Перкуссияда Қабыну ошағы орналасқан тұста перкуторлы дыбыстың тұйықталғаны (қысқаруы) анықталады. Терең орналасқан шағын ошақтар тұсында перкуторлы дыбыс өзгермеуі мүмкін, оның үстіне ең қатты перкуссия тек қана 6-7 см тереңдікке жете алады. Сондықтан, терең орналасқан ошақтар перкуторлы аймаққа енбейді. Перкуторлық және пальпаторлық өкпе тінінің тығыздалуы белгілері өкпедегі инфильтрат көлемді болса ғана (бөліктік, полисегментарлы пневмонияда) және инфильтрат кеуде бетіне жақын орналасса толық табылады Пальпация Дауыс дірілі кейде перкуссия мен аускультацияда анықталмайтын ұсақ инфильтраттар тұсында анықталады. Өкпе тінінің қабыну инфильтратының диагностикалық басты аускультативті белгілері: - Крупозды пневмонияға ең тән аускультативті белгіге қабыну ошағы тұсында естілетін крепитация жатады.
- Крепитация ішке дем алған сәтте қабыну экссудатымен ылғалданған альвеол қабырғалары жазылуынан қалыптасады.
- Крепитация тек ішке ауа алудың соңында естіледі, дем шығаруда естілмейді.
Крупозды пневмонияда везикулярлы тыныстың әлсіреуі пневмонияның бастапқы және шешілу сатысында болады. - Крупозды пневмонияда везикулярлы тыныстың әлсіреуі пневмонияның бастапқы және шешілу сатысында болады.
- Везикулярлы тыныстың әлсіреуі альвеолалар қабырғасының қабыну инфильтратымен зақымдалуынан және ішке дем алғанда альвеол қабырғасы тербелісі төмендеумен түсіндіріледі
- Альвеолалар қабыну экссудатына толық толғанда везикулярлы тыныс толық естілмейді
Достарыңызбен бөлісу: |