Ќолдыњ топографиялыќ анатомиясы


Шопар буынынан бөліп алып тастау



бет52/55
Дата16.02.2024
өлшемі109.67 Kb.
#492185
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Қайырбекова Қ.Қол мен аяқтың топографиялық анатомиясы және оперативтік хирургиясы

Шопар буынынан бөліп алып тастау
Буын сызығы тәрізді пішінде болады және келесі нүктелерден анықтайды: аяқ басының ішкі жиегінде, ал сыртқы жағында V табан сүйегінің төмпешігінен 1,5 см артындағы нүкте. Операция бір кезеңді әдіспен, табан кесіндісімен жүргізіледі.

  1. Теріні Лисфранк пышағымен табан-саусақ қатпарына 4 см дей жеткізбей бірінші белгілі пункттен, буын сызығының белгілі пункіттен екінші жағынан кеседі. 2. Табан тілігінің соңын терінің, тері асты клетчаткасының беткі шандырдың доға тәрізді кесіндісімен байланыстыра кеседі. 3. терінің жиырылған жиегімен аяқ басының үстінің тканьдерін сүйекке дейін кеседі, бұл кезде буын жартылай ашылады. 4. аяқ басын табанына қарай бүгіп және буынды ашып шопаров буынының кілтін /Lig. biurcatum/, mm. peronei longi мен tibialis posterior сіңірлерін кеседі. 5. Буын сөмкесінің табан бөлігін кеседі және табанның сүйектерімен жұмсақ ұлпалардың арасынан пышақты ішінен сыртқа қарай кесінді кесіп алады, бұл кезде a. a. plantaris medialis-ті сақтап қалуға тырысады. 6. A. dorsalis pedis пен a. plantaris medialis және lateralis-терді байлайды. 7. Теріге тігіс салады. 8. Гиперэкстензия орнымен гипсті таңғышпен танады. Шопар буынын алып тастаған соң per eguino valgus пайда болады. Сондықтан жазғыш бұлшық еттердің сіңірлерін табан бұлшық еттер3мен тігеді немесе өкше сүйегін алып тастау ұсынылады.



Пирогов бойыншасүйекті-пластикалық ампутация

  1. Табан жұмсақ ұлпаларын сүйекке дейін бір тобықтың ұшынан бастап табан арқылы екінші тобықтың ұшына дейін кеседі. 2. Аяқ басының үстінен доға тәрізді шығыңқы /томпақ/ жағын саусаққа қаратып бірінші тіліктің соңымен біріктіре тігеді. 3. Буынның қабығын, бүйірлік байламдарды кесіп, аяқ басын қатты бүгеді. Бұл кезде буын қуысы қатты ашылады. 4. Табандағы жұмсақ ұлпалардың тілігі бойынша өкше сүйегін доғалы арамен аралап және аяқ басын алып тастайды. 5. Балтыр сүйектерінің буынды соңынан tibiae-ның шеміршекті бетінен 2-3 см жоғары жұмсақ тканьдерді кесіп алып тастайды. Ішкі тобық аймағында a. tibialis posterior тармақтарын зақымдамауға тырысу керек. 6. Жұмсақ ұлпаларды жоғары көтеріп және балтыр сүйектерінің буынды соңдарын аралайды. Бұл кезде Фарабеф қысқышымен ұстап тұрады. Кейде сүйектерді тобықтардан жоғары аралайды. 7. A. dosalis pedis, aa. plantares medialis және lateralis –терді байлайды. 8. Пайда болған тері-сүйек кесіндісін, өкше сүйегінің жартысын балтыр сүйектеріне, calcanei tibiae-ның сынығына сай келетін етіп жабады және тігістермен бекітеді. Бұл операция кезінде аяқ қысқармайды, ал өкше сүйегі қисаюы мүмкін, сондықтан ахиллов сіңірін кесуге немесе өкше сүйегін шегемен бекітуге тура келеді. Тірек нүктесін өкше төмпешігінің арасындағы кілегейлі сөмке қабынуы мүмкін. Соны болдырмау үшін, Пирогов операциясының әр түрлі модификациясы ұсынылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет