Ќолдыњ топографиялыќ анатомиясы



бет30/55
Дата16.02.2024
өлшемі109.67 Kb.
#492185
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   55
Қайырбекова Қ.Қол мен аяқтың топографиялық анатомиясы және оперативтік хирургиясы

Жапқыш өзек
Өзектің және оның құрылымдарының топографиясын білу үшін regionis femoris anterioris-тің жоғарғы бөлігінің алдыңғы –ішкі бөлігінің топографиясына қарау керек. Бұл жердің терісі қозғалғыш, тері асты клетчаткасы ерлерде жақсы жетілген. Тері асты клетчаткасының ішінен fascia superficialis өтеді. Ол екі жапырақшадан тұрады, оның арасында а. және v. pudendae externae жатады /жиі ол екеу болады/. Клетчатканы беткі шандырмен бірге алғанда скарповский үш бұрышының ішкі бөлінген – for. ovale, v. saphena magna-ны және алып кетуші бұлшық ет топтарын, оны жауып тұрған санның жалпақ шандырын көреді. Fascia lata-ның астында m. pectineus, одан да ішкері біршама артында – m. gracilis жатады. Санның барлық алып келуші бұлшық еттері Linea aspera femoris-ке бекітіледі. Canalis obturatorii-дің сыртқы тесігін көру үшін, mm. pectineus- ті, adductor longus-ті кесіп, мм. аdductor brevis-пен adductor magnus-ті ашу керек. Соңғы бұлшық еттерді m. gracilis-пен бірге ішкі жағына ығыстыру керек.
Жапқыш өзекті – жоғарыдан suleus abturatorius /жүлге/-пен ол шат сүйегінің көлденең бөлігінің төменгі бетінен ішке қарай қиғаш бағытталған, төменнен-me,brana obturatoria және жапқыш бұлшық еттермен шектелген.
Бүйір қабырғасы – шат сүйегінің жапқыш жүлгесінің жиегіне бекітілетін /жоғарғы жағына екі жапырақшаға бөлінетін/ жапқыш мембраналардан құралған. Сонымен қатар жапырақшалар жапқыш бұлшық еттерге бекітілген. Canalis abturatorii-дің ұзындығы 2 см-ге тең. Өзектің бағытын шап өзегіне ұқсас қиғаш болады.
Ішккі тесігі – membranae obturatoriae-ның сыртқы жоғарғы бөлігінде орналасқан және оның талшықтарымен құралған, сонымен қатар өзектің құрамына fascia abturatoriae-да кіреді.
Сыртқы тесігі - m. pectineus- тің астында мембрананың жоғарғы бөлігінде орналасқан. Оны көру үшін, айдаршық тәрізді бұлшық етті кесіп, оны ығыстыру керек. Осы кезде ғана тесікті саусақпен сипап, шығатын тамырларды және жүйкелерді көруге болады.


Жапқыш өзектің құрылымдары
N. obturatorius plexus lumbalis-тен /өзектің сыртқы тесігінде екі тармаққа бөлінеді/ ramus posterior. /алдыңғысы ұзын алып келуші бұлшық етпен және айдаршық тәрізді бұлшық еттің алдымен және қысқа алып келуші бұлшық еттің артымен өтіп, осы бұлшық еттердің және m. gracilis-ті жүйкелендіреді. Артқы тармағы қысқа алып келуші m. adductor magnus бұлшық еттің артында abturatoria –нің үстінде жатады. А. ricae-ның тармағы /28,5 процент шамасында а. epigastricae inferior-ден шығады/, онымен бірге v. abturatoria жүреді. Жапқыш өзекте артерия екі тармаққа –алдыңғы және артқы бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет