Ќолдыњ топографиялыќ анатомиясы



бет49/55
Дата16.02.2024
өлшемі109.67 Kb.
#492185
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55
Қайырбекова Қ.Қол мен аяқтың топографиялық анатомиясы және оперативтік хирургиясы

Тізе тобығын тігу
Тізе тобығын травма кезінде сынғанда тігеді. Тізе тобығын ашу үшін, буынды ашуға тура келеді. Операция кезінде асептика тәртіптерін қатты сақтау керек. Тізе тобығы сынғаннан кейін 6-8-ші күндері тігу ұсынылады, өйткені бұл кезде зақмдалған тканьдер және терідегі сызықтар жазылады. Тізе буынына инфекция тез түсетінін ескеру керек. Операция алдында рентген суретін жасап, оның қанша дәрежеде ашылғанын және сынықтар орнын білу керек.
Операция әдісі- 1. Жансыздандырылу жалпы немесе жұлын-ми анестезиясын жасау керек. 2. Доға тәрізді тілікті тізе тобығының төменгі жиегінен жүргізеді. Теріні, тері асты клетчаткасын және үстіндегі кесіндіні тізе тобығы сызықтары көрінетіндей етіп ашады. 3. таза тампонмен қуыста ұйыған қанды тазартады. 4. Тізені бүккен кезде сіңірдің және шандырдың бөліктерін алп тастайды. Олар сынықтардың арасында болып, олардың бірігуіне кедергі жасауы мүмкін. 5. Мюзе қысқышымен немесе бір тісті өткір ілмектермен сынықтарды бір-бірінен біріккенше тартады. Бұл кезде аяқтың тізе буыны жазық болуы керек. Күшін азайту үшін жамбас-сан буынынан аяқты бүгу ұсынылады. Оқ тиіп сынғанда тізе тобығынан екі елі жоғарғы тік бұлшық еттің сіңірін И-тәрізді кеседі. 6. сынықтарды жуан жібек жіппен жақындатқан соң дөңгелек тігістер салады. кейбіреулер сымды қолдануды ұсынады. 7. Тізе тобығының алдынан басқа жеріне n. vasti medialis және lateralis сіңірлерінің үзілген бөліктерін мықты жібекпен И тәрізді тігіс салады. 8. теріге тігіс салып қысып тұратын таңғышпен орайды және бақылау үшін рентген суретін жасайды. 9. Аяқты қозғалмайтын етіп бекітеді.
Операцияның табысы операциядан кейінгі кезеңде науқасты қарауға және арнайы таңғыштарды қолданғанда байланысты. Тізе тобығының жұлдыз тәрізді болып сынғанында fasciae lata жапырақшасын екі қабаттап ақауды жабу немесе ақауды орнына m. sartorii-ті қою ұсынылады.


Буындарға жасалатын операциялар
Буынға пункция жасау
Буынға пункцияны диагностикалық және емдеу мақсатымен жасайды. Ең бірінші буын қуысынан сұйықтықты алып, оның құрамын анқтайды.
Емдеу әдісі патологиялық құрамын алу үшін, немесе дәріні енгіу үшін пункция жасайды. Буынға пункция жасау:

  1. Операция жасалатын орынды дайындағанда және операцияны жасағанда асептиканы сақөтау керек, өйткені буын қуысына инфекция түсуі мүмкін. 2. Уколдың орына анестезия жасайды. 3. Ине кіргізетін нүктені анықтап, хирург теріні ығыстырып және инені /бір типті/ немесе терінің үстіне трокарды тік қадайды. Хирург инені қадаған кезде тканьдер кедергі жасайды, иненің ұшы тұрған орынды нысаналайды. Ең бірінші инеге кедергі теріні тескенде және екінші-буын сөмкесін тескенде кездеседі. Қуысқа иненің кіргендігін инеден шыққан сұйықтықтан біледі. Буынға пункция жасағанда буын бетін жауып тұратын шеміршекті зақмдамауға тырысу керек. 4. керекті манипуляциядан кейін инені алып тастайды, теріні тескеннен бұрынғы ығыстырылған жерінен орынан әкеліп өзегін жабады. 5. ине қадалған жерге иод жағып коллоидпен жапсырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет