Иықтың үштен бір бөлігінен ампутация жасау
Иықты ампутациялау конусты шеңберлі, үш кезеңді Пирогов әдісімен жасалады. Оны қысқартып, бұлшық етті екі кезеңде кесуден бас тарту керек, өйткені кейін оның кесіндісінің пішіні нашарлайды.
Иықтың төменгі үштен бір бөлігінен ампутация жасау
Теріні меншікті шандырға дейін шеңберлі тілу орташа ампутациялық пышақпен жүргізіледі. Алдыңғы жағыда /бүгілетін бетінде/ терінің қатты жиырылатындығын артқы жағында қарағанда 2 см төменірек кесіледі. Терінің алдыңғы ішкі жағында жиырылуы 1 см-ге тең.
Сосын жиырылған тері жиегінің бойымен бұлшық еттерді кеседі.
Теріні жоғарыға ығыстырып, бұлшық еттерді сүйекке дейін екінші мәрте кеседі. Сүйекке жатқан жақын кәрі жілік жүйкесін /артқы-сыртқы бетінде/ кесіп кетпеуі керек.
Ампутацияның келесі кезеңдері: әдеттегідей. Араланатын деңгейден 0,3 см жоғары сүйек қабығын кеседі және оны төменге қарай сыдырады. Сүйекті аталайды. Иық артериясын және a. profunda brachii-ді, a. collateralis ulnaris superior-ді байлайды және ортаңғы, шынтақ және кәрі жілік жүйкелерін және nn. cutaneiantibrachii medialis және lateralis-терді жоғарырақтан кеседі. Жгутті алып, ұсақ тамырларға лигатура салады. Антогонист бұлшық еттерді бір-біріне тігеді. Теріге тігіс салады және 2 тәулікке дренаж қояды.
Иықтың ортаңғы үштен бөлігіне ампутация жасау
Терінің жиырылуы бүгілетін бетінде 3 см, ал жазылатын бетінде 1 см-ге тең. Осы деңгейде иық артериясын, аа. profunda brachii, collateralis ulnaris superior-ді байлайды және ортаңғы, шынтақ, кәрі жілік, тері-бұлшық ет жүйкелерін және nn. cutaneiantibrachii medialis және lateralis-терді жоғарырақтан кеседі.
Иықтың жоғарғы үштен бір бөлігіне ампутация жасау
Тренделенбургты әдісі бойынша немесе Кепплер бойынша жгут салады немесе қан ақпас үшін, ірі тамыр бағаналарын байлап тастайды. Иықтың жоғарғы үштен бір бөлгінде кесінділі Фарабеф әдісімен, алдыңғы-сыртқы үлкен кесіндісін кесіп ампутация жасайды. Тілікті sulcus deltoideopectoralis бойымен м. pectoralis majoris-тің төменгі жиегіне дейін /оның бекітілген жерінен кеседі/ жүргізеді. Осы кезде иық артериясы мен венасын байлау керек. Сосын жартылай шеңберлі тілікпен м. deltoidei-нің алдыңғы, төменгі және артқы бойымен тіледі. Бұлшық етті сүйектен бөліп алып, барлық тері-бұлшық ет кесіндісін жоғары қайырады. Бұл кезде m. deltoideus-ті жүйкелендіретін n. axillaris-ті бүтін сақтау керек. Толық және жартылай mm. latissimi dorsi мен teretis majoris-тің сіңірлерін ішкі-сыртқы жағынан тіліп, көлденең тілікпен алдыңғы-сыртқы жартылай шеңбердің жоғарғы нүктесімен қосады.
Келесі кезеңдерде жұмсақ ұлпаларды сүйекке дейін, сүйек қабығын кесіп, осы сыдырып, сүйекті кеседі. Бұдан кейін жараны тазалап, теріге және бұлшық еттерге тігіс салып, дренаж қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |