау кафедрада міндетті түрде тіркелуі керек.

3.13. СҚОИ студенттері үшін тиісті кафедраларда бақылау жұмысын тексеруге тапсыру уақыты сессия басталғанға дейін 10 күн ішінде болуы тиіс. Кафедра студентке бақылау жұмысын тексеруге тапсыру кезіндегі тіркеу номері мен күнін хабарлауға міндетті. Оқытушының бақылау жұмыстарын тексеру уақыты – 5 жұмыс күні.

3.14. СҚАИ студенттері үшін сабақтар жүргізетін оқытушылар оқу пәндері бойынша емтиханға дейін аралық бақылау бағаларын қою керек (электрондық ведомостіде – екінші аралық бақылау).

4. Аралық аттестаттауды өткізу

4.1. Аралық аттестация (сессия) – пәндерді зерделегеннен кейін игерген деңгейін бағалау мақсатында студенттің жеке оқу жоспарына (ЖОЖ), Академиялық күнтізбеге, пәннің оқу бағдарламасына сәйкес жүргізілетін рәсім.

4.2. Сессия кезеңінде студенттердің оқу жетістіктерін тексеру оқылған пәндер бойынша емтихандар тапсыру түрінде жүргізіледі. Емтихандар кестесін оқу ісі жөніндегі проректор бекітеді.

4.3. Студенттер бекітілген бағдарламалар бойынша оқу жоспарына сәйкес барлық емтихандар мен сынақтарды тапсырып, курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғаулары қажет.

4.4. Емтихан өткізу үшін берілген академиялық топта сабақ бермеген, аталмыш оқыту пәнінің бағдарына сәйкес дәрежесі бар жетекші профессорлар, доценттер арасынан емтихан алушылар тағайындалады.

4.5. Емтихан өткізу рәсіміне қатыспайтын тұлғалар Тіркеу офисінің жазбаша түрдегі рұқсатынсыз өткізілмейді.

4.6. Емтихан сессиясына жіберілу жөніндегі институт директорының өкімінде аты-жөні, тегі, курсы, мамандығы мен студенттің академиялық тобы көрсетіледі.

4.7. Емтихан сессияларына өткізу екі кезеңде жүзеге асырылады:

1) институт директорының жалпы өкімімен бірінші кезеңде оқу ақысы бойынша қарыздары, қайта реквизиттау бойынша академиялық қарыздары жоқ, академиялық демалыста немесе ұзақ емделуде болмайтын білім алушыларды емтихан сессиясына жіберу жүзеге асырылады;

2) екінші кезеңде сабақ үлгерімінің ағымдағы және аралық бақылауының қорытындысы бойынша анықталатын емтиханға жіберу рейтінгісінің бағасы негізінде пән бойынша емтиханға автоматты түрде жіберілу жүзеге асырылады. Бұл рұқсат беру Тіркеу Офисімен жүзеге асырылады және әрбір студенттің тегіне қарама-қарсы тиісті белгілерімен емтихан ведомостілерінде көрсетіледі.



4.8. Сессия барысында емтихандар саны алтаудан аспауы тиіс. Егер оқу жоспарына сәйкес емтихандардың артық саны белгіленген жағдайда кафедра меңгерушілері бірнеше пәндер бойынша кешенді емтихан тапсырмаларын әзірлеуді қарастыруы керек, бұл ретте емтихандардың жалпы саны алтаудан аспауы қажет. Бірінші курста емтихандар модульдік білім бағдарламаларымен сәйкес жүргізіледі.

4.9. Кешенді тестілеу бейінді және жақын бірнеше пәндер (модульдер) бойынша емтихандарды өткізуді қарастырады. Модуль бойынша кешенді емтихан бағасы әрбір пән бойынша жеке қойылады.

4.10. Емтихандар білім алушының меңгерген теориялық білімін, олардың меңгерілу беріктігін, шыармашылық ойлаудың дамуын, өздік жұмыс жағдыларын игеруді, алынған білімдерді талдау және іс жүзіндегі тапсырмаларды шешуде қолдануды бағалау мақсатында өткізіледі.

4.11. Емтихандар білімді тексерудің тәуелсіздігін қамтамасыз ететін технология бойынша кешенді, жазбаша немесе тест түрінде өткізіледі.

Емтихан кезінде білім алушылар пәннің оқу бағдарламасын және емтихан алушының рұқсатымен силлабусқа сәйкес анықтамалық әдебиетті пайдалана алады



4.12. Кафедралар емтихан өткізу үшін емтихан материалдарын қазақ және орыс тілдерінде әзірлейді, оларды сессия басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей кафедра отырысында бекітеді. Студенттерге қағаз немесе электрондық тасымалдағыштарда береді.

4.13. Тексерілген соң жазбаша жұмыстар және басқа емтихан материалдары кафедрада сессиядан кейін бір ай бойы сақталады және кафедра оқытушыларының және студенттерінің оқу қызметін талдау үшін пайдаланылады.

4.14. Жазбаша емтихан өткізілетін пәндер кафедрасының меңгерушілері тәуелсіз оқытушылардың емтиханды өткізу технологиясын және жеке жауапкершіліксіз тексерілуін және объективті бағалануын қамтамасыз етулері тиіс.

4.15. Кешенді түрде (тестілеу, жазбаша жауаптар, әңгімелесу) емтихан өткізілетін пәндер бойынша ҚТжМК және ОжШТК кафедраларының меңгерушілері емтиханды өткізу технологиясын және жұмыстардың тәуелсіз бағалануы үшін кафедра меңгерушісі тағайындаған құрамында 3 адамнан кем емес комиссиямен қамтамасыз ету керек (комиссия төрағасы – каф. меңгерушісі).

4.16. Емтиханды тестілік бланкі түрінде немесе компьтерлерде өткізу кезінде емтиханды қабылдауды және жұмыстарды тексеруді тәуелсіз оқытушы жүзеге асыруы керек.

4.17. Студенттің емтихан жүргізіліп жатқан аудиторияға кіруі сынақ кітапшасы немесе студенттік билеті бойынша жүргізіледі. Оқытушы емтихан тапсырып жатқан студент тұлғасын сәйкестендіруді тексеруге міндетті.

4.18. Күндізгі және сырттай оқу түріндегі шағын кешендердің студенттері үшін Тіркеу офисіне бірге студенттің ЖОЖ және оқу сабақтарының кестесі әзірленеді, ол кестені тиісті деканаттар бақылауға алады. ЖОЖ бойынша оқитын студент емтиханды тиісті семестр сессиясының кестесіне сәйкес тапсырады.

4.19. Қорытынды бақылау бойынша дұрыс бағалауды аралық аттестаттаудың осы кезеңде көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

4.20. Қорытынды бақылаудың дұрыс бағасын қайта тапсыру осы Өкімнің 4.22 тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

4.21. Студент «қанағаттанарлық» бағадан жақсы баға алу мақсатында емтихан тапсыру үшін келесі академиялық мерзімде немесе жазғы семестрде ақылы негізде аталған пәндер бойынша оқу-жұмыс жоспарына сәйкес қарастырылған сабақтардың барлық түрлеріне қайтадан қатысады, рұқсат алады және қорытынды бақылауды тапсырады.

Бұл жағдайда студент оқу пәніне жазылу рәсімін қайта өтеді.

4.22. Орынды себептерсіз емтиханға қатыспаған жағдай «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңестіріледі, ол емтиханды қайта тапсыру осы Өкімнің 4.22-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.



4.23. Ақылы негізде оқитын студенттер оқуы үшін төлемақы қарызы болғанда сессияға жіберілмейді.

4.24. Студенттердің емтихандары, курстық жобалары (жұмыстары), практика бойынша есептері, дифференциалды сынақтары, аттестациялары әріптік жүйеде бағаланады (6-кесте).

4.25. Пән бойынша емтиханға студенттер аралық бақылауды «D» орташа баға және одан жоғары баға (меңгерген білімінің 50 және одан артық пайызы) алғанда, сондай-ақ жұмыс жоспарында қарастырылған курстық жобаны немесе жұмысты табысты қорғаған студенттер жіберіледі. Орташа баға әріптік бағалар жүйесінде қойылған аралық бақылаудың екі бағасының білім деңгейінің максимум пайыздық құрамы бойынша есептеледі.

4.26. Бұл ретте сырттай оқу түріндегі студент оқу-емтихан сесссиясы басталғанға дейін бақылау және есептік-графикалық жұмыстардың, курстық жұмыстардың (жобалардың) барлық түрлерін, сонымен қатар үй тапсырмаларының, СӨЖ жекелеген түрлерін, оқу программалық пәндерге сәйкес аралық бақылауды тапсырады.

4.27. Сырттай оқу түріндегі студенттер алдыңғы оқу кезеңінде академиялық қарызы болса, сессияға жіберілмейді.

Сырттай оқу түріндегі студенттердің академиялық қарызын жою бойынша қосымша сабақтар жүргізетін оқытушылар емтихан ведомомстісін Тіркеу офисіне (бас корпус, 316-ауд.) және СҚОИ қосымша пәндер бойынша емтихан тапсырғаннан кейін 2 сағаттан кешіктірмей тапсыруы керек.



4.28. Институт директоры жеке жағдайларда (сырқаттануы, отбасылық жағдайы, басқа объективті себептер бойынша) өкім негізінде студенттерге емтихан сессиясын жеке тапсыруға рұқсат етуі мүмкін (сессияны мерзімінен бұрын тапсыру немесе мерзімін ұзарту). Ол үшін:

- студенттер институт директорының атына сессияны мерзімінен бұрын тапсырудың жорамалданатын мерзімінен бір апта бұрын немесе оның мерзімін ұзарту кезінде емтихан сессиясының басталуынан бір апта бұрын емтихан сессиясын жеке тапсыруға рұқсат ету туралы тілекпен өтініш беру керек;

- емтихан сессиясы уақытында болған және оны ұзартуды талап ететін күтпеген жағдайларда, студенттер болған жағдай туралы институт секретариатына дереу хабарлауы керек және растаушы құжаттарды ұсынып, болған жағдай фактісінен кейін бір апта бойында сессияның мерзімін ұзарту туралы өтініш беру керек;

- пәндер және есептілік түрлері көрсетілетін өтінішке емтихан сессиясын жеке тапсыру қажеттілігін негіздейтін құжаттар қоса беріледі;

- сессияны мерзімінен бұрын тапсыру үшін өтініш студенттердің (магистранттардың) ағымдағы үлгерімін есепке алып емтихандарды жеке тапсыру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін шығарушы кафедраға институт директорымен жіберіледі;

- директор кафедраның дұрыс шешімінің негізінде сессияны мерзімінен бұрын тапсыру туралы өкім шығарады, ол сессия нәтижелерін есепке алу үшін тіркеу бөліміне беріледі және студентке жеке емтихан ведомостілерін береді.



4.29. Студент барлық емтихандарды институт бойынша өкімге сәйкес мерзімде тапсыруға міндетті. Өкім көшірмесі Тіркеу бөліміне жіберіледі, емтиханға орынсыз себептермен келмеген жағдайда сессияны ұзарту кезеңінде Тіркеу бөлімінің кызметкерлері ведомостіге директордың ұсынысына сәйкес келмегені жөнінде белгі қояды.

4.30. Егер студенттер емтиханға орынсыз себептермен келмесе, емтихан ведомостісінде «келмеді» деген белгі жасалады, бұл академиялық қарыз болып табылады, жазғы семестр кезеңінде ақылы негізде жойылады.

4.31. Оқытушы Электрондық түрде емтихан бағаларын ҚарМТУ ААЖ деректер базасына тікелей емтихан тапсырған соң енгізеді, содан кейін оқытушы қорытынды ведомостіні толтырады, оны басып шығарады, бағаны сынақ кітапшасына қояды, емтиханнан кейін 2 сағат өткен соң оны тиісті институт секретариатына тапсырады.

4.32. Қорытынды бақылау нәтижелерімен келіспеген білім алушылар емтихан өткен күннен кейін келесі күні апелляцияға беруге құқығы бар.

4.32.1. Апелляция апелляцияланатын сұрақтың мәні бойынша емтихан өткізген соң келесі күні кафедраның пәндік комиссиясымен жүргізіледі.

4.32.2. Апелляция келесі жағдайларда жүргізіледі:

- емтихан тапсырмалары (тестілер, билеттер) дұрыс тұжырымдалмағанда немесе пәннің оқу бағдарламасына кірмегенде;

- тест түріндегі емтихан тапсырмаларында дұрыс жауап болмағанда;

- компьютерлік тестілеу кезінде техникалық істен шығуға жол берілгенде, емтиханға кететін уақыттың 10 % артық жоғалтқан кезде, оқытушы, ЭОТО немесе Тіркеу бөлімінің қызметкері, студент қол қойған актімен тіркеледі;

- емтихан алушының студентке объективті емес қатынасы жорамалданғанда;

- емтихан нәтижелеріне әсер етпеген басқа себептер (сырқаттану, төтенше оқиғалар және т.б.).



4.32.3. Студент денсаулығы туралы шағымданғанда оқытушы емтихан кезінде студентті университет жатақханасында орналасқан Университет денсаулық пунктіне бірден жіберуі тиіс, емтихан күні өзін нашар сезінгені туралы жазбаша хат жазып береді. Денсаулығының нашарлағаны туралы дәлелденсе емтихан нәтижесі сессияны ұзарту туралы өкім негізінде сессия біткенге дейін ұзартылады.

4.32.4. Емтиханды өткізу кезінде өзін нашар сезінгендіктен емтихан нәтижесіне әсер еткені туралы студенттердің шағымдарын институт секретариаты және Тіркеу бөлімі қабылдамайды, емтихан нәтижесі өзгертілмейді.

4.32.5. Апелляция нәтижелері қорытынды ведомостісінің қиып алынатын талонына толтырылады, оны декан кейіннен сынақ кітапшасына енгізумен апелляцияны есепке алып, қорытынды бағаны есептеу үшін Тіркеу бөліміне береді.

4.33. Апелляция комиссиясының төрағасы қорытынды ведомостісінде апелляцияны есепке алып қол қояды. Пән оқытушысы студенттердің (магистранттардың) сынақ кітапшаларына бағалар қою үшін тиісті институтқа шақырылады.

4.34. Сессия мерзімін ұзартуға рұқсаты немесе сессияның жеке графигі бар студенттердің емтихандарының, курстық жобаларының, сынақтарының нәтижелері жеке емтихан ведомостісіне енгізіледі, ол студентке деканның қолы қойылып беріледі. Жеке емтихан ведомостісі берген күнді қосқанда, үш күн жарамды болады, оны студент осы кезең ішінде деканатқа тапсыру керек. Жеке ведомостілерді тапсыру мерзімдері бұзылған кезде олар өңдеуге қабылданбайды және олар жарамсыз деп саналады.

4.35. Институт бойынша өкім номері көрсетілген жеке емтихан ведомостісі қорытынды ведомостілер шыққан соң байқалған аттестациялар мен емтихан деректерін енгізген кезде пайда болған қателерді түзету үшін пайдаланылуы мүмкін. Қателерді түзету үшін деканның өкімі негіз болады, өкім қате жіберген тұлғалардан алынған түсіндірме хаттарға негізделген. Түзетілген бағаларды енгізу Тіркеу бөлімі қызметімен жүзеге асырылады.

4.36. Академиялық қарыздар, соның ішінде практикалар бойынша қарыздары, сондай-ақ оқуға қайта қабылдану, басқа ЖОО ауысу, Университеттің бір мамандығынан екінші мамандығына ауысу, академиялық демалыстан шығу нәтижесінде пайда болған, академиялық қарыздары бар күндізгі оқу түріндегі студенттер сессияға жіберіледі.

4.37. Кафедра меңгерушілері жазбаша түрдегі емтихандаржың өткізілуін қамтамасыз етуі керек. Технологиялық тұрғыдан жөнді деп танылған (бақылаудың осы түрін өткізу негіздемесімен) пәндер бойынша емтихан тест түрінде алынады. Кезекші оқытушылар ретінде тәуелсіз оқытушылар және қызметкерлер (сол пән бойынша сабақ жүргізбейтін) алынуы керек.

4.38. Кафедра меңгерушілері сессия басталғанға дейін бір айда диспетчерлік бөлімге және Тіркеу бөліміне емтихан жүргізу үшін тәуелсіз оқытушылар (доценттер, профессорлар) кандидатурасын ұсынулары тиіс.

4.39. . Кафедралар сессия басталғанға дейін бір ай ішінде бекітілген емтихан материалдарын компьютерлік тестілеу жүйесінде тапсырмалар базасын қалыптастыру үшін жазбаша және электрондық түрде Тіркеу бөліміне тапсыруға міндетті. Пәндер бойынша тест тапсырмаларының базасы бір кредитке 100-ден кем болмауы тиіс. Емтихан кезінде студентке берілетін тест тапсырмаларының базасы бір сағат ішінде 20-дан кем емес, кешенді тестілеу кезінде әрбір пән бойынша екі сағат ішінде 20-дан кем емес орындау уақытымен анықталады.

4.40. Жазбаша түрде емтихан алынатын кафедралар кафедрада әзірленген және бекіткен әдістемелерге сәйкес тапсырмалар нұсқаларын құрастырады. Сонымен қатар, сырттан келген тұлғаларға тапсырмалардың мазмұнын жариялап жібермеу үшін сақтық шараларын өткізу кафедра меңгерушілері мен пән оқытушыларына жүктеледі. Емтихан тапсырмалары емтихан басталар алдында ғана беріледі. Тіркеу офисі жазбаша түрдегі емтиханды өткізу кезінде кредиттік технологияның сақталуына бақылау жүргізуді жүзеге асырады.

4.41. Кафедралар сессия басталған дейінгі бір ай мерзімде компьютерлерде тест түрінде емтихан қабылдау үшін ҚР Бірінші Президенті атныдағы ҒЗИ талаптары бойынша тест тапсырмаларын дайындауға және ЭОТО программалық қамтамасыз ету бөліміне беруге міндетті.

4.42. Кафедра меңгерушілері 2013 жылдың қыркүйек айында Тіркеу бөліміне аралық бақылаудың нәтижелерін енгізуге, курстық жобаны немесе жұмысты қорғағаннан кейін қорытынды бағалар тобын, дайындық бағыты мен пәнін көрсетумен қоюға жауапты оқытушылардың тізімін беруге міндетті.

4.43. ҚР Тұңғыш Президенті атындағы ЭОТО межелік бақылаудың нәтижелерін енгізуге дейін 10 күн ішінде Университеттің барлық профессорлық-оқытушылар құрамына жеке логиндар мен парольдар беруге және ары қарайғы мәлімдеу үшін оқытушыларды Тіркеу офисіне беруге міндетті.

ПОҚ жеке парольдары емтихан сессиясы кезеңінде әр емтиханға құрылады және оны өткізу кезеңінде ғана жарамды болады. Оқытушылар өздерінің өзгерген парольдарын Тіркеу офисінен емтихан алдында алуы қажет.



4.44. Тіркеу офисі Академиялық күнтізбемен бекітілген мерзімде жауапты оқытушыларға олардың пәндерін және топтарын (дайындық бағыты бойынша) бекітуді жүзеге асыруы керек.

4.45. Тіркеу офисі емтиханнан бір күн бұрын емтихан нәтижелерін «Оқытушы» АЖО енгізу үшін және қорытынды ведомостіні жасау үшін топқа, пәнге және дайындық бағытына тәуелсіз оқытушыны бекітуді жүзеге асырады. Оқытушы емтиханнан кейін деректер базасына бағаларды енгізеді және сәйкес институттың секретариатына екі сағат ішінде тапсыруға міндетті қорытынды ведомостіні жасайды және береді.

4.46. Емтихан қабылдайтын оқытушы емтиханға дейін топтың электрондық емтихан ведомостісімен танысуға және емтиханға жіберілгені немесе жіберілмегені туралы мәліметті студенттің назарына жеткізуге міндетті.

4.47 Компьютерлік тестілеу болған жағдайда деректер базасына емтихан нәтижелерін енгізу автоматтық түрде іске асырылады, ал қорытынды ведомостісін құруды Тіркеу офисінің қызметкерлері іске асырады. Деректер базасына бағаларды автоматтық конверсиялау мүмкін емес жағдайда, оқытушы «Оқытушы» АЖО емтихан нәтижелерін енгізуді іске асырады, қорытынды ведомостісін құрады және береді, оларды екі сағаттың ішінде тиісті деканатқа тапсырулары керек.

4.48. Оқытушылардың емтихандар нәтижелерін электрондық құжат айналымына енгізілген кафедралар пәндері бойынша енгізуді «Оқытушы» АЖО көмегімен келесі технология бойынша жүргізу керек:

- оқытушы емтихан аяқталған соң емтихан бағаларын АЖО пайдаланып, тікелей ҚарМТУ ААЖ деректер базасына енгізеді, қорытынды ведомостісін толтырады және басып шығарады, студенттерге қорытынды бағаларды хабарлайды және апелляция мүмкіндігі туралы ақпарат береді;

- оқытушы қорытынды ведомостіні емтихан күні емтихан тапсырғаннан кейін 2 сағаттан кешіктірмей немесе егер емтихан жұмыс күнінің екінші жартысында аяқталса, келесі күні таңертең тиісті институт секретариатына тапсырады және студенттердің сынақ кітапшаларына қорытынды бағаларын қояды, ал апелляция жүргізген жағдайда - апелляцияны есепке алып қорытынды ведомостіні алған соң қояды;

- студенттер (магистранттар) емтиханнан кейін бір тәулік бойында электрондық сынақ кітапшасын немесе «Студент» АЖО пайдаланып, пән бойынша қорытынды бағалармен танысуға міндетті, олай болмағанда енгізу қателері туралы шағымдар қабылданбайды.



4.49. Қорытынды бағаларды есептеу:

4.49.1. Емтиханы бар пән бойынша қорытынды баға мына формула негізінде есептеледі:
, (1)
мұндағы А1, А2, – бірінші және екінші аралық бақылау бағалары;

Э – емтихан бағасы;

0,6; 0,4 – емтиханның салмақ коэффициенттері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет