Ќолдыњ топографиялыќ анатомиясы


Метатарзалді сүйектерге ампутация жасау



бет51/55
Дата16.02.2024
өлшемі109.67 Kb.
#492185
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Қайырбекова Қ.Қол мен аяқтың топографиялық анатомиясы және оперативтік хирургиясы

Метатарзалді сүйектерге ампутация жасау

  1. Теріні және жұмсақ тканьдерді табан жағынан табан-саусақ қатпарлары сызығы бойынша сүйекке дейін кеседі. 2. аяқ басының сыртқы бетінен де жұмсақ ұлпаларды сүйекке дейін кеседі. Метатарзальды сүйектердің оратңғы бөлігі деңгейімен көрсеткіштеріне байланысты кеседі. 3. Аяқ басының сыртынан және табан жағынан жасалған кесіндіні І және V метатарзальды сүйектердің ұзындығы бойынша ұзынша етіп байланыстырады. 4. табан кесіндісін сүйектен бөліп алады. 5. Фарабеф распаторымен алдын ала сүйекті аралайтын жерден сүйек қасығын бөліп алады. 6. Ампутация жасайтын бөлікті алып тасталған соң, a. dorsalis-pedis-ті және табан артерияларының тармақтарын байлайды. 7. Теріге тігіс салады.



Лисфранк буынынан бөліп алып тастаау
Буын сызығы V метатарзалды сүйектердің төмпешігінің біріккен сызығымен кескінделеді. Оны аяқтың сыртқы жиегінен, ішкі жиегінің ортасында сипап сезеді. ІІ сына тәрізді сүйек қысқа, ал ІІ метатарзальды сүйек ұзын, сондықтан лисфранк буынының сызығы алға қарай томпайып тұрады. Операцияны арнаулы Лисфранк пышағымен бір кесінділі әдіспен жүргізеді. Кесінді табан ұлпасынан кесіліп алынады. 1. оператор сол қолымен аяқтың саусақтарын сыртқа қарап тұратындай етіп ұстайды. 2. аяқ басының үстінен доға тәрізді етіп теріні және жұмсақ тканьдерді солдан оңға қарай апоенврозға дейін буын кескінінің сызығынан 2 см алдынан кеседі. 3. Хирургтің сол жағынан аяқ басының жиегінен буын сызығы нүктесіне дейін пышақты қадап және жұмсақ тканьдерді жәйлап кеседі. Кесіндіні хирургтің оң жағынан аяқ басы жиегінің буын қусы нүктесінен аяқтайды. Табан тілігі керек болса, оны қайталайды. 4. Аяқ басының үстінің терісі жиырылған жиегінен сүйекке дейін барлық жұмсақ тканьдерді кеседі. 5. Аяқ басын сол жақтан бастап табанға қарай қатьты бүгіп әр бір буынды ашады.
Бұл кезде ІІ метатарзальды сүйектің ІІ сына тәрізді сүйекпен байланысуы жоғарырақ екенін ескеру керек. Қабықты кескен соң, буын саңлауын толық ашуға болады, өйткені Лисфранк буынының кілтін /ІІ метатарзальды және І сына тәрізді сүйектің арасындағы байламды Lig. cuneometatarseum кесу керек/. 6. Лисфранк пышағының өткір жағын аяқ басының үстіне қаратып, І метатарзальды аралық негізіне қадап және оны m. peronei longi сіңірлерінің пружина тәрізді кедергі жасайтындығын сезгенше, оператор сезгенше енгізеді. Сосын пышақтың қозғалғанынан балтыр-аяқ басы байламы кесілгеніні, сосын буын толық ашылғандығын көреді. 7. Буын қабығының табан бөлігін кесіп және терінің табан кесіндісінің сызығы бойынша жұмсақ тканьдерін кесінді кесіп алады. 8. шығып тұрған І сына тәрізді сүйекті ІІІ сына тәрізді сүйектің деңгейіне дейін аралайды. 9. A. dorsalis pedis және aa. piantres medialis және lateralis-ті байлайды. 10. Тарзальды сүектердің қабығына жазғыш бұлшық еттің сіңірлерін тігеді. 11. Теріге тігіс салады. 12. Гиперэкстензия орнындай етіп гипсті таңғышпен таңады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет