Балтырдың жоғарғы бөлігінде байлау
Теріні 7-8 см ұзындықта кескін сызықпен кеседі. Тері асты клетчаткасын беткі шандырды қабат-қабатымен кеседі. Кейде клетчаткада кездесетін v. saphenae magnae тармақтарын шетке ығыстырады. 2. балтырдың меншікті шандырын науа тәрізді зонд бойымен кеседі, m. gastrocnemii жиегін іздеп және оны артқа ығыстырады. Бұдан кейін жара түбінен m. soleus ті көрінеді. 3. М. soleus ті пышақпен кеседі, оның өткір жағы сүйекке қарау керек. Бұдан кейін сары түрдегі m. solei-нің алдыңғы бетіндегі апоневрозын /доғал жолмен бұлшық етті ығыстырып/ кеседі және балтырдың меншікті шандырының терең жапырақшасы тереңнен көрінетіндей болады, ол арқылы тамыр-жүйке шоғырын көреді. 4. Жүйкенің ішкі жағынан науа тәрізді зонд бойымен canalis cruropliteus-ті ашады, артерияны бөліп және купер инесін сабақталған лигатурамен байлайды. Коллатерияльды қан айналым a. tidialis anterioreis тармақтарымен қалпына келеді.
Ішкі тобық аймағында байлаау
Теріні 6 см ұзындықта доға тәрізді ішкі тобық аймағына сәйкестендіре кеседі. Қабат-қабатымен тері асты клетчаткасын және беткі шандырды кеседі және Lig. Laciniatum-ді ашады. 2. Lig. Laciniatum-ді және балтыр шандырын науа тәрізді зонд бойымен кеседі. Бұл кезде артериямен шатыстыратын венаның артында жататын жүйке сіңірлердің арасында жататынын ескеру керек. Тамыр-жүйке шоғырының алдында фиброзды қынаппен m. flexoris digitorium longi сіңірі, артынан - m. flexoris pallucis longi сіңірі өтеді. 4. Артерияны бөлектеп жүйке жақтан Дешан инесіндегі лигатураны енгізеді. Коллатериальды қан айналым a. tidialis anterioreis тармақтарымен және a. peroneae-мен жүзеге асады.
Веналарға жасалатын опеарциялар
Веналарды байлаау
Көрсетккіштеі: Операция жасауға жиі көрсеткіштердің бірі болып көп қан жоғалатын ірі вена бағаналарының зақымдалған кезі. Бұл кезде қысып тұратын таңғышты қолданғанымен, ол қажетті нәтиже бермейді. Сонымен қатар іріңді-қабыну процесі кезінде инфекцияның ошағы жайылып кетпес үшін, венаның бөлігін ашып, байлап, кесіп алып тастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |