Өкпе тінінің тығыздалу синдромы. ӨКпедегі қуыс синдромы


Өкпе абсцессі Өкпе абсцессі



бет8/10
Дата07.10.2022
өлшемі1.34 Mb.
#462177
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
№4 ТығызҚуысСиндромдары

Өкпе абсцессі

Өкпе абсцессі

Өкпедегі қуыс синдромының клиникасы.

  • Кезеңдері:
  • 1-і кезең, іріңдік ашылғанша (қабыну инфильтрациясы кезінде)
  • 2-і кезеңі, іріңдік бронхқа ашылғаннан кейін (іріңнен босағаннан кейін ауалы қуыс қалады)

Іріңдіктің бірінші кезеңі

  • Клиникасы: жоғары қызба, қалтырап тоңу, тершеңдік, науқастың жалпы жағдайы ауыр.
  • Қарау: кеуденің ауратын жағы тыныс қимылдарынан қалыңқы.
  • Пальпацияда:
  • - қабынудан өкпенің тығыздалған тұсында
  • дауыс дірілінің күшеюі.
  • - сұйықтық-ірің пайда болғанда дауыс дірілінің
  • әлсіреуі.
  • Перкуссияда: дыбыстың тұйықталуы.
  • Аускультацияда: бронхиальды реңді везикулярлы тыныс; везикулярлы тыныстың әлсіреуі.
  • Іріңдік терең орналасса – деректер әлсіздеу.

Іріңдіктің бірінші кезеңі

  • Рентгенде: айналадағы тіннен айқын шектелген дөңгелек пішімді гомогенді қараю.
  • Қанда: лейкоцитоз, лейкоциттер формуласының солға ығысуы, ЭТЖ тездеуі.

Іріңдіктің (абсцесстің) екінші кезеңі

  • Клиникасы: көлемді (1,5 литрге дейін) іріңді қақырықты жөтел
  • Төсектегі қалпы: жөтелді, қақырық бөлуді азайту үшін мәжбүрлі қалып
  • Төсекте жату: жоғарғы бөлік іріңдігінде;
  • Төсекте отыру: төменгі бөлік іріңдігінде;
  • Төсекте қырынан жату: іріңдік оң не сол өкпеде.
  • Пальпацияда: дауыс дірілінің күшеюі.
  • Перкуссияда:
  • Тимпанды реңді өкпелік дыбыс;
  • Ірі қуыстар тұсында метал дыбысты типанит;
  • «жарылған құмыра шуы» - егер ірі қуыс тар саңылаулы бронхпен қосылған болса.

Іріңдіктің (абсцесстің) екінші кезеңі

  • Аускультацияда: бронхиальды тыныс, ірі көпіршікті ылғалды сырылдар;
  • ірі қуыстар тұсында – амфоралы тыныс.
  • Бронхофония: күшейген.
  • Рентгендік тексеруде: (дене қалпына байланысты өзгеретін) деңгейі горизонтальды сұйығы бар қуыс
  • Қақырық: іріңді, көбіне 2 ( детриттер болса 3) қабатты қақырық, лейкоцитттер, эластикалық талшықтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет