25
«Мойынты» атауы, «мойнақты, тік асулы тау немесе өзен арнасының жіңішкерген
жері, иіні» деген мәнге ие екені байқалады.
Надырсор – Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданындағы көлдің аты.
Нәдір – арабтың
«сирек, қалаулы» деген мағына беретін сөзі, кісі есімінде қолданылады.
Толағай – тау, биік. 550,4 м. Жаңаарқа ауд. Қарағанды обл. Құрамында «
толағай»
(тологой/толгай/толгой) сөзі бар топонимдер монғол, бурят тілдерінде де кездеседі.
Мәселен, Баян-Толгой, Лам-Тологой, Бурят
республикасында Чулун-Толгой, Ундэр-
Толгой тау аттары бар. Монғол тілінде
толгой – «бас»
мағынасын білдірсе, топоним
ретінде «төбе, шоқы» дегенді білдіреді. Ғ.Қонқашбаев тіліміздегі «
толағай» сөзін монғол
тілінен енген «шоқы, жеке тұрған биік тау», – деп білген.
А.Әбдірахманов бұл пікірді мақұлдаса, Е.Қойшыбаев: «Толағай – «түркі тілд. толу,
қаз. арх. толы – ғай – прогрессивті ассимиляция түріндегі сөз», – дегенді айтады. Демек,
«Толағай» – «шоқы, жеке тұрған биік тау» деген мағынаны білдіреді.
Ұшпа – тау, Жаңаарқа, Ұлытау ауд-да, Қарағанды обл. Бұл атау
ұш (түбір етістік) +
па (етістіктің зат есім тудыратын жұрнағы) тұлғаларының бірігуінен жасалған.
Г.Сағидолдагийннің атауды талдай келіп: «
Ұш – «биікке
көтерілу, самғау», түрк.
уч –
«шың», қарақалп.
уша – «қызар, шың», алт.
учар – «өзен жағасындағы өте биік тау»,
«ұшар/учар» сөзі – (туынды етістік) – «биікке көтерілу, ұшу, самғау + ар (көсемшенің
жұрнағы) тұлғаларынан жасалған», – деген түйіні нанымды шыққан.
Демек, Ұшпа атауының мағынасы «биік, асқақ тау» дегенді білдіргендей.
Достарыңызбен бөлісу: