Иықтың үштен бір бөлігінен ампутация жасау
Иықты ампутациялау конусты шеңберлі, үш кезеңді Пирогов әдісімен жасалады. Оны қысқартып, бұлшық етті екі кезеңде кесуден бас тарту керек, өйткені кейін оның кесіндісінің пішіні нашарлайды.
Иықтың төменгі үштен бір бөлігінен ампутация жасау
Теріні меншікті шандырға дейін шеңберлі тілу орташа ампутациялық пышақпен жүргізіледі. Алдыңғы жағыда /бүгілетін бетінде/ терінің қатты жиырылатындығын артқы жағында қарағанда 2 см төменірек кесіледі. Терінің алдыңғы ішкі жағында жиырылуы 1 см-ге тең.
Сосын жиырылған тері жиегінің бойымен бұлшық еттерді кеседі.
Теріні жоғарыға ығыстырып, бұлшық еттерді сүйекке дейін екінші мәрте кеседі. Сүйекке жатқан жақын кәрі жілік жүйкесін /артқы-сыртқы бетінде/ кесіп кетпеуі керек.
Ампутацияның келесі кезеңдері: әдеттегідей. Араланатын деңгейден 0,3 см жоғары сүйек қабығын кеседі және оны төменге қарай сыдырады. Сүйекті аталайды. Иық артериясын және a. profunda brachii-ді, a. collateralis ulnaris superior-ді байлайды және ортаңғы, шынтақ және кәрі жілік жүйкелерін және nn. cutaneiantibrachii medialis және lateralis-терді жоғарырақтан кеседі. Жгутті алып, ұсақ тамырларға лигатура салады. Антогонист бұлшық еттерді бір-біріне тігеді. Теріге тігіс салады және 2 тәулікке дренаж қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |