Қолжетiмдi тұрғын үй 2020


Тұрғын үйдiң қолжетiмдiлiгiн арттырудың басқа бағыттары



бет6/6
Дата25.02.2016
өлшемі480 Kb.
#22400
1   2   3   4   5   6

Тұрғын үйдiң қолжетiмдiлiгiн арттырудың басқа бағыттары

      Тұрғын үй қолжетмдiлiк деңгейiн арттыру және тұрғын үй құрылысының көлемiн ұлғайту үшiн қосымша ынталандыру шараларын жасау жөнiндегi жоғарыда көрсетiлген iс-шаралармен қоса ЖАО тұрғын үй проблемасын дербес шешетiн азаматтардың бастамаларына жәрдем жасауы керек. Осы бағытта тәуекел деңгейi үлестiк құрылысына қарағанда мейлiнше төмен тұрғын үй құрылыс кооперативтерiн өздерiн оң жағынан танытты. Мемлекеттiң меншiгiндегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскесiн құрылыс үшiн бөлу ТҚК құрудың мiндеттi шарты болуға тиiс. Бұл ретте құрылыс салынатын учаскеге ЖАО қажеттi инженерлiк желiлер және коммуникациялар жүргiзуге тиiс. ТҚК-тың меншiгiне жер учаскесiн ресiмдеу тұрғын үй пайдалануға берiлгеннен кейiн жүзеге асырылуға тиiс.



Жер ресурстарының қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы

      Тұрғын үй құрылысына бөлiнген, инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етiлген жер учаскелерiнiң болуы тұрғын үйдiң қолжетiмдiлiгiн құрайтын элементтердiң бiрi болып табылады.


      Осы мақсат үшiн ЖАО:
      1) жаппай құрыс салуға жарамды жер учаскелерiне тексеру жүргiзуге;
      2) бекiтiлген бас жоспарларға, егжей-тегжейлi жоспарлау жобаларына және елдi мекендерде құрылыс салу қағидаларына сәйкес жаппай тұрғын үйлер салынатын басым аудандарды анықтауға;
      3) жер учаскелерiн дайындау бойынша алдын ала жұмыстар жүргiзуге қамтамасыз етуге;
      4) бос жер учаскелерiнiң болуы туралы ақпаратқа еркiн қол жеткiзудi;
      5) құрылыс салушыға жер учаскелерiн кадастрлық құны бойынша беруге тиiс.
      Құрылысқа бөлiнген алаптар тұрғын үйлердiң құрылысы басталғанға дейiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етiлуге тиiс.

Құрылыс индустриясын және индустриялық үй құрылысын дамыту жөнiндегi шаралар туралы

      Құрылыс материалдарының өнеркәсiбi экономиканың iрi құрамдас бөлiгi болып табылады және құрылыс үшiн материалдық негiз бола отырып қоғамның экономиканың басқа салаларының өсiмiне және әлеуметтiк жағдайға айтарлықтай әсер етедi.


      Бүгiнгi күнi Қазақстанда саланың құрамына 592 кәсiпорын, оның iшiнде 199 iрi, 393 орта және шағын кәсiпорындар кiредi. Барлығы Қазақстандағы құрылыс индустриясында 31,5 мың адам жұмыс iстейдi.
      Құрылыс материалдары өнеркәсiбi – бұл шамамен 20 дербес салаларды қамтитын кешендi сала, олардың көпшiлiгiнiң құрамында бiрнеше өндiрiстер бар, бұл ретте әрбiр сала жалпы құрылыс материалдары нарығының жиынтығын құрай отырып, өз нарығын қалыптастырады.
      Құрылыс материалдары нарығының айрықша ерекшелiктерiнiң бiрi нарықтың көпшiлiк қосалқы салалары үшiн тұтынушылардың «бiрлiгi» болып табылады, бұл құрылыс ұйымдары. Құрылыста құрылыс материалдары өнiмдерiнiң 75 – 80 %-дан астамы, 95 %-дан астам қабырғалық материалдар, 90 % құрылыс бетонынан жасалған бұйымдар, 85 % асбестцемент бұйымдар, 95 % жиналмалы темiрбетон тұтынылады. Осы негiзге ала отырып, құрылыс материалдарының негiзгi түрлерiнiң нарығын дамытуға және құрылыс индустриясын дамытуға құрылыс индустриясының құрылыс көлемi мен дамуы әсер етедi, ал құрылыс көлемiнiң өзгеру серпiнiн ескере отырып, ол қалыптасады.
      Осы саланың келесi айырмашылығы бiрыңғай нарықтың және нарықтық кеңiстiктiң жеткiлiксiз дамуы, өңiрлерде құрылыс материалдарының жергiлiктi нарықтарының жұмыс iстеуi, сондай-ақ шикiзат шығару көздерiне байлаулы болғандықтан кәсiпорындардың бiркелкi және аумақта тепе-тең орналаспағандығы болып табылады.
      Құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң негiзгi өндiрiстiк қуаттары республиканың шығыс, оңтүстiк және орталық облыстарында орналасқан. Тиiсiнше цемент және басқа құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары бойынша негiзгi зауыттар осы өңiрлерде салынған. Жоғары тарифтер жағдайында аумақтық орналастырудағы сәйкессiздiк өнiмдер мен шикiзатты жеткiзу бойынша үлкен қаржылық шығыстарды туғызады. Үлкен қашықтыққа жеткiзу кезiндегi сату бағадағы көлiктiк шығыстардың үлестiк салмағы 55 - 65 % дейiн барады, бұл республиканың облыстары бойынша бағалардың айтарлықтай айырмашылығын туғызады. Ендi бiр маңызды фактор құрылыс материалдарына сұраныс маусымдықпен сипатталатындығы болып табылады.
      Соңғы онжылдықта Батыс Қазақстанда мұнай-газ секторы озық даму қарқынын алды, Астана, Алматы қалаларында және Алматы облысы мен басқаларында тұрғын үй мен басқа азаматтық құрылыс көлемi күрт өстi.
      Тұрғын үй қолжетiмдiлiгi, бiрiншiден, сапалы, қымбат емес құрылыс материалдарын қолдану арқылы, екiншiден, жыл бойы құрылыс салу арқылы қамтамасыз етiледi. Құрылыс саласын базалық құрылыс материалдармен жаппай қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың өмiр сүру қауiпсiздiгiнiң, өрт қауiпсiздiгiнiң және өзге нормалардың талаптарына сәйкес келуi мемлекеттiк бағдарламаларды сәттi iске асырудың бөлiнбейтiн факторы болып табылады.
      Осыған байланысты, ел Президентiнiң тапсырмасын орындау үшiн «Қолжетiмдi тұрғын үй – 2020» бағдарламасының шеңберiнде құрылыс объектiлерiн құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету жөнiндегi мәселелердi шешу үшiн Индустриландыру картасының аясында жақын арада қосымша жаңа өндiрiстiк қуаттар ашылатын болады.
      «Қолжетiмдi тұрғын үй – 2020» бағдарламасын iске асыру үшiн Құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндiрiсiн дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасы түзетiлетiн болады, оның шеңберiнде құрылыс индустриясын дамыту жөнiнде шаралар кешенi әзiрленедi, «Қолжетiмдi тұрғын үй – 2020» бағдарламасы, «Ақ бұлақ» және ТКШ жаңғырту бағдарламалары бойынша, негiзгi жол-құрылыс материалдары бойынша негiзгi құрылыс жұмыстарының көлемдерiн ескере отырып, құрылыс материалдарға қажеттiлiктiң есебi жүргiзiледi, сондай-ақ құрылыс саласын қажеттi материалдармен қамтамасыз ету үшiн қосымша шаралар пысықталатын болады.
      Құрылыс индустриясын дамыту жөнiндегi бағдарламада жиналмалы-қаңқалы үй құрылысымен қоса тұрғын үй құрылысының мерзiмдерiн қысқарту және құнын төмендету мақсатында басымдық ретiнде iрi панельдi үй құрылысын дамыту көзделген.
      Елiмiзде үй құрылысы комбинаттарын ұйымдастыру үшiн шетелдiк компаниялардың – индустриялы үй құрылысына арналған жинақты зауыттар мен жабдықтар тауар өндiрушiлердiң тәжiрибесi зерттелдi.
      Өңiрлерде мемлекеттiң қаражаты есебiнен тұрғын үйлердi iске қосу көлемдерiн негiзге ала отырып, «Қолжетiмдi тұрғын үй – 2020» бағдарламасының шеңберiнде үй құрылыс комбинаттарының оңтайлы саны, өте тиiмдi технология, өндiрiстiң қуаты, қаржыландыру схемасы мен құрылымы, оның iшiнде «Өнiмдiлiк 2020» бағдарламасының құралдары немесе ӘКК-нiң жарғылық капиталына кiру есебiнен қаржыландыру белгiленетiн болады.

6. Қажеттi ресурстар

      2012 - 2020 жылдарға арналған Бағдарламаны iске асыруға республикалық және жергiлiктi бюджеттiң қаражаты, даму институттарының қаражаты, сондай-ақ жеке меншiк iшкi және шетелдiк инвестициялар бағытталатын болады.


      Республикалық бюджет есебiнен қаржыландыру көлемi мемлекеттiк кредиттiк тұрғын үйдi, кезекте тұрғандар мен жас отбасылар үшiн жалға берiлетiн тұрғын үйлердi салуға, тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесiн дамытуға, ҚТҚЖБ-ты және «ҚИК» АҚ-ты қорландыруға, авариялық тұрғын үйлердi бұзу жөнiндегi пилоттық жобалар шеңберiнде тұрғын үй салуға, сондай-ақ инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды, оның iшiнде Астана және Алматы қалаларының серiктес қалаларын дамыту және жайластыруға 1 951,453 млрд. теңгенi, оның iшiнде 2012 жылы – 146,2 млрд. теңгенi, 2013 жылы – 197,9 млрд. теңгенi, 2014 жылы – 250,75 млрд. теңгенi, 2015 жылы – 232,963 млрд. теңгенi 2016 жылы – 241,74 млрд. теңгенi, 2017 жылы – 212,2 млрд. теңгенi, 2018 жылы – 216,0 млрд. теңгенi, 2019 жылы – 220,5 млрд. теңгенi, 2020 жылы – 232,2 млрд. теңгенi құрайды.
      2012 - 2020 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң болжамды көрсеткiштерi шеңберiнде нақтыланатын болады.

Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже

      Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде:


      2012 - 2020 жылдары қаржыландырудың барлық көздерi есебiнен жалпы алаңы 69050,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беруге жоспарланып отыр, оның iшiнде 2012 жылы – 6050,0 мың шаршы метр, 2013 жылы – 6600,0 мың шаршы метр, 2014 жылы – 6900,0 мың шаршы метр, 2015 жылы – 7200,0 мың шаршы метр, 2016 жылы – 7600,0 мың шаршы метр, 2017 жылы – 7700,0 мың шаршы метр, 2018 жылы – 8000,0 мың шаршы метр, 2019 жылы – 9000,0 мың шаршы метр, 2020 жылы – 10000,0 мың шаршы метр.
      2012 - 2020 жылдары республикалық бюджеттен бөлiнген кредиттiк қаражат есебiнен мыналар салынады:
      1) жергiлiктi атқарушы органдардың кредиттiк тұрғын үй салуы, кейiн оны тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесi арқылы сатуы – 2940,0 мың шаршы метр, оның iшiнде 2012 жылы – 313,0 мың шаршы метр, 2013 жылы – 320,0 мың шаршы метр, 2014 – 2020 жылдары жыл сайын 330,0 мың шаршы метр;
      2012 - 2020 жылдары республикалық бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттер есебiнен мыналар салынады:
      2) жергiлiктi атқарушы органдардың кезекте тұрғандар үшiн жалға берiлетiн (кредиттiк) тұрғын үй салуы – 2286,4 мың шаршы метр, оның iшiнде 2012 жылы – 136,4 мың шаршы метр, 2013 жылы – 225,0 мың шаршы метр, 2014 – 2020 жылдары жыл сайын 275,0 мың шаршы метр;
      3) жергiлiктi атқарушы органдардың жас отбасылар үшiн жалға берiлетiн тұрғын үй салуы – 1510,0 мың шаршы метр, оның iшiнде 2012 жылы – 155,0 мың шаршы метр, 2013 жылы – 155,0 мың шаршы метр, 2014 жылы – 155,0 мың шаршы метр, 2015 – 2020 жылдары жыл сайын 200,0 мың шаршы метр;
      4) «ҚИК» АҚ-тың тұрғын үй қоры, халыққа сатып алу құқығымен жалдау арқылы сатылады – 3125,0 мың шаршы метр, оның iшiнде 2014 жылы – 210,0 мың шаршы метр, 2015 жылы – 250,0 мың шаршы метр, 2016 жылы – 545,0 мың шаршы метр, 2017 – 2020 жылдары жыл сайын 530,0 мың шаршы метр;
      5) авариялық тұрғын үйлердi бұзу жөнiндегi пилоттық жобалар шеңберiнде тұрғын үй салу – 315,0 мың шаршы метр, оның iшiнде 2013 жылы – 25,0 мың шаршы метр, 2014 жылы – 25,0 мың шаршы метр, 2015 жылы – 30,0 мың шаршы метр, 2016 жылы – 35,0 мың шаршы метр, 2017 – 2020 жылдары жыл сайын 50,0 мың шаршы метр.
      «Самұрық-Қазына» АҚ-тың меншiктi қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебiнен 2013 жылы – 60,0 мың шаршы метр, 2014 жылы – 90,0 мың шаршы метр, 2015 - 2020 жылдары – 150,0 мың шаршы метр тұрғын үй салынатын болады.
      Құрылыс материалдары өнеркәсiбi, электротехникалық, металлургия және химия өнеркәсiбi өнiмдерiн, сондай-ақ жаңа тұрғын үйдi жайластыру бұйымдарын шығаруды арттыру есебiнен сабақтас салаларда мультипликативтiк тиiмдiлiк күтiлуде.

7. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары

      Iс-шаралар жоспары осы Бағдарламаға қосымшада көрсетiлген.



«Қолжетiмдi тұрғын үй - 2020»
бағдарламасына қосымша  

7. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары

Р/с №

Iс-шаралар

Орындау мерзiмi

Жауапты орындаушылар

Болжанатын шығыстар, млрд. теңге*

Қаржыландыру көздерi

Аяқталу нысаны

1

2

3

4

5

6

7

1

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне тұрғын үйдi жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға кредиттер беру

2012-2020 жылдар 1-тоқсан

ҚТКШIА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы

425,0 оның iшiнде:
2012 жылы – 42,4
2013 жылы – 59,6
2014 жылы – 60,0
2015 жылы – 37,0
2016 жылы – 40,0
2017 жылы – 42,0
2018 жылы – 45,0
2019 жылы – 48,0
2020 жылы – 51,0

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭДСМ-ге ақпарат

оның iшiнде:
















Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесi арқылы тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға кредиттер беру

2012-2020 жылдар 1-тоқсан

ҚТКШIА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы

375,0, оның iшiнде:
2012 жылы – 42,4
2013 жылы – 34,6
2014 жылы – 35,0
2015 жылы – 37,0
2016 жылы – 40,0
2017 жылы – 42,0
2018 жылы – 45,0
2019 жылы – 48,0
2020 жылы – 51,0

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭДСМ-ге ақпарат

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне авариялық тұрғын үй бұзылатын аудандарда тұрғын үй салуға кредиттер беру

2012-2020 жылдар 1-тоқсан

ҚТКШIА, Маңғыстау облысының, Астана қаласының әкiмдiктерi

50,0, оның iшiнде:
2013 жылы – 25,0
2014 жылы – 25,0

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭДСМ-ге ақпарат

2

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйiн жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға берiлетiн нысаналы даму трансферттерi

2012-2020 жылдар 1-тоқсан

ҚТКШIА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы

473,6, оның iшiнде:
2012 жылы – 34,6
2013 жылы – 40,0
2014 жылы – 45,0
2015 жылы – 50,0
2016 жылы – 54,0
2017 жылы – 57,0
2018 жылы – 60,0
2019 жылы – 64,0
2020 жылы – 69,0

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭДСМ-ге ақпарат

оның iшiнде:
















Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ЖАО-да кезекте тұрған азаматтар үшiн мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйiн жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға берiлетiн нысаналы даму трансферттерi

2012-2020 жылдар 1-тоқсан

ҚТКШIА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы

263,6, оның iшiнде:
2012 жылы – 19,6
2013 жылы – 25,0
2014 жылы – 25,0
2015 жылы – 27,0
2016 жылы – 30,0
2017 жылы – 31,0
2018 жылы – 33,0
2019 жылы – 35,0
2020 жылы – 38,0

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭДСМ-ге ақпарат

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жас отбасылар үшiн жалға берiлетiн тұрғын үй жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға берiлетiн нысаналы даму трансферттерi

2012-2020 жылдар 1-тоқсан

ҚТКШIА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы

210,0, оның iшiнде:
2012 жылы – 15,0
2013 жылы – 15,0
2014 жылы – 20,0
2015 жылы – 23,0
2016 жылы – 24,0
2017 жылы – 26,0
2018 жылы – 27,0
2019 жылы – 29,0
2020 жылы – 31,0

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭДСМ-ге ақпарат

3

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға берiлетiн нысаналы даму трансферттерi

2012-2020 жылдар 1-тоқсан

ҚТКШIА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы

843,9, оның iшiнде:
2012 жылы – 57,0
2013 жылы – 62,3
2014 жылы – 104,2
2015 жылы – 102,9
2016 жылы – 103,5
2017 жылы – 103,5
2018 жылы – 103,5
2019 жылы – 103,5
2020 жылы – 103,5

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭДСМ-ге ақпарат

оның iшiнде:
















инженерлiк- коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу

2012 – 2020 жылдар 1-тоқсан

ҚТКШIА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы

811,0, оның iшiнде:
2012 жылы – 51,0
2013 жылы – 60,0
2014 - 2020 жылдары жыл сайын 100,0

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭДСМ-ге ақпарат

Алматы және Астана қалаларының серiктес қалаларын дамыту

2012 – 2020 жылдар 1-тоқсан

ҚТКШIА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы

32,9, оның iшiнде:
2012 жылы – 6,0
2013 жылы – 2,3
2014 жылы – 4,2
2015 жылы – 2,9
2016 жылы – 3,5
2017 жылы – 3,5
2018 жылы – 3,5
2019 жылы – 3,5
2020 жылы – 3,5

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭДСМ-ге ақпарат

4

Жалға берiлетiн тұрғын үй салуды қамтамасыз ету үшiн «ҚИК» ИҰ» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

2012-2020 жылдар 1-тоқсан

ҚТКШIА, «ҚИК» ИҰ» АҚ

107,754, оның iшiнде:
2013 жылы – 25,0
2014 жылы – 26,250
2015 жылы – 27,563
2016 жылы – 28,941

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭДСМ-ге ақпарат

5

Алматы облысының бюджетiне (Алматы қаласының серiктес қалаларында) инженерлiк- коммуникациялық инфрақұрылымды салу үшiн уәкiлеттi ұйымның жарғылық капиталын қалыптастыруға берiлетiн нысаналы даму трансферттерi

2013-2020 жылдар 1-тоқсан

ҚТКШIА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы

89,0, оның iшiнде:
2013 жылы – 11,0
2014 жылы – 15,3
2015 жылы – 15,5
2016 жылы – 15,3
2017 жылы – 9,7
2018 жылы – 7,5
2019 жылы – 5,0
2020 жылы – 9,7

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭДСМ-ге ақпарат

6

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылысы жинақ банкi» АҚ кредит беру

2012-2020 жылдар

ҚТКШIА, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылысы жинақ банкi» АҚ

12,2, оның iшiнде:
2012 жылы – 12,2

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭДСМ-ге ақпарат

7

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актiлерiне сатып алу құқығымен жалға берiлетiн тұрғын үйдi дамыту, жалға берiлетiн тұрғын үйдiң құрылысын ынталандыру, тұрғын үй құрылысына инвестицияларды тарту, жалға берiлетiн тұрғын үйдi қаржыландыру және ипотекалық ұйымдардың қызметiн одан әрi жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

2012 жылғы 4-тоқсан

ЭДСМ, Қаржыминi, ҚТКШIА, ҚР ҰБ (келiсiмi бойынша), «ҚИК» ИҰ» АҚ

Талап етiлмейдi




Заң жобасының тұжырымдамасы

8

«ҚИК» ИҰ» АҚ-қа облигацияларды шығару үшiн мемлекеттiк кепiлдiк беру

2015-2016 жылдар

ЭДСМ, Қаржыминi, ҚТКШIА, «ҚИК» ИҰ» АҚ







56,504 млрд.теңге, оның iшiнде 2015 жылы – 27,563 2016 жылы – 28,941 сомасына мемлекеттiк кепiлдiк тердi шығару

9

Тұрғын үй құрылысы үшiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етiлген жер учаскелерiн бөлу

2013-2020 жылдар

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы, ҚР Жер ресурстар агенттiгi







Жарты жылда 1 рет ҚТКШIА-ға ақпарат

10

Тұрғын үйдiң жоспарланған көлемiн салу және пайдалануға беру

2012-2020 жылдар

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы, ҚТКШIА, «ҚИК» ИҰ» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ







ҚРҮ-ге, ЭДСМ-ге ақпарат

* - Бағдарламаны iске асыруға арналған шығыстар тиiстi қаржы кезеңдерiне арналған республикалық бюджет туралы Заңда нақтыланады

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2012 жылғы 21 маусымдағы
№ 821 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 329 қаулысы.


      2. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 329 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 13 қыркүйектегi № 1049 қаулысы.
      3. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 329 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1524 қаулысы.
      4. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 329 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 24 мамырдағы № 672 қаулысы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет