Өлкетану бөлімі Ө Ө л л к


Қансүйек – Токаревка поселкесінің қазақша аты. Нұра жағасында жерленген, аты  аңызға айналған Қансүйек батырдың атымен аталған.  Қаражар



Pdf көрінісі
бет17/51
Дата23.01.2023
өлшемі0.79 Mb.
#468619
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51
toponimkaz

Қансүйек – Токаревка поселкесінің қазақша аты. Нұра жағасында жерленген, аты 
аңызға айналған Қансүйек батырдың атымен аталған. 
Қаражар – елді мекен аты. Түр. «Биік жар» мәніндегі атау. 
Қаракөл – Дубовка поселкесінің қазақша аты. Түр. «көзді көл» мағынасындағы атау. 
Олай аталу себебі бұл тіркестегі қара сөзі жер мағынасында. 
Қарақойтас – Бабаев атындағы ауылдың учаскесі. Жеке шоқылардың аты. Атау қаз
қара және қойтас сөздерінен қалыптасқан. 
Қарақұдық – құдықты мекен аты. «Қара» сөзі құдық басының қарайып көрінетін 
түріне орай айтылған. 
Қарамола – Бабаев атындағы ауылдың учаскесі. «Қалың мола» мағынасындағы атау. 
Қарасу – өзен аты. Қарасу атауындағы қара сөзі судың түсіне қатысты емес. Қарасу 
ұғымы ежелден-ақ «мөлдір су», «сусын» мәнін берген. Қарасу – үлкен өзен емес, жер 
астынан, сай-жыралардан шығып жатқан қайнар суы. Бұл атаудағы қара сөзін байырғы 
түркі тілдес халықтар «жер» мәнінде қолданған. Сондағы мағынасы, біздің ұғып 
келгенімізден өзгешерек «жер суы» (грунт) деген ұғымда. 
Қасқасиыр – Пушкин атындағы ауылдың учаскесі. Ату өзінің тура мағынасында. 
Қожар – Нұраның оң жақ жағасындағы шоқы. Атау шоқының үсті бұжыр-бұжыр
кедір-бұдыр болғандықтан солай аталған. 
Қорғанкөл – көл, ұзындығы – 3 км. Атау «обаның формасындай домалақ» көл деген 
мағынаны білдіреді. 
Құмдыкөл – көл. Атау «жағасы құмды көл» деген мағынаны білдіреді. 
Қымызқұдық – Көктал ауылының елді мекені. Атау «қымыз сияқты тәтті су» деген 
мағынаны білдіреді. 
Қуөзек – Көктал ауылының учаскесі. Атау «қурғақ өзек, сусыз өзен» деген мағынаны 
білдіреді. 
Құрылыс – Энгельс ауылының елді мекені, бұл жерде құрылыс жұмыстарының кең 
өріс алып құрылып бастағаннан солай аталып кеткен. 
Қызылжар – өңір. «Қызыл» сөзінің мәні жардың топырақ бетінің реңімен 
байланысты. 
Қызылтау – тау аттары. «Қызғылт түсті палеозой граниттерінен түзілген таулар». 
Түске байланысты атау. 


20 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет