"Қолжетімді тұрғын үй 2020" бағдарламасын бекіту туралы


Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттырудың басқа бағыттары



бет12/13
Дата24.02.2016
өлшемі0.49 Mb.
#18000
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттырудың басқа бағыттары


      Тұрғын үй қолжетімділік деңгейін арттыру және тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту үшін қосымша ынталандыру шараларын жасау жөніндегі жоғарыда көрсетілген іс-шаралармен қоса ЖАО тұрғын үй проблемасын дербес шешетін азаматтардың бастамаларына жәрдем жасауы керек. Осы бағытта тәуекел деңгейі үлестік құрылысына қарағанда мейлінше төмен тұрғын үй құрылыс кооперативтерін өздерін оң жағынан танытты. Мемлекеттің меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскесін құрылыс үшін бөлу ТҚК құрудың міндетті шарты болуға тиіс. Бұл ретте құрылыс салынатын учаскеге ЖАО қажетті инженерлік желілер және коммуникациялар жүргізуге тиіс. ТҚК-тың меншігіне жер учаскесін ресімдеу тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін жүзеге асырылуға тиіс.

Жер ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы


      Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 N 286 қаулысымен.

      Тұрғын үй құрылысына бөлінген, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелерінің болуы тұрғын үйдің қолжетімділігін құрайтын элементтердің бірі болып табылады.


      Осы мақсат үшін ЖАО:
      1) жаппай құрылыс салуға жарамды жер учаскелеріне тексеру жүргізуге;
      2) бекітілген бас жоспарларға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына және елді мекендерде құрылыс салу қағидаларына сәйкес жаппай тұрғын үйлер салынатын басым аудандарды анықтауға;
      3) жер учаскелерін дайындау бойынша алдын ала жұмыстар жүргізуге қамтамасыз етуге;
      4) бос жер учаскелерінің болуы туралы ақпаратқа еркін қол жеткізуді;
      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрылыс салушыға жер учаскелерін беруді қамтамасыз етуге тиіс.
      Құрылысқа бөлінген алаптар тұрғын үйлердің құрылысы басталғанға дейін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуге тиіс.

Құрылыс индустриясын және индустриялық үй құрылысын дамыту жөніндегі шаралар туралы


      Құрылыс материалдарының өнеркәсібі экономиканың ірі құрамдас бөлігі болып табылады және құрылыс үшін материалдық негіз бола отырып қоғамның экономиканың басқа салаларының өсіміне және әлеуметтік жағдайға айтарлықтай әсер етеді.
      Бүгінгі күні Қазақстанда саланың құрамына 592 кәсіпорын, оның ішінде 199 ірі, 393 орта және шағын кәсіпорындар кіреді. Барлығы Қазақстандағы құрылыс индустриясында 31,5 мың адам жұмыс істейді.
      Құрылыс материалдары өнеркәсібі – бұл шамамен 20 дербес салаларды қамтитын кешенді сала, олардың көпшілігінің құрамында бірнеше өндірістер бар, бұл ретте әрбір сала жалпы құрылыс материалдары нарығының жиынтығын құрай отырып, өз нарығын қалыптастырады.
      Құрылыс материалдары нарығының айрықша ерекшеліктерінің бірі нарықтың көпшілік қосалқы салалары үшін тұтынушылардың «бірлігі» болып табылады, бұл құрылыс ұйымдары. Құрылыста құрылыс материалдары өнімдерінің 75 – 80 %-дан астамы, 95 %-дан астам қабырғалық материалдар, 90 % құрылыс бетонынан жасалған бұйымдар, 85 % асбестцемент бұйымдар, 95 % жиналмалы темірбетон тұтынылады. Осы негізге ала отырып, құрылыс материалдарының негізгі түрлерінің нарығын дамытуға және құрылыс индустриясын дамытуға құрылыс индустриясының құрылыс көлемі мен дамуы әсер етеді, ал құрылыс көлемінің өзгеру серпінін ескере отырып, ол қалыптасады.
      Осы саланың келесі айырмашылығы бірыңғай нарықтың және нарықтық кеңістіктің жеткіліксіз дамуы, өңірлерде құрылыс материалдарының жергілікті нарықтарының жұмыс істеуі, сондай-ақ шикізат шығару көздеріне байлаулы болғандықтан кәсіпорындардың біркелкі және аумақта тепе-тең орналаспағандығы болып табылады.
      Құрылыс материалдары өнеркәсібінің негізгі өндірістік қуаттары республиканың шығыс, оңтүстік және орталық облыстарында орналасқан. Тиісінше цемент және басқа құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары бойынша негізгі зауыттар осы өңірлерде салынған. Жоғары тарифтер жағдайында аумақтық орналастырудағы сәйкессіздік өнімдер мен шикізатты жеткізу бойынша үлкен қаржылық шығыстарды туғызады. Үлкен қашықтыққа жеткізу кезіндегі сату бағадағы көліктік шығыстардың үлестік салмағы 55 - 65 % дейін барады, бұл республиканың облыстары бойынша бағалардың айтарлықтай айырмашылығын туғызады. Енді бір маңызды фактор құрылыс материалдарына сұраныс маусымдықпен сипатталатындығы болып табылады.
      Соңғы онжылдықта Батыс Қазақстанда мұнай-газ секторы озық даму қарқынын алды, Астана, Алматы қалаларында және Алматы облысы мен басқаларында тұрғын үй мен басқа азаматтық құрылыс көлемі күрт өсті.
      Тұрғын үй қолжетімділігі, біріншіден, сапалы, қымбат емес құрылыс материалдарын қолдану арқылы, екіншіден, жыл бойы құрылыс салу арқылы қамтамасыз етіледі. Құрылыс саласын базалық құрылыс материалдармен жаппай қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың өмір сүру қауіпсіздігінің, өрт қауіпсіздігінің және өзге нормалардың талаптарына сәйкес келуі мемлекеттік бағдарламаларды сәтті іске асырудың бөлінбейтін факторы болып табылады.
      Осыған байланысты, ел Президентінің тапсырмасын орындау үшін «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының шеңберінде құрылыс объектілерін құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді шешу үшін Индустриландыру картасының аясында жақын арада қосымша жаңа өндірістік қуаттар ашылатын болады.
      «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыру үшін Құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасы түзетілетін болады, оның шеңберінде құрылыс индустриясын дамыту жөнінде шаралар кешені әзірленеді, «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы, «Ақ бұлақ» және ТКШ жаңғырту бағдарламалары бойынша, негізгі жол-құрылыс материалдары бойынша негізгі құрылыс жұмыстарының көлемдерін ескере отырып, құрылыс материалдарға қажеттіліктің есебі жүргізіледі, сондай-ақ құрылыс саласын қажетті материалдармен қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар пысықталатын болады.
      Құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі бағдарламада жиналмалы-қаңқалы үй құрылысымен қоса тұрғын үй құрылысының мерзімдерін қысқарту және құнын төмендету мақсатында басымдық ретінде ірі панельді үй құрылысын дамыту көзделген.
      Елімізде үй құрылысы комбинаттарын ұйымдастыру үшін шетелдік компаниялардың – индустриялы үй құрылысына арналған жинақты зауыттар мен жабдықтар тауар өндірушілердің тәжірибесі зерттелді.
      Өңірлерде мемлекеттің қаражаты есебінен тұрғын үйлерді іске қосу көлемдерін негізге ала отырып, «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының шеңберінде үй құрылыс комбинаттарының оңтайлы саны, өте тиімді технология, өндірістің қуаты, қаржыландыру схемасы мен құрылымы, оның ішінде «Өнімділік 2020» бағдарламасының құралдары немесе ӘКК-нің жарғылық капиталына кіру есебінен қаржыландыру белгіленетін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет