Қолданбалы экология



Pdf көрінісі
бет26/47
Дата22.09.2022
өлшемі0.65 Mb.
#461124
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47
Əдебиет:
Негізгі – 3 [3.2; 14-126].
Қосымша –2 [125-132].
 Бақылау сұрақтары:
1. Гендік инженерия деген не?
2. Гендік инженерия қалай іске асырылады?
3. Гендік – инженерлік зерттеулердің кезеңдерін атап бер.
14–ДƏРІС. Гендік инженерияның мүмкіндіктері мен даму болашағы
Өсімдіктер клеткаларына бөтен генетикалық информацияны енгізу
мүмкіндігі тəжірибе жүзінде дəлелденді. Осы əдістерді пайдалану негізінде бағалы
қасиеттері бар өсімдіктерді шығару үшін болашақта көп үміт күтерлік жол
ашылды.
Өсімдіктерге бөтен гендерді тасымалдау жөніндегі деректер 1981 жылдан


65
бері белгілі. Бактериялар, жануарлар жəне өсімдіктер гендері плазмидалық Т-ДНҚ-
ның рестрикциялық бөліктеріне тігіліп, өсімдік геномына нəтижелі тасымалданған.
Соның арқасында гендік инженерия əдістерімен құрастырылған алғашқы өсімдіктер
алына бастады. Өсімдіктерге бөтен генді Ті-плазмиданың көмегімен енгізу
əрекеттері ең алдымен бактерия гендерін тасымалдаумен байланысты болды. Ол
үшін көбінесе антибиотиктерге төзімділікті белгілейтін Е.соli гендері қолданылды.
Бұл гендердің пайдаланудың себебі олардың өсімдік геномына тіркесуін оңай
тексеруге болатындығынан. Бірақ бұл антибиотиктерге төзімділік белгісінің өсімдік
үшін ешбір пайдасы жоқ. Турасын айтқанда, бұл бөтен ген нақтылы тасымалданды
ма, жоқ па, тек қана соның куəсі ретінде жəне де, егер тасымалданса, онда өзіне тəн
қызметін атқарып жатқанын көрсету үшін керек. Бұндай селективті маркерлік
гендер өсімдіктерге туыстығы жоқ бөтен гендерді тасымалдау кезінде
қолданылады.
Өсімдіктер геномын гендік инженерия əдістерімен өзгертіп қайта құру
мақсаты екі мəселені шешуге бағытталған. Біріншісі, трансгенозға байланысты
негізгі теориялық мəселелерді шешу, ал тубінде өсімдіктердің алдын ала
көзделген белгілі қасиеттері бар жаңа варианттарын шығару үшін практикалық
селекцияда гендік инженерия əдістерін қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет