“Шығармашылық мамандықтар” факультеті
“Дене тәрбиесі және спорт” кафедрасы
“ Олимпиадалық білім” пәні бойныша
050108 - “Дене шынықтыру және спорт” мамандығының студенттері үшін
ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ
Жетісай 2008.
ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Лекция №1
Тақырыбы: І - жазғы Олимпиадалық ойындар.
Жоспар.
1.1896 жылғы Афинада өткен олимпиадалық ойындар
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекцияның мәтіні
Париждегі конгресте 34 ұлтың қатысуымен олимпиадалық ойындар жүргізілу идеясы енгізілді. Тұңғыш рет Афинада Олимпиадалық ойындар өткізу туралы шешім қабылданды. І-Олимпиада ойындарына 12 ұлт қатысты. Ашылу мерекесі 1896 жылы 5-ші сәуір күні өтті. Бұл ашылу мерекесіне 80-мың көрерменің қатысумен олимпиадалық ойындар басталды. Жарысты жеңіл атлетикадан 15-медальдың 9-на америкалықтар ие болды.Француздар велоспорттан көзге түсті, гимнастикадан немістерге жүлделі орынға иеленуге ешқандай мемлекет қарсы тұра алмады. Жүзуден Венгриялық Альфред Хайош жеңімпаз атанды.
Лекция №2
ІІ - жазғы Олимпиадалық ойындар.
Париж 1900 жыл.
Жоспар
1.ІІ жазғы олимпиада ойындары
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекция мәтіні:
Екінші олимпиадалық ойындар Барон Кубертеннің ықпалымен Парижде өтілетін шешілген еді.Бірақ сол жылы Париж Олимпиада ойындарына онша көңіл бөлінбеді,себебі сол жылы Париж өтілетін қойылымға тура келді,сонымен қатар жарысқа сай стадион болмады. Осының нәтижесінде жарыс Булон орманында өтілді. Соған қарамастан америкалық атлет Кренслейн рекорд орнатты. Бір орыннан секіруден Иуриге ешкім пар келе алмады. Соңында оны «Секіргіш адам» деп ат қойды.
№ 3 Лекция
ІІІ- жазғы Олимпиадалық ойындар.
Сент-Луис 1904 жыл.
Жоспар
1.ІІІ жазғы олимпиада ойындары
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекция мәтіні:
Үшінші олимпиадалық ойындар алдыңғы олимпиадалық ойындарға қарағанда көрсеткіштері жақсы болмағандықтан Америкаға берілді. Бұл олимпиадаға 8-мемлекет қатысты, бұл жылдары жарыс қандай тартысты болғанымен, жанкүйерлер 2000 мыңнан аспады. Олимпиадалық стадион болмағандықтан жарыстың көпшілігі Вашингтон университетінің спорт алаңында өтілді. Марофондық жүгіргірісте америкалық Лорз қулық жасады. Мәренің 15 шақырымында машинаға отырып мәреге 9 шақырым қалған кезде ондан түсіп қалады. Сүйтіп алда келе жатқан Хикстан озып стадионға бірінші болып келеді. Оның бұл тірлігін білмеген жанкүйерлер ду-қол шапалақпен қарсы алады. Оның бұл қулығы іске аспады, төрешілер біліп қойып жүлдеден алып тасталынды. Спорттық гимнастикадан немістер, жүзуден венгрлер Злота Халманмен Гизе Киш бас жүлдені жеңіп алады.
№ 4 Лекция
ІV жазғы олимпиадалық ойындар.
Лондон 1908 жыл.
Жоспар
1.ІV жазғы олимпиада ойындары
2.ІV жазғы олимпиада ойындарында болған жанжал.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекция мәтіні:
Лондонда бірінші болып үлкен жүз мың көрермен сиятын олимпиадалық стадион салынды, сонымен қатар жүзу бассейіні және күрес алаңы осы стадионның қарамағында болды. Лондонда 19-мемлекеттен 1500 спортшы қатысты. Ағылшындар қатты дайындалғанын білдірді, ашылу салтанатында ұлттық құрамалар арнайы спорттық киімдер мен қатысты. Бұл жарыста да жанжал болды, жанжал жеңіл атлетик америкалық пен ағылшындықтардың арасында болды. 400м жүгірудегі ақтық сайыста үш американдық пен бір ағылшындық қатысты. Жарыстың барысында америкалық Карпентер ағылшындық Халсуэлдың жолына бөгет болып оны ұрады. Төреші жарысты тоқтатып Карпентерді жарыстан шеттетді, осыған орай екі американдық жарысқа қатыспады сол себептен Халсуэл жеңімпаз атанды. Италияндық Дорандо марафондық жүгірісте жолы болмады, мәреге жақын қалғанда аяғынан күші кетіп құлады.оны жолдастары тұрғызып жібергенімен 5-6м жүгіріп тағы құлады. Оған қарамастан жолдастары Дорандоны көтеріп алып мәре сызығынан алып өтеді. Бұны көріп тұрған төреші есепке алмады. Сүйтіп американдық Хейс жеңімпаз атанды. Дорандоның бұл көрсеткен шыдамдылығын Кароль ескеріп алтын бакал сыйлады.
№ 5Лекция
V жазғы Олимпиадалық ойындар.
Стокгольм 1912 жыл.
Жоспар
1.V жазғы олимпиада ойындары
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекция мәтіні:
Дене мәдениетінің қатты дамығандығын алдыңғы ойындарда көрсеткен олимпиадалық ойындар Швецияға берілді. Бұл олимпиадаға 18-мемлекеттен 3100 спортшы қатысты. Америкалық көп сайысшы Торп бес сайыс және он сайыста бас жүлде иеленіп 6-ұпаймен көш бастады. АҚШ-тың олимпиадалық комитетінің айтуынша Торп ойындардан алдын атақты кәсіпқой, бесзболшы болған екен. Сол себептен оның жеңіп алған медальдарын Шевецияның олимпиадалық комитеті қайтаруын мәжбүр етті. Халықаралық олимпиадалық комитет 26- шы мамырда Лозаннада өткен жиналыста Торптың жеңістерін жоққа шығарып 2-ші тұрған Норвегиялық Би және Швециялық Висландер бірінші орынға шықты.
№ 6 Лекция
VІІ жазғы Олимпиадалық ойындар.
Антверпен 1920 жыл.
Жоспар
1.VІІ жазғы олимпиада ойындары
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекция мәтіні:
Бірінші дүние жүзілік соғыстың зардабынан 1916 жылы Берлинде өтетін ойындар кейінге шегірліп 1920 жылы Антверпенге берілді. Бұл олимпиадаға соғыста жеңілген мемлекеттер мен СССР қатыспады. Осыған қарамастан бұл олимпиадаға спортшылар 13 олимпиадалық рекорд қойды. Оның 6-әлем рекорды Финдардың көрсеткіші әлемді шулатты. Жеңіл атлетикадан алған 9-медальмен бірші орындағы Америкаға жақындады. Осы олимпиадада желаяқ финляндиялық Нурми 2-алтын 1-күміске ие болды. Марафон жүгірісінде неміс Колехмайнен бірінші болып келді.
№ 7 Лекция
VIII жазғы олимпиадалық ойындар.
Париж 1924 жыл.
Жоспар
1.VІІІ жазғы олимпиада ойындары
2.Шамониде өткен бірінрші олимпиада ойындары.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекция мәтіні:
Олимпиадалық ойындар ары қарай жылжыуына ат салысқан патриот споршылар 1924 Парижге барды. Олардың саны 44-мемлекеттен 5533-ке жетті. Нәтижелер жоғары болды. Жеңіл атлетиканың 400 м қашықтығы 100X4 түрінде әлем рекорды 3-рет жаңарды. Финлияндиялық Нурми бұл ойындардада қаһарман атанды. Ол 1500м, 5000м жүгіру арасы бір жарым сағат болғанына қарамастан мәреге бірінші болып жетті шыдамдылықтың жоғары көрсеткіші, жүзуден америкалық Вейсмюллердың жұлдызы жанды.
Осы жылыдан бастап Шамониде (Франция) бірінші қысқы олипиадалық ойындар өтіле бастады. Бұл ойындарда Норвегиялық спотшыларына ешқандай мемлекеттің спортшылары қарсы тұра алмады.
№ 8 Лекция
IX жазғы олимпиадалық ойындар.
Амстердам 1928 жыл.
Жоспар
-
ІХ жазғы Олимпиадалық ойындар.
-
Вейсмюллердің жетістіктері.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекция мәтіні:
Олимпиадаға қатысатын мемлекеттер арасына 1928 жылы Германия қайта қосылды. Диск лақтыруда атлеттардың орнын сантиметрлер шешті. Бұл жолы орта немесе алыс қашықтықта жеңісті финдықтар иеледі. Нурми бұл жолы 1-алтынға ие болды. Жүзуден рейттинг бойынша Америкалықтар Вейсмюллер мен Кояқтың арқасында бірге шықты. Швециялық Арне Боргта жақсы нәтижелерге жетті. Осы олимпиадаға әйелдерде қатысты. Бірақ көрермендердің ризашылығына иелене алмады. Себебі, әйелдер арасындағы 800м қашықтыққа жүгіру бағдарламадан алынып тасталды.
Осы жылы Сен-Морицта өтілген II қысқа олимпиадалық ойындарда шығыс мемлекетінен бөлек Америкада жоғары орындардан көрінді. Осы жылдан бастап Нарвегиялық Соня Хени өзінің олимпиадалық жетістіктерін бастады.
№ 9 Лекция
X жазғы олимпиадалық ойындар.
Лос-Анжелес 1932 жыл.
Жоспар
-
Х жазғы Олимпиадалық ойындар.
-
ІІІ қысқы олимпиада ойындары.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекция мәтіні:
Олимпиадалық ойыншыларды 1932 жылы мұхиттың арғы жағындағы Лос-Анжелес қабылдады. Арнайы спортшыларға 700 үйден тұратын олимпиадалық ауыл салында. Ойындардың, спорттың ары қарай дамып жатқанын 32 олимпиадалық рекорд оның 20-сы әлем рекорды дәлелдеді. Жүзуден Жапондықтар көрермендерді таң қалдырды. Олиммпиадалық идеяның дұрыс екендігін 1,2,3-орындарда әртүрлі ұлттың тұрғанына қарап қуана айтуға болар еді. Олимпиадалық ауылда әр ұлттың, мемлекеттік спортшылары бір-бірімен араласып соның нәтижесінде бір-біріне деген достық құрмет нығайя түсті.
Осы жылы ІІІ қысқы олимпиадалық ойындар Лейк-Плэсид (АҚШ)-та өтті.Бұл олимпиядада коньки тебуден Америкалықтар ешкімге жүлдені бермей келген европалықтардан басым түсті. Хоккейден Канадалықтар үшінші рет қатарынан олимпиадалық чемпион атанды.
№ 10 Лекция
XI жазғы Олимпиадалық ойындар.
Берлин 1936 жыл.
Жоспар
1.ХІ жазғы Олимпиадалық ойындар.
2.Архитектор Вернер Мархтың сызбасымен салынған стадион.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекция мәтіні:
1931 жылы көктемде Барселонада өткен конгресте XI олимпиадалық ойындар Берлинге берілді. Сүйтіп Берлинде тез арада жүз мың көрермен сиятын стадион салуды бастады. Стадион құрлысында Вернер Мархтың қызметі көп болды. Ол объектілердің орналасуын өте үнемді және қолайлы пайдаланды. Стадион бітіп барлық снамалардан өткеннен соң Вернер Мархты алтын медальмен марапаттады. Стадион ,жүзу бассейіні, хоккей алаңы, спорт залы трибуналарына 150000 адам сияды. Сонда жалпы есепте стадионға 250000 адам сиятын болды. Берлиндегі олимпиадалық ойында 50-мемлекеттен спортшылар қатысты. Неміс спортшылары 30-алтын, 26-күміс, 30-қола медальдарына ие болды. Ядро лақтыруда Ханс Вэльк, найза лақтырудан Герхард Штэк, молот лақтырудан Карл Хейн көзге түсті.
Бұл олимпиадалық ойындарының ең атақты спортшысы болып Америкалық Джесси Оуэнс болды. Ол жеңіл атлетиканың 4-түрінен алтын алып 4-де олимпиада рекордын жаңартты. 4х100м Эстафета жүгірісінде Джесси Оуенс өзінің жолдастары мен бірге әлем рекордын жаңартты. Сонымен қатар Жаңа Зеландиялық Ловлок 1500 м арақашықтыққа жүгіруде әлем рекордын жаңартты. Оның көрсеткіші 3 минут, 47 секундты, көрсетті, көрермендердің назарын марафон жүгірісінде өздеріне аударды. Олар 1 – және 3-ші орындарға ие болды.
№ 11 Лекция
ІV- қысқы Олимпиадалық ойындар.
Гармиш- Партенкирхен 1936жыл.
Жоспар
1.ІV қысқы Олимпиадалық ойындар.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекция мәтіні:
IV Қысқы олимпиада ойындарында Норвегиялық Баллангруд 3- алтын 1- күміс жеңіп алып, финдық Тунбергтың көрсеткішін қайталады. Соня Хени 3-рет олимпиадалық лаврмен әшекейленді. Хоккейде сенсация болды.
Канадалықтар Англияадан ұтылып қалды 1940 жылы XII және 1944 жылы XIII олимпиадалық ойындар ойнатылмады. Себебі: 2 дүние жүзілік соғыс жүріп жатты. Халқаралық олимпиада комитетінің шешімі бойынша 1940 жылы Токиода, ал 1944 жылы Лондонда өтілуі тиіс еді.
№ 12 Лекция
XIV- жазғы Олимпиадалық ойындар,
Лондон 1948 жыл.
Жоспар
1.ХІV жазғы Олимпиадалық ойындар.
2.ХІV жазғы олимпиада ойындарының қаһармандары.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекция мәтіні:
Екінші дүние жүзілік соғыс біткеннен соң халықаралық олимпиадалық комитет бүкіл әлемнің олимпиада ойыншыларын 1948 жылы Лондонға шықырды. Бұл ойындарға 59-мемлекеттен 4106 спортшы қатысты.
Ашылу салтанаты біткеннен соң жарты сағаттан кейін
10000 м ара қашықтыққа жүгіруде 1-ші жеңімпаз атанды. Ол Чехословакиялық Эмиль Затопек еді.
Осы олимпиадалық ойындарда әйелдер арасынан Голландиялық Бланкерс-Коэн жоғары көрсеткішке ие болды. Бланкерс-Коэн екі баланың анасы болғанына қарамастан жеңіл атлетиканың 4-түріне қатысып 4-нен де бірінші болып мәреге жетті. Алдын Берлинде алтын жүлдеге ие болған Венгриялық Илона Элек бұл жолы да семсерлесуден 1-орынға ие болды. Венгриялық спортшылар осы олимпиадада өз отандарына 10-алтын медаль алып кетті.
№ 13 Лекция
ХV- жазғы Олимпиада ойындар
Хельсинки 1952 жыл.
Жоспар
1.ХV жазғы Олимпиадалық ойындар.
2.ХV жазғы олимпиада ойындарындағы бірінші ондыққа ілінген мемлекеттер.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекция мәтіні:
1952 жылы Хельсинкиде өтілген xv олимпиядалық ойындарына 69 мемлекеттен 4925 спортшы қатысты.Совет спортшылары көгалдағы хоккей түрінен басқа барлық спорт түріне қатысты. 1-2 орынды АҚШ пен бөлісіп, 71 жүлдеге иеленді, оның 22 алтын, 30 күміс, 19 қола медальдар.
Сонымен қатар 1-ондыққа мынадай мемлекеттер иеленді. Венгрия, Швеция, ГФР, Финляндия, Италия Франция, Ұлыбритания, Чехословакия. Совет спортшылары гимнастика, классикалық күрес, мылтық ату, еркін күрес және ауыр атлетика спорт түрінен жақсы көрсеткіштерге ие болды. ХV олимпияда ойындарында 1-күні жеңіл атлетикалықтар арасында ойнатылды. Оның жеңімпазы диск лақтырудан Нина Ромашкова (Понамарёва) болды.Оның көрсеткіші 51 м 42см.
№ 14 Лекция
XVI-жазғы Олимпиадалық ойындар.
Мельбурн 1956 жыл.
Жоспар
1.ХVІ жазғы Олимпиадалық ойындар.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекцияның мәтіні:
16-шы олимпиада ойындары 1956 жылы Мельбурнда өтті. Оған 67 мемлекеттен 3184 спортшы қатысты.Совет спортшылары 37 алтын,26 куміс,32 қола, жүлдеге ие болды. Жалпы есепте бірінші орынға ие болды. Екінші орында АҚШ үшінші орынға Автралиялықтар иеленді. Арықарай Германия, Венгрия Ұлыбритания, Италия, Швеция, Япония, Франция мемлекеттері орналасты. Совет споршылары гимнастика, бокс, классикалық күрес, футбол, мылтық ату, және көп сайыс спорт түрлерінен қатысты. XVI олимпиадалық ойындарының қаһарманы болып совет Одағының стайеры Владимир Куц болып табылды.
Ол 5000 – 10000м арақашықтыққа жүгіруден жаңа рекорд орнатты.
№ 15 Лекция
XVІI-жазғы Олимпиадалық ойындар.
Рим 1960 жыл.
Жоспар
1.ХVІІ жазғы Олимпиадалық ойындар.
2.ХVІІ жазғы олимпиада ойындарындағы Социалисттік мемлекеттердің спортшыларының жетістіктері.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекцияның мәтіні:
XVІI жазғы олимпиадалық ойындар 1960 жылы Римда өтті. Бұл олимпадаға 84 мемлекеттен 5384 спортшы қатысты. Рим стадиондарында, бассейндарда, спорт залдарында өтілген спорттық сайыстар 18 күнге созылды. Бұл олимпиадада совет спортшыларының көрсеткіші жоғары болды, олар 43 алтын,
29 күміс, 31 қола медалымен 683,05 ұпаймен бұл жолыда жалпы есепте бірінші орынға шықты. Биіктікке секіруде Р. Шавлакадзе мен В. Брумель алдын рекорд орнатып, рекордсмен болып тұрған америкалық Д. Томастан басым түсті. Совет спортшылары Римда бірінші рет семсерлесу, велоспорт, парус және атқа міну спорт түрлерінде алтын жүлдеге иеленді.
Социалисттік мемлекеттерден Румыния, Венгрия, Польша, Чехословакия, Болгария спортшылары жоғары орындардан көрініп жоғары жетістіктерге жетті. XVІI олимпиадада Африкалық мемлекеттер Эфиопия, Марокко, Гана спортшыларыда жоғары орындардан көрінді.
№ 16 Лекция
XVІIІ-жазғы Олимпиадалық ойындар.
Токио 1964 жыл.
Жоспар
1.ХVІІІ жазғы Олимпиадалық ойындар.
2.Токиодағы ХVІІІ жазғы олимпиада.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекцияның мәтіні:
Мельбурн мен Римде жалпы есепте совет одағынан ұтылғаннан соң буржуазиялық мемлекеттердің олимпиадалық делегациясының басшылары спортшыларын дайындауды күшейтуге мәжбүр болды. Сол себептен америка президенті Л.Джонсонның қолдауымен спортшылардың дайындығына совет құрылды, олимпиада ассоцияциясынан спортшыларға жоғары мөлшерде ақша бөлінді. Сөйтіп АҚШ спортшылары реванш алуға ұмтылды, өзінің әлем спортыда басым екендігін көрсетуге тырысты.
Бұл олимпиадаға 94 мемлекеттен 5558 спортшы қатысты. Ойындардың Азияда бірінші рет өтіліп жатқандықтан бұл ойындар бес континенттің назарында болды.
Токиодағы олимпиада.
Токиодадағы олимпиадада әлем және олимпиада рекордтары жаңарды. Бірақ бұл ойындардың қорытындысы болып социалисттік мемлекеттердің капиталисттік мемлекеттерден басым түскендігі болды. СССР құрамы 96 медалімен жалпы есепте 608,03 ұпаймен бірінші орынды жеңіп алды. Америкалықтармен салыстырғанда совет спортшылары 20 спорт түрінің 12-де басым түсті. 3-ші орынды біріккен Германия құрамасы иеленді. Бұл жетістікке ГДР спортшыларының қосқан үлесі өте жоғары болды. Ойын иелері Жапондықтар 4-ші орынды иеленді. Ойын әр-түрлі ұлт спортшылары арасында бір-бірне деген жылы қарым -қатынасты болғандықтан мерекеге айналды деуге болады.
№ 17 Лекция
XІX-жазғы Олимпиадалық ойындар.
Мехико 1968 жыл.
Жоспар
1.ХІХ жазғы Олимпиадалық ойындар.
2.Латын Америкасында өтілген ХІХ жазғы олимпиададағы спортшылардың жетістіктері.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекция мәтіні
Латын Америкасында бірінші рет өтіліп жатқан бұл олимпиадалық ойындарына 112 мемлекеттен 6059 спортшы қатысты. Мехикодағы олимпиададан бастап спорттық сайыстар теледидардан көрсетіле бастады. АҚШ Мехикоға жақын орналасқандықтан климат жағы қолайлы келді. СССР құрамасы олимпиада ойындарына қатысқалы бірінші рет жалпы есепте Америка құрамасына ұтылып қалды. Америка спортшылары 106 медальмен 709 ұпай иеленсе, совет спортшылары 91 медальмен 591,5 ұпайға иеленді. Американың бұл жетістіктерге жетуіне негр спортшыларының қосқан үлесі көп болды. 200м арақашықтыққа жүгірудегі жеңімпаздар негр спортшылары Т. Смитт пен Д. Карлос марапаттау кезінде қолдарына қара қолқап киіп жұдырықтарын түйіп жоғары көтеріп тұрды. Бұл тұрыстарымен олар, қалған мемлекеттердің негр спортшыларын Расизмге қарсы күресуге шақырып тұрды. Осы тірліктен кейін Смитт пен Карлосты американың олимпиада комитеті өзін-өзі ұстау ережесін бұзды деп олимпиада құрамасынан алып тастады. Африка мемлекеттері спорт жағынан дамып келе жатқанын Мехикодағы ойындарда дәлелдеді. Африка мемлекеттерінің Кения, Эфиопия, Тунис, спортшылары осы олимпиада ойындарында жоғары орындарға иеленді.
№ 18Лекция
XX-жазғы Олимпиадалық ойындар
Мюнхен 1972 жыл
Жоспар
1.ХХ жазғы Олимпиадалық ойындар.
2.ХХ жазғы олимпиададағы қойылған рекордтар.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекцияның мәтіні
Мюнхен 1972 жыл. Бұл ойныдарға 121 мемлекеттен 7147 спортшы қатысты. Албания, КНДР, Габон, Сомали, Того, мемлекеттерінің атлеттері олимпиада ойындарына 1-ші рет қатысты. Расизмге қарсы күрес жүргізіліп жатқандықтан Оңтүстік Африка және оңтүстік Родезия мемлекеттері жарысқа жіберілмеді. Бұл ойындарыда 52 мемлекеттің спортшылары ұпасыз қалмады. Ең көп ұпайды совет спортшылары жеңіп алды. 666,5 ұпай көрсеткішімен бірінші орынды жеңіп алды. Ең аз ұпайды Португали және Сенегал спортшылары иеленді олардың көрсеткіші 1,0 ұпай. Мюнхенде өтілген ойындарда 49 әлем 103 олимпиада рекорттары орнатылды. АҚШ құрамасы 636,5 ұпайы мен 2-орынға иеленді. Кения жақсы көрсеткіштерге жетті олар жалпы есепте 9 медальға иеленді. Уганда 2 медальға иеленді, Эфиопиа, Гана , Азия және Латын Америка спортшылары да медальсыз қалмады.
№ 19Лекция
XXІ-жазғы Олимпиадалық ойындар
Монреаль 1976 жыл
Жоспар
1.ХХІ жазғы Олимпиадалық ойындар.
2.Совет спортшыларының ХХІ жазғы олимпиададағы жетістіктері.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекцияның мәтіні
Соцалистік мемлекеттер ХХІ жазғы олимпиадалық ойындарда өте жоғары көрсеткіштерге жетті. Олар 616 ойнатылған медальдардың 344 иеленді. Совет спортшылары 125 медальға иеленсе ГДР спортшылары 90 медальға иеленді. Бірінші рет соғыстан кейінгі өтіліп жатқан олимпиада ойындарында АҚШ құрамасы үшінші орынға түсті. Бір мен екіні жоғарыда айтылғанда СССР және ГДР құрамалары иеленді.
Қысқы олимпиадалық ойындарының да халқаралық спортта алатын орны жоғары. Қысқы олимпиада ойындары сол жазғы олимиада ойындары өтілген жылы өтіледі.
Олимпиадалық ойындар
|
Жылы
|
Өтілген жері
|
Қатысқан спортшылар саны
|
Мемлекет
|
V
|
1948
|
Санкт-Мориц (Швейцария)
|
713
|
28
|
VI
|
1952
|
Осло (Норвегия)
|
732
|
30
|
VII
|
1952
|
Кортина д, Ампеццо (Италия)
|
924
|
32
|
VIII
|
1960
|
Скво- Вэлли (США)
|
665
|
30
|
IX
|
1964
|
Инсбрук (Австрия)
|
1111
|
36
|
X
|
1968
|
Гренобль (Франция)
|
1158
|
37
|
XI
|
1972
|
Саппоро (Япония)
|
1112
|
35
|
XII
|
1976
|
Инсбрук (Австрия)
|
1370
|
36
|
№ 20Лекция
V қысқы Олимпиадалық ойындар
Санкт-Мориц 1948 жыл
Жоспар
1.V қысқы Олимпиадалық ойындар.
2.V қысқы олимпиада ойындарының бағдарламасы.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекцияның мәтіні
5-ші қысқы олимпиадалық ойындар 1948 жылы 30-қаңтар-8-ақпан аралығында Санкт-Мориц Швейцарияда өтті. Бұл олимпиада ойындарында 28 мемлекеттен 713 спортшы қатысты. Бірінші рет қысқы олимпиада ойындарына Дания, Исландия, Ливан, Чили және Оңтүстік Корея спортшылары қатысты.
Ойын бағдарламасы: Бобслей (екеулік, төттеулік), тау шаңғысы спорты, шаңғы спорты, трамплиннен секіру, скелетон, коньки тебу, мәнерлеп сырғанау және хоккей. Бұл ойындарда екінші дүниежүзілік соғысқа қатыспаған мемлекеттер жоғары жетістіктерге жетті. Жалпы есепте Швеция құрамасы 70 ұпай, Швейцария 68 ұпайға иеленіп бірінші ,екінші орындарға иеленді.
№ 21 Лекция
VІ қысқы Олимпиадалық ойындар
Осло 1952 жыл
Жоспар
1.VІ қысқы Олимпиадалық ойындар.
2.VІ қысқы олимпиада ойындарына қатысқан мемлекеттер жетістіктері.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекцияның мәтіні
VІ қысқы олимпиада ойындар 1952 ж Осло (Норвегия) 14-25 ақпан аралығында өтті.
Бұл ойындарға 30 мемлекеттен 732 спортшы қатысты. Бірінші рет қысқы олимиадалық ойындарға Жаңа Зеландия, Португалия спортшылары қатысты.Ойын бағдарламасы бобслей н (екеулік төртеулік)тау спорт трамплиннен секіру.Шаңғы спорты,фигурное катание,хоккей. Жалпы есепте 3шірет Норвегия құрамасы 104,57 1ші орынға иеленді.Олардың көрсеткіші 16медаль оның 7уі алтын, 3еуі күміс, 6уы қола. Ойынның қаһарманы болып 3алтынға иеленген Норвегияның коньки тебуші Я.Андерсен атанды.
№ 22 Лекция
VІІ қысқы Олимпиадалық ойындар
Кортина д-Ампеццо (Италия) 1956 жыл
Жоспар
1.VІІ қысқы Олимпиадалық ойындар.
1.Совет спортшыларының VІІ қысқы олимпиададағы жетістіктері.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекцияның мәтіні
VІІ қысқы олимпиадалық ойындар 1956 жылы 25 қаңтар 5 ақпан аралығында Кортина д-Ампеццо (Италияда ) өтті. Ойынға 32 мемлекеттен 924 спортшы қатысты бұл ойындарға бірінші рет Боливия, Иран, СССР құрамалары қатысты. Ойын бағдарламасы: бобслей (екеулік төртеулік) тау спорты, шаңғы спорты, трамплиннен секіру, мәнерлеп сырғанау, хоккей. СССР құрамасы бобслей, және мәнерлеп сырғанау спорт түрлерінен басқа барлық түріне қатысты. Совет спортшылары 16 медалмен 103 ұпайға иеленіп сол кезде мықты атанған Австрия, Финляндия, Швеция құрамалардан басым түсті. Ойынның мықты спортшысы болып Австриялық тау шаңғышы А. Зайлер болды, ол бағдарламаның үшіндеде жеңімпаз атанды (Слалом, гигант слаломы, таудан түсу). Коньки тебуден 500-1500 метр арақашықтықта Совет спортшысы Е.Гришинға ешкі пар келе алмады. Хоккейден СССР құрамасы олимпияда чемпионы болды.
№ 23 Лекция
VІІІ қысқы Олимпиадалық ойындар
Скво-Велли (АҚШ) 1960 жыл
Жоспар
1.VІІІ қысқы Олимпиадалық ойындар.
2.Жалпы есепте VІІІ қысқы олимпиада ойындарындағы мемлекеттердің жетістіктері.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекцияның мәтіні
VІІІ қысқы олимпиадалық ойындар 1960 жылы 18-28 ақпан аралығында Скво-Велли (АҚШ)-та өтті. Ойынға 30 мемлекеттен 665 спортшы қатысты. 1960 жылғы олимпиадаға алғашқы рет барлық бес континенттің спортшылары қатысты. Ойын бағдарламасы: Биатлон , Тау шаңғысы , Шаңғы спорты , Трамплиннен секіру солтүстік көпсайыс, Коньки тебу, Мәнерлеп сырғанау. Кеңес спортшылары бұл жолы ойын бағдарламаларының барлығына қатысты. Бұл ойындарда кеңес спортшыылары 21 медальға иеленіп оны 7 алтын 5 күміс 9 қола сөйтіп жалпы есепте 146 ұпайға иеленіп АҚШ және Швеция құрамаларынан басым түсті. Кеңес спортшылары Биатлон, Шаңғы спорты, Коньки тебу спорт түрлерінен жақсы нәтижелерге жетті. Кеңес одағының спортшысы Е. Гришин алдынғы олимпиадағы жетістігін қайталап айтарлықтай табысқа жетті. Соңғы жетістігінде ол әлемдік рекордтан асып түскен жаңа олимпиадалық рекорд орнатты. Екі алтын медалды Скобликова жеңіп алды, ол 1500 -3000 м қашықтықта коньки тебуде жаңа олимпиадылық рекордпен жеңіске жетті.
№ 24 Лекция
ІХ қысқы Олимпиадалық ойындар
Инсбрук (Австрия) 1964 жыл
Жоспар
1.ІХ қысқы Олимпиадалық ойындар.
2.ІХ қысқы олимпиададағы ойын бағдарламалары.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекцияның мәтіні
ІХ қысқы Олимпиадалық ойындар 1964 жылы 29қаңтар 9-ақпан аралығында Инсбрук (Австрияда ) өтті. Ойынға 1111 спортшы қатысты. Бірінші рет қысқы олимпияда ойындарына Индия, КХДР, Манғолия спортшылары қатысты.
Ойын бағдарламасы: Биатлон, Бабслей, Тау спорты, Шаңғы спорты, Трамплиннен секіру, Шана спорты, Солтүстік көпсайыс, Мәнерлеп сырғанау, Коньки тебу,Хоккей. Совет спортшылары Бобслей және Шана спорт түрлеріне қатысты. Кеңес спортшылары жалпы есепте үш рет жеңіске жетті. Олар 162 ұпай жинап 25 медальға иеленді. Олардың 11 алтыны, 8 күміс, 6 қола. Ұпайлардың көпшілігін әйелдер арасындағы шаңғы жарыстары бойынша және коньки тебуде жеңіп алынды. ІХ-шы ақ олимпиаданың ең үздік спортшысы болып кеңестік конькиші қыз Скобликова танылды, ол коньки тебудің барлық төрт қашықтығында жеңіске жетті. Кеңес спортшылары алғаш ретмәнерлеп сыртғанаудан олимпиада біріншілігін жеңіп алды. Жұп болып мәнелеп сырғанауджа кеңес спортшылары Л. Белоусова мен О. Протопопов олимпиадалық чемпионы атанды. Хоккейден кеңес құрамасы бұл олимпиада жарыстарында жеңіліссіз аяқтады.
№ 25 Лекция
Х қысқы Олимпиадалық ойындар
Гренобль (Франция) 1968 жыл
Жоспар
1.Гренобльдағы (франция) Х қысқы Олимпиадалық ойындар.
2.Совет спортшыларының Х қысқы олимпиададағы көрсеткіштері.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекция мәтіні:
Х –шы қысқы Олимпиадалық ойындар 1968 жылы 6-18 ақпан аралығында Гренобль (Францияда) өтті. Ойынға 37 мемлекеттен 1158 спортшы қатысты. Бірінші рет қысқы олимпиадалық ойындарға Марокка спортшылары қатысты.
Ойын бағдарламасы: биатлон, бобслей, тау шаңғысы спорты, шаңғы спорты, транплиннен секіру, шана спорты, солтүстік көпсайыс, коньки тебу, мәнерлеп сырғанау, хоккей. Совет спортшылары бобслей және шана спортынан басқа қойылған бағдарламаның барлық түріне қатысты. Жалпы есепте бірінші орынға 103 ұпаймен Норвегия спортшылары иеленді. Олар 14 медальға иеленді оның 6 алтын, 6 күміс, 2 қола. Кеңес одағының спортшылары хоккей, биатлон, мәнерлеп сырғанау, трамплиннен секіру спорт түрлерінен жақсы жетісмтіктерге жетті. Ойынның қаһарманы болып франциялық тау спортшы Ж.К Килли болды, ол алдыңғы олимпиаданың қаһарманы Австриялық Зайлердің нәтижелерін қайталады.
№ 26 Лекция
ХІ қысқы Олимпиадалық ойындар
Саппоро (Япония) 1972 жыл
Жоспар
1.ХІ қысқы Олимпиадалық ойындар.
2.Совет спортшыларының ХІ қысқы олимпиададағы жетістіктері.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекцияның мәтіні
ХІ қысқы Олимпиадалық ойындар 1972 жылы 3-13 ақпан аралығында Саппоро (Япония) өтті. Ойынға 35 мемлекеттен 1012 спортшы қатысты. Бірінші рет қысқы олимпиада ойындарына Филиппин спортшылары қатысты.
Ойын бағдарламасы: биатлон, бобслей, (екеулік, төртеулік), тау спорты, шаңғы спорты, трамплиннен секіру, шанга спорты, солтүстік қос сайыс, коньки тебу, мәнерлеп сырғанау, хоккей. Совет спортшылары бобслейден басқа қойылған бағдарламаның барлық түріне қатысты. Совет спортшылары 16 медальмен, оның 8 алтын, 5 күміс, 3 қола жеңіп алып жалпы есепте 120 ұпаймен бірінші орынға иеленді. Екінші орынға ГДР құрамасы, үшінші орынға Норвегия құрамасы иеленді. Совет спортшылары биатлон, шаңғы спорты мәнерлеп сырғанау, хоккей спорт түрлерінен жоғары жетістіктерге жетті. 2 алтын, 1 күмісті атақты шаңғышы Совет шаңғышы В.Веденин 3 алтынды Г.Кулакова иеленді.
№ 27 Лекция
ХІІ қысқы Олимпиадалық ойындар
Инсбрук (Австрия) 1976 жыл
Жоспар
1.ХІІ қысқы Олимпиадалық ойындар.
2.Совет спортшыларының ХІІ қысқы олимпиададағы жетістіктері.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекцияның мәтіні
ХІІ қысқы Олимпиадалық ойындар 1976 жылы 3-14 ақпан аралығында Инсбрук (Австрия) өтті. Ойынға 36 мемлекеттен 1368 спортшы қатысты. Бірінші рет қысқы олимпиада ойындарына Андорра спортшылары қатысты.
Ойын бағдарламасы: Биатлон, бобслей (екеулік, төртеулік), тау спорты, трамплиннен секіру, шана спорты, солтүстік қос сайыс, коньки тебу, мәнерлеп сырғанау, хоккей.
Совет спортшылары бобслейден басқа қойылған бағдарламаның барлық түріне қатысты. Совет спортшылары алдыңғы олимпиададағыдай 27 медальмен, оның 13 алтын, 6 күміс, 8 қола жеңіп алып жалпы есепте 192 ұпаймен бірінші орынға иеленді. Екінші орынға ГДР құрамасы. Совет спортшылары биатлон, шаңғы спорты, коньки тебу, мәнерлеп сырғанау, хоккей спорт түрлерінен жоғары жетістіктерге жетті. 2 алтын, 2 күмісті коньки тебуден Т.Аверина, 2 алтын 1 күмісті шаңғышы Р. Сметанина иеленді.
№ 28 Лекция
Спорттық құрылыстар туралы мәлімет
Жоспар.
1. Спорт құрылыстары туралы қысқаша тарихи мәліметтер
2. Ежелгі дүниедегі спорт құрылыстары
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекцияның мәтіні.
Дене тәрбиесі мен спорт өзінің тарихи тамырларын өте терең жіберген. Археологиялық қазбалар тіпті тас ғасырына қатысты дене жаттығуларына арналып қолданған құрылыстар туралы мәлімет береді.
Бұндай құрылыстар Үнді, Египет, Орта Азия мен Оңтүстік Америка аймақтарынан табылған. Эгей мәдениетінің тарихы б.ғ. дейі-ші Х-ХІІғғ. Шығыс Жерорта теңізінде дене мәдениетінің өте ерте түрлерінің таралғанын дәлелдейді. Бұл жерде садақшылардың, өгізден секіруші акробаттардың бейнесі салынған ыдыстардың сынықтары табылған.
Кносс сарайын (Кносс-Кирт аралығындағы ежелгі қала) қазу барысында дене жаттығуларымен айналысуға арналған орынды табуға мүмкіндік болды.Ежелгі грек дене мәдениетінің дамуын сипаттайтын маңызды құбылыс олимпиада ойындары болды. Олар әр 4 жыл сайын жүйелі түрде Олимпте өткізіліп тұрды. Табылған деректер бұл мерекенің басталуын б.ғ. д. 776 жылға жатқызады. Осы жылдан олимпиаданың күнтізбелік төрт жылдың есебі басталды.
Жалпы грек олимп ойындарының қатарына көптеген Греция қалаларында шағын ауқымдағы, бірақ құлиеленуші мемлекеттердің (исмийлік, панафиндік, пифилік, немейлік ойындар т.б.) т аудандарындағы қоғамдық-саяси өмірінде үлкен маңызға ие болған ойындар өткізіліп тұрды. Жалпы гректің және аймақтық ойындар өткізу үшін көптеген стадиондар салынды, олардың ұрылыстары Олимптен, Дельфадан, Пирейден, Милеттен және т.б. Греция аудандарынан табылды.
№ 29 Лекция
Ежелгі дүниенің және орта ғасырдың спорттық құрылыстары
Жоспар.
1. Ежелгі дүниенің спорттық құрылыстары
2. Орта ғасырдың спорттық құрылыстары
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекцияның мәтіні.
Ежелгі грек қалалары өзіндік тәуелсіз мемлекеттер ретінде ғылым, өнер мен спорт саласында үнемі бәсеке жүргізіп отырды. Дұрыс көршілік қарым-қатынаспен бейбіт жарыстардың рухы Ежелгі Грецияда дене тәрбиесі мен спорттың дамуына үлкен ықпал етті, ол өзкезінде эллиндік кезен, стадиондарын сәулетті безендіруде айқын көрініс тапты. Грек стадиондары өзіндік сәулет үлгілерімен орасан зор көлемімен ерекшеленді және өзін қоршаған табиғатпен үйлесімді жасады.
Ерте орта ғасыр дене мәдениетінің толық құлауымен сипатталады. X-XI ғғ-да дене жаттығуларының кейбір мақсаты бағытттары дами бастады. ХІғ. Шығыстағы саудалық отарлау, серілердің пайда болуы осыған алғы шарт болды.
Феодалдық кез Шығыс және Батыс Европада, Англяда, Солтүстік Америкада Vғ.-XVIIf. екінші жартысында пайда болды. Феодалдық қоғам негізінен екі тапқа бөлінді.
Феодалдар қанаушы тап және шаруа қаналушы тап.
Феодализмде бай сословияларға феодалдар (серілер) және шіркеу жататын еді. Олар шаруаларды, қолөнершілерді қанау арқылы солардың арқасында өмір сүрді. Орта ғасырда шаруалар мен феодалдар арасында таптық күрес болып түрді.
Орта ғасырда қоғамның өміріне католикалық шіркеу үлкен роль атқарды. Христандық дін халықтың өміріне ақыл-ой және дене тәрбиесіне көптеген кедергілер әкелді. Олар дене жаттығулары, адам тұлғасын күту күнә деп білді. Діннің ықпалымен орта ғасырдағы мектептерде және университеттерде жастардың дене тәрбиесіне көңіл бөлмеді. Бірақ шіркеу серілердің әскери -дене дайындығына көп көңіл бөлді.
Серілердің дене тәрбиесі таптық және әскери болды. Серілер өздерін тек әскери дайындықпен, көңіл көтерумен айналысу керек деп білді. Сондықтан олар дене еңбегімен айналысты. Олар көбінесе әскери жорықтарда, басқа-жерлерді мемлекеттерді тонау, халықтың көтерілісін басып отырды. Серілердің тәрбиесі тек қана олардың серілік атаққа жету еді. Оларды атпен шабуға, семсерлесуге, жүзуге, садақ атуға, шахмат ойнауға, аңға шығуға, өлең жазуға үйретті.
Болашақ серілер 7-14 жасында феодалдың әйеліне паж болды. Ал 14 жастан бастап оларды қару алып жүруі, 21 жасында серілікке өткізілді.
Серілікке дайындық кезінде жастар дене жаттығулармен айналысты, өздеріне шыдамдылықты, күштілікті үйретті. Серілердің дене тәрбиесінде ойын мен спорттың рөлі үлкен болды. Ойындар жылжымалы, спорттық және әскери болып бөлінді.
Спорттық ойындар ішінде француздық же де пом (теннис),
ағылшындық суль (футбол) кеңінен тарады. Әскери ойындарға дуалға шығу,қорғандарды алу, әртүрлі қиындықтардан өтуден тұрды.
Спорттық түрлеріне семсерлесу, атпен шабу, садақ ату, ұзындыққа секіру, найза лақтыру болды. Семсерлесуді үйрету үшін әдейі семсерлесудің ұстазын шақырды.
Көңіл көтеру мен спорттың бір түрі ретінде серілер аңға шығатын еді. Олар сұнқар, итпен, атпен және жаяу аң аулады.
Серілердің әскери-дене дайындығын тексеру үшін серілердің турнирлерін ұйымдастырды. Турнирлер көп серілердің сайысы, жекпе жек сайысы болып бөлінді. Көп сайысы үлкен аланда өтетін және олар әскери соғысқа ұқсайды. Жекпе-жек сайысына серілер бір бірімен шайқасатын. Турнирлерді өткізу бай феодалдың үйленуі, семьясында бала дүниеге келуі, серілердің үйленуі кезінде болды. Сайыстың алдында серілер ант беруі керек еді. Германия, Франция, Англия, Испанияда серілердің сайысы көп болып тұрды.
№ 30 Лекция
Жаңа кезеңдегі жазғы және қысқы олимпиадалық ойындардағы спорттық құрылыстар
Жоспар.
1. ХҮІІ-ХІХ ғ. спорттық құрылыстар
2. XIX ғасырдың басындағы спорттық құрылыстар
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекцияның мәтіні.
ХҮІІ-ХІХ ғ. буржуазиялық революциясы феодалдық құрылысты жеңіп капиталистік құрылымды бекітті. Бұл құрылыс Европа мен Америкада өндірістік және мәдениеттің жылдам дамуына алып келді. Осы өзгерістер дене тәрбиесінің, спорттың дамуына да ықпалын тигізді. Буржуазиялық құрылыста әскери және саяси дайындықты нығайту үшін соған лайықты адамдарды тәрбиелеу керек болды. Бұндай азаматтарды дайындау үшін буржуазия алдынғы қатардағы әдістер мен формаларды құрды, соның ішінде дене тәрбиесінен де.
Ұлттық-буржуазиялық гимнастика және спорттық ойындар дене тәрбиесінің пайда болуы мен дамуы.
Өнеркәсіптің, ғылым мен техниканың және әскер жағдайының өсуі, жастарды тәрбиелеумен оқытуды жақсарту керектігіне алып келді. Буржуазиялық мемлекеттерде отаршылық агрессиясының кең құлаш алуы әскердің ролін күшейтті. Жаңа әскер техниканың және тактиканың өсуі халықтың көп мөлшерде дайындығын талап етті. Бұл гимнастикалык және спорттық-ойындардың пайда болуының басты себебі болды. Бұл процеске дәрігерлердің зерттеулері, анатомдардың, физиологтардың және
педагогтардың еңбектері белгілі мөлшерде ықпал етіп, дене жаттығуларын және ағзаны шынықтыруға дене дамуын жақсартуға жастарды шақырды.
Гимнастикалық системалар Европаның (Германия, Швеция, Франция т.б.) мемлекеттерінде ілгерлеушілікпен құрыла бастады. Бұл мемлекеттердің соғыс саясатының дамуына ықпал жасады.
XIX ғасырдың басындағы Наполенның соғыстарындағы әскерінің көпшілігі, кәп мөлшерде дене дайындықтары жақсы жетілген резервтерді қажет етті.
Гимнастикамен айналысу сол кездегі соғыс әдістерін, қимыл қозғалыстарды қалыптастыруда және де саптық командаларды нақты орындауға үйретті.
Жаңа уақыттың бірінші кезеңінде "Гимнастика" деген түсінікке тек әртіүрлі снарядтардағы жаттығулар ғана емес, сондай-ақ жүгіру, секіру, күресу, шаңғымен сырғанау, қорғану және шабуылдау кіретін еді.
.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Достарыңызбен бөлісу: |