68
тасымалданған бөтен гендердің өнімдері
кей кездерде клеткаға жағымсыз, тіпті
зиянды болып шығуы мүмкін.
Вирустар өсімдіктерге айтарлықтай зиян келтіреді жəне астық өнімділігін
төмендетеді). Вирусқа төзімді өсімдіктердің төзімділік генің басқа өсімдіктерге
көшіру мəселелесі зерттелуде. Вирустық инфекцияға
табиғи иммунитет мына
себептерге байланысты: вирустың өсімдікке кіре алмау, вирустың таралуын
болдырмау, вирус ауру белгілерің басу.
М.Ə. Айтхожин атындағы Молекулалық биология жəне
биохимия
институтында белок жəне нуклеин қышқылдары лабораториясында профессор Б.
Ісқақовтың жетекшілігімен өсімдіктерді тұрақты трансформациялау жəне
регенерациясын жүргізу жұмыстары жөнге салынған. Алғашқы рет Қазакстанда
картоптын Y-вирусына төзімді темекі жəне картоп трансгендік өсімдіктері
алынған. Вирус инфекциясына төзімді өсімдіктерді алу үшін олардың геномына
вирус геномының антимағыналық кішігірім бөлігі енгізілген. Антимағыналық
бөлігінің экспрессиясы өсімдіктің шаруашылық
құндылығын нашарлатпайды
екен. Бұл өсімдіктер егістік сынаудан өтті, сондықтан оларды жаңа сорт-тарды
шығару үшін бастапқы линиялар ретінде қолдануға əбден болады.
Өсімдіктер өздері де вирусқа қарсы улы белоктарды синтездейді. Мысалы,
фитолакка
(Рпуtо1асса атeriсапа) жапырақта жəне тұқымда сондай үш түрлі
белоктарды синтездейді. Американдык «Фитолакка» фирмасы өндіретін токсин
вирустармен күресуге тиімді жəне жануарларға зиянсыз. Клеткаға фитовирустар
кіргенде бұл токсин өсімдіктің өзінің рибосомаларын инактивтейді, сондықтан сол
клеткалар некрозға ұшырап, патогеннің көбеюіне жəне өсімдікте таралуына жол
бермейді. Қазір осы белоктың гені жəне оны
басқа өсімдіктерге енгізу
мүмкіндікгі зерттелуде.
Картопқа
Erwina carotovora топырақ бактериясы үлкен зиян келтіреді.
Сонымен күресу үшін Т4 бактериофагтың лизоцим ферментінің генің картопқа
енгізіп, патогенге төзімді трансгендік өсімдік алынған. Лизоцим бактериялардың
қабығын ыдырататын фермент.
Достарыңызбен бөлісу: