Өлкетану бөлімі Ө Ө л л к



Pdf көрінісі
бет47/51
Дата23.01.2023
өлшемі0.79 Mb.
#468619
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
toponimkaz

Ноғайсай – Қарағанды облысының Ұлытау ауданында Ноғайсай аталатын құрғап 
қалған өзен, сай бар. Бұл атау белгілі этнонимнен, халық атынан қойылған. 
Нөгербек – Қарағанды облысының Ұлытау ауданында Нөгербек (Нөкербек) дейтін 
өзен бар. Монғол тілінде «нөкер» деген сөз «жолдас», «дос» деген мағына береді, оған бек 
сөзі қосылып, кісі есімі жасалған да, ол өзен атына ауысқан. 
Ожырай – тау аты (Солтүстік-Батыс Ұлытау). Қаз. (етістік) «оқшалану, бөлектену» 
мәніндегі атау. 
Райымбек – өзен. Қазақтың белгілі батырының есімі (антропоним). Райымбек 
жоңғарларға қарсы соғысқа он жеті жасында қатысып, батыр аты сонда шығады. 
Рысбай – Қарағанды облысының Ұлытау ауданында Рысбай бұлағы бар. Рысбай 
атауы көне түркі тілдерінде, Орхон-Енисей жазбаларында кездесетін Ырыс сөзінен 
жасалған. Бұл сөз орыз, ораз, рыз формаларында да қолданылып, «бақыт» деген мағына 
береді. Ырыс сөзі мен бай терминінің бірігуімен Ырысбай деген кісі есімі жасалып, одан 
бұлақ атына ауысқан. 
Сарт – Ұлытау ауданында Сарт деп аталатын бұлақ, жылғалар ағады. Бұл атау 
өзбектердің ежелгі отырықшы бөлігінің ескі атауы. В.В.Бартольдтың айтуына қарағанда 
бір кезде түркі халықтары үндінің «саудагер» сөзінің түбіріне «сарт», «сартақ», 
«сартауыл» деген атаулар қолданған. 


48 
Тасты – Ұлытау өңіріндегі көне мекен орны (соның қалдықтары). Қаз. тас сөзіне 
–ты жұрнағын жалғау арқылы жасалған атау. 
Татаркөл – Қарғанды облысының Ұлытау ауданындағы көл Татаркөл деп аталады. 
Татар – Татарстанда және тағы басқа мемлекеттерде тұратын халықтың, ұлттың аты екені 
белгілі. 
Ғалымдар татар этнонимінің шығу тегі жайлы әр түрлі топшылаулар жасайды. Бір 
жорамалда Татар аты Жошының немересі – Буваладан туған Татар ханның есімімен 
байланыстырылса, екіншісінде татар сөзі тат – (басқа, жат елден, жат рудан, «ерікті 
әскер» деген мағынада) және – тар деген көптік жалғауынан бірігіп (тар+тар-татар) 
жасалған атау деген пікір айтылады. Тағы бір жорамал бойынша бұл этноним тата-р 
(«хитрый», «своенравный») деген сөзден қалыптасқан деп қаралады. Татар этнонимі 
Махмуд Қашқаридің сөздігінде де кездеседі. Алайда бұл этнонимнің мән-мағынасы, 
этимологиясы әлі толық ашыла қойған жоқ. 
Ұлытау – Сарыарқаның оңтүстік батысындағы ұсақ шоқылы, аласа таулы жер. 
Орташа биік. 400-600 м., орта бөлігі 800-1000 м., ең биік тұсы 1134 м. Гранит 
жыныстарынан пайда болған тау. Етегіндегі жазықта қарағай және басқа ағаштар қалың 
өседі. Ұлытау – село, аудан орталығы. Елді мекен іргесі 1846 ж. станса ретінде қаланған.
Көне түркі жазба ескерткіштері сөздік қорында «ұлығ» тұлғалы сөздің «үлкен, ұлы, 
күшті биік, өте» іспеттес бірнеше мағыналары бар. Бұлардың қай-қайсысы болса да мына 
әңгіме болып отырған тау атауына сәйкес келмейді. 
Ертедегі түркі тілдерінде бұл көрсетілген «ұлығ» сөзінен басқа «ұлық» дыбыстық 
құрамда айтылатын тұлға да бар. Оның беретін мағынасы; бірде – «шоқтық», кейде – 
«ескі, тозған». Осындағы «Ұлық»-тың бірінші мағынасы «тау» сөзімен тіркесіп, «Ұлық 
тау» болып, сол кездегі түсінігі «шоқтық тау» дегенді ұғындырып, бері келе, біріккен сөз 
кіріге келіп, «ұлытау» қалпында тұрақтауы нанбайтын нәрсе емес. 
Ал монғолдарша – «илүү», қалмақ тілінде – «үлү» сияқты сөздер біздің тілімізде – 
«артық, жоғары» түсініктермен мәндес. Тегіс, жазық жер деңгейіне қарағанда, төбе, 
шоқылардың жоғары, артық болып көрінетінін ескерсек, «илүү» немесе «үлү» сөздері 
арқылы да «Ұлытау» атауы қалыптасуы шындыққа жуық. 
Ең соңында, тунгус-маньчжур тобындағы тілдердің бірқатарында «ала» сөзінің қазақ 
тіліндегі – «аласа, төбе» мағыналары орнына жұмсалатындығын байқаймыз. 
Қорыта айтсақ, «Ұлытау» атауы қазіргі түсінігіміздей «биік, үлкен тау» дегенді 
білдірмейді. Оның ертедегі тұлғасы «ұлық тау» немесе «ала тау» қалпында тіркесіп, 
тұңғыш мағынасы – «шоқтық тау», «аласа тау» сияқты ұғымға мегзеген. Келе-келе «ұлық 
тау» немесе «ала тау» дыбыстық өзгерістерге душар болуы нәтижесінде қазіргі кездегі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет