Ќолдыњ топографиялыќ анатомиясы


Тізе буыны аймағы (recio geni)



бет34/55
Дата16.02.2024
өлшемі109.67 Kb.
#492185
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55
Қайырбекова Қ.Қол мен аяқтың топографиялық анатомиясы және оперативтік хирургиясы

Тізе буыны аймағы (recio geni)
Шекарасы: жоғарыдан-тізе ұршығынан екі елі жоғары санды айналдыра жүргізілетін көлденең сызықпен, төменнен /балтырда/ - tuberosita tibiae деңгейінде балтырды айналдыра жүргізілген көлденең сызықпен шектелген.
Regio genii anterior және regio genu posterior-ге бөлінеді. Олардың арасындағы шекара санның айдаршығының артқы жиегінен ұзынша етіп жүргізілген сызық болып табылады. Regio genii anterior –тізе буынының алдыңғы беті. Бұл аймақты қарағанда тізе ұршығы және Lig. patellae proprium pateiiae, -ның бүйірінде біліктер /қанат тәрізді қатпарлардан/ plioae arares /құралған/ көрінеді. Аймақтың төменгі бөлігінде – tuberositas tibiae-ны, одан жоғары - Lig. patellae proprium, m. guadrilipitis femoris –ті, patella-ның бүйір жиектерін және негізін сипап сезуге болады. Сыртқы жағынан асықты жіліктің шыбғының басын, оның арасында tuberositas tibiae-tuberculum gerdi /tractus iliotibialis-тің бекітілген жер/ және санның сыртқы айдаршығын ішкі жағынан – tibiae-ның ішкі айдаршығын және tuberculum adductorium орналасқан санның ішкі айдаршығын сипап сезуге болады.
Қабаттары:

  1. Терісі қалың, қозғалғыш.

  2. Тері асты клетчаткасы patella-ның бүйірінде жақсы жетілген, ал алдыңғы жайында мүлдем жоқ болуы мүмкін. Бұнда тері асты тамырлар және жүйкелері өтеді. Клетчаткада бір қатар кілегей сөмкелер орналасқан. Bursa mucosa infrapatellaris тері мен Lig. patellare proprium арасында жатады. Bursa mucosa praepatellaris subcutanea ұршығының алдында жатады. Кілегей сөмке «кавалеристов» сынның ішкі айдаршығының деңгейінде тері астында жатады.

  3. Меншікті шандыр fascia latae-ның жалғасы, тізенің аймағының алдыңғы бөлігін жабады және шығып тұрған сүйекке бекітіледі. Тізе ұршығы аймағында шандырдың астында борпылдақ клетчатка қабаты бар, онда кілегей сөмке – bursa praepatellaris subfascialis жатады.

  4. Бұлшық еттер M. guadricipitis femoris-тің сіңірі тізе ұршығын қоршап, жиектерімен бірігеді және соңғы жағы Lig. patellare proprium-ге жалғасады. Төрт басты бұлшық еттің сіңірлерінен басқа тізе ұршығының екі бүйірінен сіңір талшықтарының шоғырлары өтеді /retinaculum/. Retinaculum patellae mediale margo infraglenadalis tibiae-ға бекітіледі, retinaculum patellae laterale жерді төмпешігі аймағында timia-ға бекітіледі. Ішкі жағынан mm. sartorii, gacelis, semetendinosi және semimembranosi сіңірлері өтеді, ол tuberositas tibiae аймағына бекітіледі де «қаз табанын» түзеді. Сыртқы жағынан m. bicipitis femoris сіңірі өтеді. Санның төрт басты бұлшық етінің сіңірінің астында, patellae-дан жоғары, сүйекте m. articularis genu бөлігі жатады. Бұл бұлшық ет жиырылғанда тізе буынының буын сөмкесі тарылады. Bursa infrapatellaris profunda Lig. patellare proprium және tuberositas tibiae-ның жоғарғы бөлігінің арасында жатады.Ол буын қуысынан май бөлігімен ажыратылады. Bursa mucosa subtendinea patellae-ның алдыңғы бетінде сүйек қабығымен төрт басты бұлшық еттің сіңірінің арасында жатады. Bursa mucosa suprapatellaris тізе ұршығынан жоғары, m. guadricipitis femoris сіңірінің артында жатады. Бұл сөмке буын қуысымен байланысты, басқа сөмкелер байланыспайды. Меншікті шандыр астында көптеген аретриальды тор орналасқан – rete patellae және rete articulate genu.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет