Өлкетану бөлімі Ө Ө л л к


Шидерадыр – Буденый атындағы ауылдың учаскесі. Атау «балшықты тау  жыныстары» деген мағынаны білдіреді.  Шилі



Pdf көрінісі
бет20/51
Дата23.01.2023
өлшемі0.79 Mb.
#468619
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51
toponimkaz

Шидерадыр – Буденый атындағы ауылдың учаскесі. Атау «балшықты тау 
жыныстары» деген мағынаны білдіреді. 
Шилі – елді мекен. «Чия қопасы бар жерде» орналасқан. Ор. «Чайлы, Шайлы, 
Шийлы» және т.б. 


22 
Шоқай – ауыл. Шоқай ауылы қоныс аударушылар учаскесі Шоқайқалды өзенінің 
жағасында орналасқан. Шоқай – «жеңіл етік» және қалды сөздерінен қалыптасқан атау. 
Шолаққарасу – Миньковка селосының қазақша аты. Жер астындағы сулардан нгізгі 
қорек алатын, құрғап қалатын өзен мағынасындағы атау. 
Шөптікөл – Молодецк селосының қазақша аты. Қаз. шөп және көл сөздерінен 
қалыптасқан атау.
Ынтымақ – Амангелді атындағы ауылдың бөлімшесі. Атау «келісім, достық» деген 
мағынаны білдіреді. 
Жаңаарқа ауданы 
Айтағы – тау, биік 499,9 м. Қарағанды обл., Жаңаарқа ауданында. Е.Қойшыбаев бұл 
атаудың шығу жайын: «Көне түрінде ай этнонимі тағ («тау») терминін жалғау арқылы 
жасалған атау. Этим. «Ай тауы», – деп түсіндірген (Қойшыбаев, 1985, 29). Біз бұл пікірге 
қосылмаймыз. Ерте заманда, түркі халықтары шаман дінін ұстаған кезде Ай сұлулықтың, 
көркемділік пен әдеміліктің символы боғлан және Айға табынған, «әулие», «пір» тұтқан. 
Сондықтан да балаларға: Айтолды, Айтуды, Айкүміс, Алтынай деген есімдер қойып 
отырған. Әлі күнге дейін ел арасында: «Ай көрдім, аман көрдім, ескі айда есірке, жаңа айда 
жарылқа», – деп, жаңа туған айға қарап сыйыну дәстүрі қалған жоқ. 
Демек, «Айтағы» атауы «қасиетті тау», «сұлу тау» деген мағынаны білдіреді. 
Атаудың екінші құрамындағы тағ // тағы – қазіргі тіліміздегі «тау» сөзінің көне тұлғасы, 
сөз соңындағы ы – тәуелдік жалғау қосымшасы. 
Айшырақ – Орталық Қазақстанның Атасу өзені бойындағы мекен аты (ежелгы 
ғимараттар орны). Онда кола дәуірінен қалған түрлі бұйымдар, көбіне ай тәріздес қола 
шырақтар табылып келген. Сол үшін де ол Айшырақ атанған. 
Ақтүбек – Жаңаарқа ауданындағы елді мекен аты. Балқаш және Қорғалжын 
көлдеріндегі түбек аттары, әрі балықшылар мекен аты. «Ақотты түбек» мәніндегі атау. 
Ақшағат – Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданындағы село. Атаудың бірінші 
сыңарындағы «ақ» сөзі тура мағынасында «аппақ, шаңқай, таза» деген мағынаны білдірсе, 
«шағат» сыңары «шақат» сөзінің дыбыстық тұрғыдан сәл өзгеріске түскен нұсқасы – 
«ащы соры шығып жататын, өсімдік нашар өсетін жер». Демек, «Ақшағат» – «аппақ боп 
шаңқиып, соры шығып жататын жер» деген мағынадағы атау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет